7


  • Учителю
  • Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)

Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ынтымақты отбасы» спорттық жарыс

Мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.





Көрнекілігі: Шарлар, грамоталар.

Керек құралдар: Кішкене шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, үлкен доптар, скакалкалар.

Жүргізуші:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін екі отбасы арасында «Ынтымақты отбасы» спорттық жарысты ұйымдастырып отырмыз.



Жүргізуші:

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Отбасыларымызды шақырамыз.

( Музыка ойнап тұрады)

1. Тілепбергеновтар отбасы

2. Теміржановтар отбасы

Жүргізуші:

Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.





1.№30 «Ұрпақ» МДҰ меңгерушісі Капина Р.К.



2.№30 «Ұрпақ» МДҰ әдіскері Бисенова Р.Т.



Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.

Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік гимнмен бастаймыз (гимн орындалады)





Жүргізуші:

Сайысымыз 5 турдан тұрады.

1 тур. Үй тапсырмасы

шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 2 минут, өздері үйден дайындаған таңертеңгілік жаттығуды көрсету,музыкамен)





Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)

2 тур. «Сегіз аяқтылар» сайысы

Шарты: Әкелері бірінші анасының, екінші баласының аяғынан ұстайды, аналар мен балалары қолдарымен жүреді, қайтарда жүгіріп келеді.

Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)

3 тур « Мергендер» сайысы

Шарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«Шарды жару»,

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!





















4 тур «Кім епті?

Кедергілерден жүріп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керек

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)

5 тур «Жүгіреміз де секіреміз»

Қолданыс табатын заттар: 2 волейбол добы, 2 обруч, 2 скакалка ( әрбір командаға бір бірден).

Екі тізесімен әкелер допты қысып, жерде жатқан обручқа дейін жетуі тиіс, оған жеткен соң допты қойып, скакалкамен секіріп келу керек, қайтарда жаттығуларды қайталап допты анасына , анасы баласына береді, бірінші болып мәреге жеткен бала жеңіске жетеді.

Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)















Марапаттау рәсімі! (Арнайы сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды).

Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген

























- дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Ынтымақты отбасы» спорттық жарысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!





Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)









Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ) Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)Спорттық жарысЫнтымақты отбасы(Ортаңғы топ)







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал