7


  • Учителю
  • ҰОІӘ: Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл - көсір

ҰОІӘ: Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл - көсір

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№54 негізі мектебі











Мал өсірсең, қой өсір,

пайдасы оның көл - көсір.







«Абылай» шағын орталығы





Дайындаған: Кулшанбаева Г.М.

















Ақтөбе 2014







Мал өсірсең, қой өсір,

пайдасы оның көл - көсір.



Мәселе: Қойдың адам өмірне тигізер пайдасы қандай? Қазіргі кездегі мал шаруашылығының күй-жайы?



Мақсаты:

Балаларға үй жануарлары, оның ішінде қойдың адам өміріндегі қажеттілігі мен оларды өсірудің маңыздылығын түсіндіру. Қой туралы білімдерін қайталап пысықтау. Ұлтымыздың асыл мұрасы қолөнермен таныстыру. Үй жануарларына деген танымдық қызығушылығын арттыру және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.



Міндеттері:

  • қойдың жасына сәйкес атауларын білу;

  • қойдан алынатын өнімдермен таныстыру;

  • қойдың қоректенетін өсімдігі және жайлылымымен таныстыру;

  • қой малына сәйкес мақал-мәтелдер, тақпақтар үйрену;

  • халық болжамдарымен таныстыру;

  • қой атауларына байланысты өсімдіктермен, ою түрлерімен таныстыру;

  • қолөнер бұйымдары арқылы эстетикалық талғамына сай еңбекке баулу;

  • ойын арқылы балалардың білімдерін тиянақтау;

  • зерттеу арқылы балалардың білімін тереңдету.



Сөздік жұмыс:

Шопан ата, отар, қозы, қошақан, қошқар, саулық, көбеген, көпей, марқа, бағлан, тоқты, тұсақ, ісек, құнан, дөнен, пұшайт-пұшайт, текемет, киіз, ши, арқау, өрнек, қойбүлдірген, қозықұйрық, раң, селеу, жусан, ажырақ, жоңышқа, қойжелкек.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де - сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Әдеппенен біз.

Суретпен жұмыс:

  • Балалар мына суреттен не көріп тұрсыздар? Суретте не бейнеленген? (Қой суреті)

  • Дұрыс айтасыздар балалар, біздің ауылымыз мал шаруашылығымен айналысады. Міне, суреттерден қараңдаршы. Қандай тамаша әдемі қойлар?!

  • Қойдан басқа тағы қандай төрт түлікті білесіңдер?

  • Төрт түлік малды кім айтып береді? (Қой, сиыр, түйе, жылқы).



Тәрбиеші: Балалар сіздерге ата-аналар көмегімен төрт түлік малдың ішінен қой туралы мәлімет жинақтау тапсырылды. Ендеше, бүгін біз сол жинаған мәліметтерді қорытындылап, өз білгенімізді ортаға салайық.

Балалар барлығымыз тақтаға назар аударайық.



Бұл - Шопан ата, қойдың пірі.

Қамбарата - жылқы пірі.

Ойсылқара - түйе пірі.

Зеңгібаба - сиыр пірі.



Тәрбиеші: Динара, мен саған қойдың түрлері туралы мәлімет жинауға тапсырма берілді, жинап, дайындаған мәліметтеріңді айта ғой.



Динара:

  • Қойдың пірі - Шопан ата.

  • Қозы, қошақан - қойдың жас төлі,

  • Көбеген - төл басы, ерте туған қозы,

  • Көпей - кеш туған қозы,

  • Марқа - қозының марқайған кезі,

  • Бағлан - семіз марқа,

  • Тоқты - жасы алты айдан асқаны,

  • Тұсақ - жастан асқан аналық,

  • Құнан қой - үш жастағы қой,

  • Дөнен қой - төрт жастағы қой,

  • Қошқар - аталық.

  • Саулық - аналық қой.



Тәрбиеші: Жарайсың, Динара, жинаған мәліметің өте қызық екен. Енді маған қойдың қандай шөп жейтіні жайында Асыл айтып берсін.



Асыл: Қойды пұшайт - пұшайт деп шақырады. Көп қойдың тобын отар деп атайды. Отарда 500-дей қой болады. Қойды бағатын адамды «шопан» немесе «қойшы» деп атайды. Қойды жазда жайлауға бағады, қыста қыстауда ұстайды. Қой раң, селеу, жусан, ажырақ, жоңышқа сияқты шөптермен, өсімдіктермен қоректенеді.



Тәрбиеші: Рахмет, Асыл, сен де біраз мәлімет жинаған екенсің. Енді бізге қойдың қай уақытта төлдейтінін Жазира айтып берсін.



Жазира: Қой көктемде төлдейді, бұл уақытты халық «төлдем» деп атайды. (Слайдпен)

Тәрбиеші: Өте жақсы, Жазира, қой көктемде төлдейді екен, қазір күз мезгілі. Қойдың төлдейтін уақыты емес. Енді бізге Ләйла қойдан алынатын өнімдер туралы жинаған мәліметін айтып берсін.



