- Учителю
- Менің сүйкімді ойыншықтарым (Технологиялық карта)
Менің сүйкімді ойыншықтарым (Технологиялық карта)
Келісілді. Әдіскер: _________________________
«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Өткізілген уақыты: 03.11.15ж
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Ойыншықтар:
Мақсаты: Білімділік:Өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп әңгімелеп айтып беруге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін бекіту.
Тәрбиелік: Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу
Алдын -ала жүргізілетін жұмыстар:Ойыншықтар дүкеніне саяхат,мазмұнды рөлді «Дүкен»ойынын ұйымдастыру.
Әдіс - тәсілдер:Сөздік,көрнекілік,ойын,сұрақ-жауап.
Қажетті құрал - жабдықтар:Жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаштар,құрастыруға арналған материалдар.
Сөздік жұмыс: Ойыншық, қуыршақ.
Қостілділік компонент: Ойыншық-игрушка, қуыршақ-кукла.Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Жылулық шеңберіне жиналу.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік
Балалар шаттық шеңберін құрып,өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушы
лық
-ізденушілік кезең.
Балалар, қалай ойлайсыңдар ойыншықты кімдер жасайды?
Балаларды екі орталыққа бөліп,
бірінші орталықтағы балаларға машина,қуыршақ,кірпі,күшік,робот,автобус,құрылыс материалдары,т.б.әртүрлі материалдардан жасалған ойыншықтардың ішінен өзіне ұнаған ойыншықтың біреуіне сипаттама жасауды,екінші орталықтағы балаларға ойыншықтарға арнап үй құрастыруды тапсырады.
Екі орталықта жұмыс істеген балалардың жұмыстарын қадағалап,
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ,
Сол аяқ жаттығу оңай-ақ.
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Алақанды ұрайық.
Дәптермен жұмыс
Балаларға дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіру.
-Біз жасаған жоқпыз, қуыршақты барлық ойыншықтарды жасағандай арнайы зауыт, фабрикаларда үлкен ағалар мен тәтелер пластмассадан жасайды.
Бірінші орталықтағы балалар өздеріне ұнаған бір ойыншыққа зерттеу жүргізіп, сипаттап
( қандай ойыншық, қандай материалдан жасалған, онымен кімдер ойнайды т.б.)
береді.
Екінші орталықтағы балалар ойыншықтарға арнап үй құрастырып, соңынан барлық құрастырған үйлерді біріктіріп қалашық (городок) жасайды.
Балалар қимылмен орындайды.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Іс - әрекетті бағалау кезеңі
-Балалар, бүгін біз не туралы білдік?
-Сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.
Біз бүгін ойыншықтар туралы білдік.
Ия, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Нені үйренді: Ойыншықтардың көлемі,түсі,материалы жағынан алуан түрлі болатынын,бір ойыншықтың бірнеше материалдан жасалуы мүмкін екендігін,ойыншықтарға зер салып,әрекет ету жолдарын.
Қандай түсініктерді игерді:Ойыншық түрлері,олардың жасалу жолдары,оларды жасайтын адамдар туралы әңгімелеуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Өздеріне ұнаған ойыншықтарды зерттеу арқылы зерттеу жүргізудің қарапайым тәсілін,ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен,жанашырлықпен қарауды,достарымен ойыншықтарды бөлісіп ойнауды.
Тәрбиеші: Утепова С.А.