- Учителю
- Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы: « Көңілді көжектер мен қонжықтар»
Мақсаты: Жабайы аңдар,дене мүшелері туралы түсінік беру.
Мейірімділік сезімге тәрбиелеу
Санау ұғымдарын(көп,аз) білімдерін кеңейту,баланың танымдық
қабілетін дамыту және ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Көрнекі құрал-жабдықтар : көжектер,қонжықтар, түсті
таспалар,сәбіз,құлпынай суреттері,жолақша, , интерактивті
тақта,қуыршақ театры.
Әдіс -тәсілдері: Фребель таяқшалары, ойын технологиясы, ақпаратты
технология, қуыршақ театры.
Билингвалды компанент: көжек-зайчонок,қонжық-медвежонок
Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іc- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қол ұстасып тұрайық
Күлкімізді сыйлайық
Қошеметте,бізге керек
Күн өтеді керемет!
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қонақтарға жүрегімізден
шыққан жылы лебіздерімізді білдірейік: Балалар шаттық шеңберіне
тұрып өлең жолдарын қайталап,қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп,
гүл шоқтарын кішкене жүрекшеге қыстырғыштар арқылы қыстырып
ұсынады.
Ұйымдастырушылық
-іздестіру
Рефлексиялық -түзетушілік
Ғажайып сәт
Балалар кімнің дауысы естіледі?
Сол кезде қуыршақ театры арқылы балаларын іздеп жүрген аю мен қоян
шығады. Олар балалардан қонжықтары мен көжектерін сұрайды.
Интерактивті тақтадан тәрбиеші қонжық пен көжекті тауып көрсетеді
.
Балалар қонжықтар нешеу?
Көжектер қанша?
Билингвалды компанент: көжек-зайчонок, қонжық-медвежонок
.Қонжықтар мен көжектер адасып қарындары ашып,тоңып қалыпты.
Олардың аналарына балаларын тауып алғанымызды айтайық. Оларды
шақырайық.
Аю мен қоян бара алмайтындарын айтады. Себебі оларды қолтырауындар
жібермей тұр екен.
.Сендерден көмек сұрайды. Көмектесе аламыз ба?
. Олай болса қолтырауындардың тапсырмаларын орындайық.
1 тапсырма «Қандай көжек»
Қояндар қанша?
Көзі қандай? Нешеу?
Құлақтары қандай? Нешеу?
Аяқтары қандай? Нешеу?
Құйрығы қандай? Нешеу?
Нені жақсы көреді?
Балалар қараңдаршы қонжықтар тоңып қалған сияқты. Олай болса бізге
қолтырауынның тағы тапсырмасы бар екен.
2 тапсырма.
«Қонжықтарға үй тұрғызайық»
Мақсаты: Саусақ моторикаларын дамыту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін
арттыру.
Балалар Фребель таяқшаларымен қонжыққа үй тұрғызуды тапсырамын.
Балаларға қонжықтың үйін тұрғызудың жолын алдымен көрсетіп беремін.
Сергіту сәті
«Түрлі түсті таспалар»
Балаларға түрлі түсті таспалар таратылып беріледі.
Біздің алаңқайда екі жол бар,қызыл және көк түсті.Қызыл таспасы бар
қояндар қызыл жолға,көк таспасы бар балалар көк жолда секіріп
ойнайды.Олар сендермен бірге ойнағысы келеді:
Таспалар сиқырлы ортасына қолымызды тигізсек әндете жөнеледі. Енді
балалар бос қайтпай біз оларға сүйікті астарын жинап берейік.
Қолтырауындардың
3 тапсырмасы
«Қонақтарды сыйлаймыз» деп аталады.
Балалар қонжықтар мен көжектердің қарындары ашып қалыпты ,жаңа
жинап берген сүйікті астарымен тамақтандырайық.
Сендер енді қанша құлпынай,қанша сәбіз
бергендеріңді санап беріңдер.
Сұрақ: құлпынай көппе, сәбіз көппе?
Қайсысы аз?
Қорытынды :Сұрақтар қойып тақырыпты қорытады.
-Бізге нелер қонаққа келді?
-олар нелер
ді іздеп жүр екен?
-Балалар біз не істедік?
Енді балалар аю мен қоян сендерге риза болғаны сонша «Қонжықтың
апталығы» деген таспа ұсынады. Біз оны бос уақытымызда
тамашалаймыз.
Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін аяқтау.
Тәрбиеші балалармен бірге шкафтың ішін,үстелдің астын іздейді, таба
алмайды.
-үшеу
-төртеу
Балалар қайталап айтады.
Балалар көжектер мен қонжықтарды санайды.Оларды салыстырады.
Қонжықтар аз,көжектер көп екенін айтады.
-иә,көмектесеміз,тапсырмаларды орындаймыз.
-біреу
-қыли.көзі екеу
-ұзын,екеу
-ұзын,төртеу
-қысқа,біреу
-сәбізді жақсы көреді.
Балалар Фребель таяқшаларынан қонжыққа үй тұрғызады.
Балалар таспаларды алып тиісті тапсырмаларды орындайды.Оларға
құлпынай мен сәбіздерді себеттеріне салып жинайды.
Балалар жолақшадағы қонжықтарға себеттегі құлпынайларды,көжектерге
сәбіздерді орналастырып оларды санайды,қайсысы көп ,аз екенін
айтады.
-сәбіз көп, құлпынай аз деп жауап береді.
-аю,қоян
-балаларын іздеп жүр.
Оларға көмектестік.
Балалар аю,қоянмен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек «көп» «аз» ұғымдарын түсініп, заттарды санына қарай
салыстыруды,орналастыруды біледі
Нені игереді Жабайы аңдар,дене мүшелері туралы біледі,оларға
мейірімділікпен қарауды
Нені біледі Санау,салыстыру,қанша,неше ұғымдарын түсінеді