- Учителю
- Сабақтың тақырыбы Тәуелсіз елдің ұланымыз!
Сабақтың тақырыбы Тәуелсіз елдің ұланымыз!
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№32 «Ақ шағала» балабақшасы
Есибаева Мерует Каскирбаевна
I-санатты тәрбиеші
Білім беру саласы: «Қатынас» «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: Тіл дамыту, көркем әдебиет
Тақырыбы: «Адасқан көжекке көмектесу»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа үйрету. Сәлемдесу, сыйластыққа, қамқорлыққа, құрмет көрсету үрдісін меңгерте отырып, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Балалардың дағдыларын тереңдету.
Дамытушылығы: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сыйластыққа, қамқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, қорыту.
Көрнекілік: Топты орманмен жасақтау, кедергілер, қоян бейнесі.
Ұйымдастырушылық қозғаушы кезең
Шаттық шеңбер
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік халайық!
Тәрбиеші:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
-Қыс мезгілі
Тәрбиеші:
-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
-Қыс мезгілдерін қалай атаймыз?
-Қыс мезгілдерінде қандай өзгерістер болады?
Балалар:
-Қыс мезгілі үш айдан тұрады
-Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
- Күн салқын болады, қар жауады, адамдар жылы киімдер киеді.
Есік қағылады:
- Балалар біреу есік қағып тұрған секілді. Бұл кім екен?
Есіктен қоян кіреді, балалармен сәлемдеседі.
Қоян : Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: қоянға таңырқай қарады.
Тәрбиеші: Қоян қайдан келесің,қайда барасың?
Қоян: Мен орманнан келемін, менің көжегімді көрген жоқсыңдарма?
Мен көжегімді іздеп шықтым, маған көмектесесіңдерме?
Тәрбиеші: Балалар, көмектесеміз бе? Ендеше көжекті іздеуге жолға шығайық.Ол үшін көптеген кедергілерден өтуге тура келеді. Бірігіп іздеуге шығайық. Балалар мұнда ізді көрдіңдер ме? Бұл ненің ізі, балалар бұл көжектің ізі екен.
-Көжекті бұл ізбен тауып алайық.
Ой, балалар үңгірге тап болдық. Бұл үңгірден бұғып өтуіміз керек. Алдымызда өзен ағып жатыр, тасты басып өтуіміз керек. Мына жерде ирелеңдеген жолмен орманға кіреміз.
Тәрбиеші:
-Балалар, біз қайда келдік?
Балалар:
-Орманға келдік
Тәрбиеші:
- Ал, орманға не үшін келдік?
Балалар:
- Қоянның көжегін тауып беруге келдік.
Тәрбиеші:
- Біздің іздеп жүрген көжек, бір жерде тығылып отырған болар.
- Кәне, іздеңдерші.
Сабыржан.
Балалар көжекті таптым.
Қоян көжегіңді ала ғой.
Тәрбиеші:
-Балалар, көжекті іздеп, шаршаған боларсыңдар,кел орман ішіне демалып отырайықшы.
-Балалар, қоян мен көжектің көңілін көтерейікші. Осыларға арнап қандай тақпақ білесіңдер?
Ақерке.
Ақ қоян-ау, ақ-қоян
Үркек қоян, сақ қоян
Қаша берсең орманға
Қорқағым деп ат қоям.
Жайсаң.
Шым-шытырық жолдармен
Қоян қашты омбылып
Қоян жеңіл болғанмен
Ауыр еді жол бірақ
Саяжан.
Көлеңкесін күн шалды,
Қашты көжек секеңдеп.
Тасалады шыршаны,
Жаным қалар ма екен деп.
Толғанай.
Қоянның көжегі,
Сыбдырды сезеді.
Өскен соң ол дағы,
Көп жерді кезеді.
Аида.
Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалды сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Тәрбиеші:
Қоян қуанады.
-Балалар, сіздерге көп рахмет, менің іздеп жүрген көжегімді тауып бердіңдер. Енді біз орманға кетейік.
Тәрбиеші:
Қоян сіздерге риза болды. Себебі көжегін тауып беруге көмектестіңдер.
Қоян:
- Ал, енді келген жолымызбен қайтайық
Балалар:
Қош бол қоян.
Тәрбиеші:
-Балалар, бізге не келді?
Балалар:
- Қоян келді.
Тәрбиеші:
-Біз қайда бардық?
Балалар:
- Орманға бардық.
Тәрбиеші:
-Балалар, біз неге көмектестік?
Балалар:
- Қоянның көжегін тауып беруге көмектестік.
Тәрбиеші:
- Ал, қоян мен көжек қалай секіреді, қане көрсетейікші.
Балалар , біз қоянға көмектесіп қамқорлық жасадық. Осылай бір-бірімізге қамқорлық жасап қиын кезде көмек беруіміз керек.
Күтілетін нәтиже:
Болу керек: Қоянның іздері арқылы көжекті таба білді.
Білу керек: Табиғат мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту. Қоян орманда тіршілік ететінін біледі.
Қолынан келуі: Көжектің іздері сөінің мағынасын түсінді.