- Учителю
- Баяндаманың тақырыбы Жас ұрпақ тәрбиесі
Баяндаманың тақырыбы Жас ұрпақ тәрбиесі
«БАЛАБАКШАДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМЕН АДАМГЕРШІЛІК РУХАНИ САПАЛЫ ТӘРБИЕСІ</<font color="#c00000">»
Бұл мақалада балабақшадағы мектепке дейінгі баланың тәрбие мен білім берудегі адамгершілік пен рухани байлық, денсаулық тәрбиесінің негізгі міндеттері мен бағыттары жайлы қарастырылған.
В данной статье расматривается основные задачи и направления в воспитании нравственных , духовных качеств и физического воспитания дошкольников в детском саду.
In this article it is considered the main objectives and the directions in education of moral, spiritual qualities and physical training of preschool children in kindergarten.
«Жас ұрпақ тәрбиесі» - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың
бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын
мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор
еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы
Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы сондайдан білгені,
көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан
Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде
шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол
сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген
екен.[5] Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу,
пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсекеле бойға
сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін
қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшықеттер
күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың
үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде
танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық
сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады.
Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке
адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады.
Адамның дамуы дегеніміз - оның тегінде бар және туа біткен
белгілердің жайғана сандық көрінісі емес. Даму - бұл ең алдымен
айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып
жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының
қалыптасуы біртұтас процесс. 12 жылдық білім берудің қажеттілігі,
бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен
бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында
білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын
жетілдіруді көздейді. Балаларды мектепке дайындауда психологиялық
өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп,
оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту
мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен
қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің
қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының
салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер
ерекшеленеді: айнала қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін
түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну. Үшінші міндеті:
әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық пен
көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын
қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы,
өзін қоршаған орта мен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б.
қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Кез келген отбасы үшін баланың қуанышынан артық ешнәрсе жоқ екені
анық. Балалар жайы- еліміз үшін де басты мәселенің бірі. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Балапан»
бағдарламасының басты бағыты мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
ісін жан-жақты жетілдіре түсу қажеттілігі айтылған. Салауатты өмір
салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы
бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының
мақтанышы дені сау етіп өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алып
келу педагогтардың тікелей міндеті.[1]
Бүгінгі таңдағы біздің бар мақсатымыз, іс жоспарларымыздың барлығы
балабақшадағы тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай жасау, солардың
Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі
үшін күні бүгіннен бастап негізінің берік қалануына бас назар
аудару. Әрбір ісімізді балалардың болашағы үшін арнап отыруды
өзімізге басты міндет санаймыз.
Тәрбие мен баланың алғашқы дені- мектепке дейінгі тәрбие ошағында
беріледі. Бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып,
олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор
екені белгілі. Мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің
алдына қойған басты мақсат- баланың жас ерекшелігіне қарай балалар
тарихы негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені салт -дәстүрді бойына
сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету.
Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қарапайымдылық,
ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін
әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, салт дәстүрін , әдеп
-ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі бай, жаны таза адал жан
болуы керек.[7]
Тәрбиеші саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен
тәжірибиесін жан-жақты дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі
мекеме қабырғасынан басталады. Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы
негізгі мақсаттары: Денсаулық сақтау мен нығайту және деңгейін
көтеруде өз ағзаларындағы қорларын қолдану, баланың дамуында жеке
үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата- аналарды салауатты өмір салтына
араластыру.
Балабақшадағы әрбір тәрбиеші -педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді
әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық
біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа
технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі
тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге
танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас
бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі
бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не
көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын
ұстанып, көптеген ұйымдастырылған іс- шаралар ата-аналардың
қатысуымен өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен
отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау
жоқ. Сондықтан да балабақша ұжымы ата-аналардың балабақшада
өткізілетін түрлі іс- шаралар мен тәрбие ісіне қатысты тренингтер
мен ертеңгіліктер, сондай-ақ пікірталас сағаттарына қатысуларын
қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ
мәселелерді бірлесе отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын
басшылыққа ала отырып , « Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына
байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу
іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда.
Балабақша балаларының тәрбиесімен білімділігімен қатар
денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу
медбикенің бақылауы аясында өткізіледі. Осы білім саласы бойынша
дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа
технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, дене
бұлшық еттерін шынықтырып жетілдіруге, сондай ақ жылдамдыққа,
ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуге ықпалын тигізіп келеді.
Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі
аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы
сырқатқа айналуы да мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың , одан
сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су,
күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша өзгерістерді
жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни
оның ағзасын шынықтырады.