Ләйла: Қойдың адамға тигізер пайдасы өте көп. Қойды жылына 2 рет қырқып, жүнін алады. Күзде қырыққан жүнді күзем, көктемде қырыққан жүнді жабағы деп атайды. Күземнен үйге төселетін текемет жасайды, қойдың жүнін бояп, бетіне ою-өрнек салады және киіз үйдің сүйегін жабатын киіз басады. Жабағы жүнді әжелеріміз түтіп, ұршықпен иіріп, жіп алып, одан кеудеше, қолғап, шұлық тоқиды.

Тәрбиеші: Ләйла қой жүнінен көптеген тұрмысқа қажетті өнімдер алынатыны туралы өте жақсы айтты. Ал енді терісінен қандай пайдалы өнімдер жасалатынын Әлия айтып берсін.



Әлия: Мынау менің атамның тоны. Оны қойдың терісінен жасаған. Теріні илеп, қыста киетін тон тігеді. «Тон, ол аязда еш суыққа тоңдырмайтын киім. Тонның жағасын қойдың бір түрі - қаракөлдің терісінен жасайды. Қаракөл - бағалы қой терісі.



Тәрбиеші: Жарайсың, Әлия, қой терісінің пайдасы көп екен. Қой туралы тағы кім не біледі?



Іңкәр: Қойдың 12 жілігі болады. Асықты жіліктен асық алады және жілік жанынан тесіп бесікке шүмек жасайды. Асықпен ойнатылатын асық ату, ханталапай сияқты ұлттық ойындарымыз бар.



Тәрбиеші: Балалар, енді маған қой малынан алынатын тағамдар жайында Сезім айтып берсін.



Сезім: Қойдың етін асып, ет жасайды, қуырып, қуырдақ дайындайды. Сүтінен ақ ірімшік алады, ұйытып қатық жасайды.



Тәрбиеші: Өте жақсы, Сезім, енді бізге Жанел өзінің қызықты мәліметін айтып берсін.



Жанел: Шығыс халқының жыл санауы бойынша қой - 12 жылдың бірі. Халық бұл жылды қой мінезіне де ұқсатады. Қой жылдары көбінесе жайлы болып, халық береке мен молшылыққа кенеліп отырған. (слайд)



Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, қой жылын халқымыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болады деп жақсы көреді. Тағы қандай қой жайында болжамдарды білесіңдер?



Асылзат: Қазақ мінезі жуас, көп сөйлемейтін адамды қой аузынан шөп алмас, жуас кісі дейді.



Тәрбиеші: Енді қой атауларына байланысты, ою түрлері бар екен, ол жөнінде бізге Толғанай баяндап береді.



Толғанай: Ою-өрнектер - халықтық қолөнер бұйымдары. Оны халқымыз сәндеу, әсемдеуге пайдаланған. Оларды хайуанаттар, жан-жануарлар және өсімдік белгілерімен, мүшелеріне ұқсатып тепе-тең орналасқан көркем өрісін бейнелеген. Қошқармүйіз оюы қазақ оюының ең көне түрі. Ол көшпелі тайпалардың тұрмысынан туған. Қошқардың мүйізінің ирегіне ұқсатып қошқармүйіз атаған. Қошқармүйіз оюы киіз бұйымдарында (текетмет, сырмақ) тоқымаларда, сондай-ақ былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарда кездеседі.



Тәрбиеші: Балалар киіз басудың жолдарын және тұрмыстық ұлттық бұйымдар жайында бейнекөрініске назар аударсақ.



Тәрбиеші: Жарайсың, Толғанай, ою-өрнек әсемдігімен көз тартады. Оларды киіз бұйымдарына (текемет, түскиіз) тоқыма бұйым (алаша, басқұр) қолданады екен. Ізденісің жаман емес.



Сергіту сәті: Қане балалар, бәріміз бірге «Қошақандар» өлеңін қосылып айтамыз.

Жайылыңдар кең жерге,

Тиіспейтін сендерге.

Су ішіңдер, қаныңдар,

Көкке тойып алыңдар.

Бұлақтарды кешіңдер,

Мықты болып өсіңдер!

Асыр салып ойнаңдар,

Өрісте қап қоймаңдар!

Тек сүзісе көрмеңдер,

Тентек лаққа ермеңдер.



Тәрбиеші: Балалар, енді осы қойға байланысты мақал - мәтел, жұмбақ, тақпақтарды айтып берсеңдер.



Аяжан: Қойың болмаса, байлықта ойың болмасын.



Нұрай: Қошқар болар қозының маңдайалды дөң болар,

Адам болар кісінің айтқан сөзі жөн болар.



Фариза: Қой астығы демеңіз, қолыңа жақса сақа тұт,

Жас кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт.



Альбина: Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)



Жанар:

Қошақанға шөп берсек,

Өс қошақан деп берсек,

Үлкен саулық болғанда,

Ірімшігін жеп көрсек.



Бекіту: Біз не үйрендік? Не білдік?

Сұрақ-жауап.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал