- Учителю
- Конкурс Жас суретшілер сайысы
Конкурс Жас суретшілер сайысы
«Жас суретшілер» сайысы
Тақырыбы: «Жас суретшілер» сайысы
Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Құрметті балалар, ата - аналар қонақтар! Бүгінгі «Жас суретшілер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1._________________________________________________
2._________________________________________________
3._________________________________________________
Бүгінгі сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1. «Таныстыру»
2. «Аппликациялық сурет»
3. «Өсімдіктерді құрастыр»
4. «Айырмашылығын тап»
5. «Шебер - фломастер»
6. «Жаз - керемет жыл мезгілі»
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Суретші балаларды шақырамыз.
І топ «Балдырған»
ІІ топ «Достық»
І. Таныстыру
Топпен таныстыру;
«Балдырған»
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.
«Достық»
Достық болсын әр елде,
Бақыт қонсын әлемге.
Тату - тәтті тұрайық,
Сәнді өмір құрайық.
ІІ. «Аппликациялық сурет»
Түрлі - түсті қағаздан балапан бейнесін жабыстыру.
ІІІ. «Өсімдіктерді құрастыр»
Бөлшектерге бөлінген өсімдіктердің бейнесі. Өсімдіктерді түр - түріне қарай құрастыру.
IV. «Айырмашылығын тап» Топ басшыларына тапсырма.
Екі топ басшыға сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет
V. «Шебер - фломастер»
Фломастерлермен суретті анық боляп шығады.
VI. «Жаз - керемет жыл мезгілі»
Балалар өз бетінше жаз мезгілінің бейнесін қағаз бетіне салады.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, - деп, сайысымыздың шарттары бойынша
қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз
әділқазыларға беріледі.
Балалар, жарайсындар! Бүгінгі сайысқа бәріңізде ат саласып қатыстыңдар.
Марапаттау рәсімі. (музыка әуенімен сайыс аяқталады)