Атап айтар болсақ «Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау»
тақырыбына ата-аналар мен бірге балалар дәрігері қатысуымен
дөңгелек үстел өткізіліп, балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру
және қуаттандыратын дәрумендерді қолдану жөнінде кеңінен әңгіме
өрбітіп, ата-аналарға бағытты кеңестер бер ілді.
Кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп жасаған
әрбір іс-әрекеті арқылы олардың ептілікке , жылдамдыққа,
шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп келе жатқандығын айқындай
түсе , балалардың бір-біріне деген жанашырлығы, көмек қолын созуы
олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсуде екендігін
көрсетеді.
Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады.
Олар: жазғықұмда жаланаяқ жүру, суық сумен су құю, нүктелі
төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серундеу, шаңамен
сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа
төзімділігі мен қарсылығын арттыратыны анықталған. Қысқы ойын
түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар
бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды. Алдымен балалар ойнайтын ойын
аланың өздеріне жақсы таныс жануарлардың, ертегі кейіпкерлерінің
мүсіндерін жасап мерекеге сай безендіріп, жолдарды қардан тазартуға
белсене қатысып, сол күннен бастап мерекелік көңіл күйде жүреді.
Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар көбірек
ұйымдастыру , жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын
арттырары сөзсіз. Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр
ойымен түйіндеуге болады: «Ойын- өсіп келе жатқан бала
организімінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы
қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі ,
тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың
ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шындалады, ұстамдылығы
Мектепке дейінгі білім беру стандарты « негізгі үштік» яғни
ата-ана , бала, тәрбиеші арасындағы тығыз байланысты орнатуға
мүмкіндік беріп отыр. Ата- аналардың қатысуымен өткізіліетін
ойындар мен эстафеталық жарыстардың мақсаты баланың денсаулығын
жақсарту, спорттық ойынға деген қызығушылығын ояту, балалардың
бір-бірімен қарым -қатынасын нығайтып азамат болуға тәрбиелеу,
дене, аяқ- қол бұлшық еттерін шынықтыру, спортты сүюге тәрбиелеу.
Яғни күнделікті сауықтыру- шынықтыру шараларының қарапайым түрлерін
тереңдетіп күрделендіре отырып жүзеге асырылуда. Олар : ЛФК,
уқалау, физиоемдеу, фитошайы. Бұл шаралардың барлығы салқын тиюдің
алдын алуы. Осы сауықтыру- шынықтыру шаралары жүргізілген кезінен
ата-аналардың алғысы шексіз. Ал балалардың балабақшаға қатысуы
бүгінгі күні 90%-ды құрайды.
Балабақшаға жаңа қабылданған баланың ата-анасымен жүргізілген
түрлі бағыттағы, сауалнамалар алдағы даму баспалдағына бірлесе
жасаған қадамы деп айта аламын. «Бала не істей алады?», «Ата-ана
балабақшаға келгенше балаға не үйретеді?», «Енді бала не үйренуі
тиіс?» деген сияқты сауалдар шешімін тауып, отбасымен ынтымақтаса
жұмыс істеу үрдіске айналып отыр. Мақсат- тәрбие мен білім беруде
отбасыларды, ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен
оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластық, түсунішілік, бір
біріне деген шынайы сенімділік, терең қарым- қатынастарды
арттыру.[3]
Балабақша ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып, балаларының
балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс-
шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ата-аналар оқу әрекетіне қатыса
отырып, өз балаларын жан-жақты зерттеп танып, не толғандырып
жүргенін, не қажет екенін біле алады.
Балабақшада «Ашық есік» ұйымдастырылып, оқу іс -әрекеттері
көрсетілді. Осы іс шараға ата-аналар тек қана көрермен ретінде
қатысып қоймай, балалармен бірге түрлі логикалық сұрақтарға жауап
берсе, кейбір ата-аналар аңдар кейіпіне еніп рөлдерді сомдаса, ал
басқалары балалармен бірге құрастыру, жапсырмалау, мүсіндеу
жұмыстарын қалай жасау жолдарын үйреніп және балаларының бойынан
дарындылық, мейірімділік, ептілік қасиеттердің қалыптасқанын
аңғарды.
Балаға тіл мәдениетін игерту, баланың сәби шағынан іске аса
бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Тіл дамыту жұмысын тек
балабақшада дамытып қоймай, отбасында жүйелі жүргізу үшін ата
-аналарға баланың тілін түрлі дидактикалық ойындар арқылы дамытатын
жинақ кітапшаларын тараттық. «Қажетті суретті тап», «Формасы ұқсас
заттарды тап», «Нені қайдан алуға болады», «Жұмбақ ойындар» атты
дидактикалық ойындарды күнделікті өмірде, отбасында, тілі жаңа
шыққан баланы сөйлете білу, сөздік қорының көбейтуге қолдана білді.
