- Учителю
- Сауат ашу және жазу. Тақырыбы: Әә әрпі мен дыбысы.
Сауат ашу және жазу. Тақырыбы: Әә әрпі мен дыбысы.
Білім саласы: Қатынас
Бөлім: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: Әә әрпі мен дыбысы.
Мақсаты:
1.Әә дыбысымен таныстыру. Ә дыбысыц бар сөздерге дыбыстық талдау жасату. Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.
2.Балалардың тілін , ой өрістерін арттыру.
3. Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас, саяхат сабақ.
Көрнекіліктер: Ә әрпінің баспа түрі, текшелер, көркем суреттер.</<font face="Times New Roman, serif">І.Мотивациялық қозғаушы
ІІ.Іздену
Ұйымдастырушы
Рефлексия
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Әже тілін аламыз.
Әдепті боп әрқашан,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Кіріспе.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Ой шақыру стратегиясы.
Өткен тақырыпты пысықтау.
-Өткен оқу іс-әрекетімізде қай әріппен таныстық?
-І қандай дыбыс?
-Дауысты ма, дауыссыз ба?
-І дыбысына сөздер ойлап табу.
Жаңа сабақ.
Ой толғаныс.
Балалар, бүгін біз жаңа әріппен танысамыз.Бүгін бізге қонаққа қояе келіпті, ол өзінің үйінен адасып қалған екен. Қане, біз қоянға көмек береміз бе?
Жұмбақ:
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
-Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Әтеш туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ә әрпі мен дыбысын таныту.
Әтеш, Сәбіз, Әже сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Қоян үйіне жету үшін тапсырмаларды орындайық:
1.Тапсырма. «Алма жинау»
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық
Дәптермен жұмыс
-Қолды ауада жаттықтыру.
-Ә әрпін жазу.
2.Тапсырма. «Сиқырлы пеш»
Сурет бойынша сөйлем құрау.
--Ә әрпінің орнына қарай бос торкөздерді толтыру.
Қорытынды
-Міне, балалар, қоян аман-есен үйіне жетіп, көжектерімен табысты.
-Балалар, бүгін оқу іс-әрекетімізде не үйрендік?
-Қандай әріппен таныстық?
-Балаларға жұлдызшалар тарату.
Балалар оқу іс -әрекетіне дайындалады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Ін, іні, ілгіш, із, іскер.
Әтеш
Әтеш, Сәбіз ,Әже сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.
Дыбысты атап, сөздер ойлап табады.
Ә әрпін жазады.
Әтеш шақырады.
Әліппе әйбат кітап.
Әжем ауылдан келе жатыр.
Сұрақтарға жауап береді.