- Учителю
- Ұйымдастырылған оқу қызметі Қайдан келдің, бауырсақ?
Ұйымдастырылған оқу қызметі Қайдан келдің, бауырсақ?
Саласы: Әлеументтік орта
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы «Қайдан келдің Бауырсақ
Мақсаты:
а) Адамдардың көктемдегі еңбегімен таныстыру.
б)Еңбектің қарапайым дағдылары мен баланың қиялы мен шығармашылығын дамыту.Зерттеу жасауға қызығушылығын тудыру.
Көрнекі-құралдар: ,топырақ,су,екіыдысқа салынған бидай дәні (біріншісі суға салынған екіншісі құрғақ)
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Слайд, топпен жұмыс, сұрақ -жауап
Оқу іс -әрекетінің барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды бауырсақ сары түс дөнгелек пішінмен, ұн ақ түс үшбұрыш пішінмен,бидай қызғыл сары сопақша түсті пішіндер арқылы топқа бөлу.
Шаттық шеңбері
Күнің көзі ашылды
Күн шуаққа шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Сәлеметсіздер ме.
Тәрбиеші: балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктем мезгілінің айларын кім маған айтып береді екен .Айсана : Наурыз, сәуір ,мамыр
Тәрбиеші : Көктем мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
Айсана: Ағаштар бүршік атады ,құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Тәрбиеші :Ендеше көктем туралы өткен тақпақтарымызды қайталап өтейік.
Үш топтан бір баладан шығып тақпақ айту.
Жасыл көктем келеді Бүршік жарып жапырақ
Самал беттен өбеді даланы гүлдер басады
Көкте бұлтар көбейсе көптен күткен көктем кеп
Мөлдір тамшы төгеді. Құлпырып дала жайнаған
Көктем келді шуақты
Балаларды қуантты
Алақай-ау ,алақай
Құстар сайрап, бақтар
Жайнап гүл атты.
Тәрбиеші:Балалар,мына бейнелерге назар аударайық. Адамдар қандай іс пен айналасып жатырғандығы туралы түсіндіре отырып сұрақтар койып балалардың ойларын сұрау.
Тәрбиеші: трактор қандай жұмыс атқарып жатыр?
Бала: Жерді жыртып,тегістеп жатыр .
Тәрбиеші: Жерді не үшін жыртып,тегістеді?
бала: бидай себу үшін.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар,адамдардың көктемдегі жер жыртып, тұқымдар себу жұмыстары атқарылады және оларды жаз бойы баптап зиянкестерден, құртқұмырысқалардан,торғайлардан сақтап, суарып ,арам шөбін жұлып уақытылы қарап баптайды. Сөйтіп біраз уақыт өткен соң бидайды ору уақыты басталады.
Тәрбиеші: Егінді немен орамыз балалар.
Бала: Егінді комбайынмен орып жинап алады.
Тәрбиеші: Кімдер орады.
Бала: Егіңші орады.
Бірінші бойымызды сергітіп алайық :
Сергіту сәті
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Ғажайып сәт Есік қағылады.Балалар,бізге қонаққа Бауырсақ келіпті,амандасайық балалар.
Балалар: Сәлеметсіндер ме.
Тәрбиеші:Төрлетіңіз бізбен бірге болыңыз.
Айсана қуыршағымыз бауырсақтан қайдан келгенін сұрап бере қойсын.
автор: Дастарханда шашылып,
Жатты қызғылт бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қуыршақ тұрып көзін сап.
қуыршақ:Қайдан келдің Бауырсақ?
бауырсақ:Дүкеннен келдім нан сатқан.
қуыршақ: Дүкеге келдің қай жақтан?
бауырсақ:Наубайдан келдім нан жапқан.
қуыршақ: Наубайға келдің қай жақтан?
бауырсақ: Диірменнен келдім үн тартқан.
қуыршақ:Диірменге келдің қай жақтан?
бауырсақ: Даладан келдім-жан-жақтан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Нан: Арғы тегім- ақ бидай,
Тәттімін,жеп көр,бақшимай!
Жесең өзің байқарсың,
Рақмет айтарсың.
Тәрбиеші: Рахмет балалар,біз енді нан қандай еңбекпен келетінің білдік.
Ди-лық ойын «Суретті ретімен орналастыру »
Ашыған бауырсақты көрсету.
Тұз, ашытқы, су, екі жұмыртқа осыларды араластырып майға пішіреміз.
Ұнан жасалатын тағы қандай тағамдарды білеміз торт, печение, нан, тб.
Пішкен бауырсақты көрсету түсі, пішіні , дәмі туралы сұрау.Жарайсыңдар балалар .
Тәрбиеші : Жарайсыңдар! Ендеше біздер зерттеу жүргізейік (бір ыдыс тұр ішінде суға салынған бидай бар). Қағазда құрғақ бидай.
Бір ыдыста бидай суға салынған,ал екінші құрғақ бидай енді салыстырып көрейік,айырмашылығы неде?
Балалар: Судағы бидай жұмсақ, қағаздағы құрғақ, судағы бидай тез тамырланады.
Тәрбиеші:Дұрыс балалар,біз осы тамырланған дәнекті жерге егіп,суарайық,
Балалар: Балалар,дәнектерді топыраққа сеуіп,суарады.
Тәрбиеші: (балдардың аттары жазылған қағаздарды жапсырту)
Балалар енді біздер нан туралы ырым тиымдарды мақал мәтелдерді кім біледі есімізге түсірейік.
Нұрасыл: Нан тамақтың атасы,
Ынтымақ көптің батасы
Дамир: Нан бар жерде ,ән бар. Дәнді шашпа, нанды баспа
Жасұлан Нан -ардақты адал ас
Кәрі жас одан аттамас.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі оқу іс-әректіннен не үйрендік, небілдік. Топтағы балаларды бір-біріне бағалату, және мадақтап конфетпен бағалау .
Ақтөбе қаласы
№ 57 жалпы білім беретін орта мектебінің жанындағы шағын орталық
Ашық ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
Тақырыбы: «Қайдан келдің бауырсақ»
Тәрбиеші : Тулеуова Б.Д
2016ж