Бала, ата-ана, педагог ынтымақтастығы нығайған сайын түсінісу де
жеңіл, пікірлесу де оңай, ең бастысы балаға тиімді екенін
байқадық.
Балабақшаның эстетикалық тәрбие жүйесінде мерекелік ертеңгіліктер
ерекше орын алады. Олар бала сезіміне әсер ету құралы ретінде өнер
мен көркемдік іс - әрекеттерінің түрлерін біріктіреді.
Балабақшалар тәжірибиесіне мерекелік ертеңгіліктерді өткізуге
белгілі бір көркемдік -педагогикалық талаптар қарастырылады. Онда
ең бастысы өнер туындыларының балаға тигізетін ықпалына баса назар
аударылады. Ертеңгіліктің тақырыбына және өткізіліп отырған жыл
мезгілін бейнелейтін көркемдік безендірулерге үлкен мән беріледі.
Егер ертеңгіліктегі балалардың іс- әрекеті, эстетикалық тәрбие
міндеттері туралы айтатын болсақ, онда олардың орындалу мәнерлігіне
тоқталу қажет. Мәнерлікке баланың көркем іс -әрекетінің түрлеріне
қажетті дағдыны үйренуі негізінде өзі орындалған өлендердің ,
тақпақтардың мазмұнына өз көзқарасын, белгілі бір көңіл күйін
білдіре алу мүмкіндігінің пайда болуы нәтижесінде қол жетеді.
Өлең айтуда мәнерлікке әуенді нақты орындаумен, таза біріккен
үйлесімді үндестікпен, тақпақ оқығанда дауыс екпінінің алуан
түрлігімен, жақсы мақаммен биде, қимылдың , музыканың сипатына,
музыкалық шығарманың қалыбына сай келуіне байланысты қол
жетеді.
Бейнелеу өнері- мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен
айналысатын іс- әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу,
мүсіндеу, жапсыру бала үшін әр қайсысы жеке өзінше қызықты. Бала
бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін білдіре
алады.
Я.А.Каменский, Ф.Фребель: «Сурет салу, мүсіндеу және түрлі
құралдармен айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау
қабілеттерін дамытады», деп айтқан.[6]
Сурет салу іс -әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда
болады. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес
әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады. Дәстүрлі
емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, манотопия, ылғал
бетте сурет салу, шыныда сурет салу, майшаммен, түрту, нүктемен,
саусақпен т.б. Дәстүрлі емес әдіс-тәсәлдерді пайдалану ойлау
қабілеттерін, қиялын, шығарашылық қабілеттерін дамытады.
Ойын- баланың жетекші іс-әрекеті. Ойынды тәрбиелеу және дамыту
құралы ретінде қолданады. Әсіресе дидактикалық ойындар мен түрлі
материалдар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Оқу
іс-әрекетінде ойын элементтерін тәрбиешіден аса біліктілік пен
шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Ойынға балаларды
қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін
танымнын білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен
мақсатына жете алады.
Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында
беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықылас пен мейірімділігінен нәр
алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала
бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі
де, тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор
екені белгілі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие
әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында « Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің
алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып
дамытатын орталық» делінген. [2]
Балабақшада өткізілген оқу -тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуін,
педагогтардың кәсіби біліктіліктерін шындау, олардың қаншалықты
ізденушілікпен, шығармашылықпен жаңа технологияларды қолдану
деңгейлерін анықтау, қажет болғанда әдістемелік көмек көрсету
мақсатында «Мониторинг айнасы» айдарында бақылау жұмысы
жүргізіледі.
Тәрбиешінің басты міндеті- бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені
сау, жан дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру. «Ел боламын
десен, бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі,
білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық.
Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ-
түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға
хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені
ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей
қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер
үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі
сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету
және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз»
-деген.[8]
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә // Егемен Қазақстан ,2 наурыз ,2006ж
2.«Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж.
3.«Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж.
4.«Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011ж.
5.«Ұстаздар ұясы» Павлодар 2004ж
6.«Мектепке дейінгі балалардың психологиясы» В.С.Мухина 1975,9
7.«Мектепке дейінгі білім» №1(7) қаңтар/ақпан 2007ж
8.«Мектепке дейінгі білім» №5(17) қыркүйек/қазан 2008ж
9.Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года
- Астана,2004