7


  • Учителю
  • Математика. Тақырыбы: 2,3,4,5 сандарының құрамы.

Математика. Тақырыбы: 2,3,4,5 сандарының құрамы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тараз қаласы. № 53 орта мектебі.

Мектепалды "А" сыныбы,тәрбиеші:Айтбаева Г.Ш.

Бiлiм бepy салаcы: Таным.

Бiлiм бөлімдері: Қарапайым математика.

Taқыpыбы:2,3,4,5сандарының құрамы.

Мақсаты1.Балаларға 2,3,4,5сандарының құрамдары туралы түсініктер беру.

2.Математикаға қызығушылығын,математикалық тілде сөйлеу дағдыларын,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Шапшаңдыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.

Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi:суреттер,доптар,әліппе дәптері.

Қостілділік компонент:күз-осень,уақыт-время.Ic-әpeкeт бөлiмдepi

Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi

Бaлaлapдың ic-әpeкeтi

Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Ойнап босқа не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Шаттық шеңберін жасайды.



Iздeнicтep.

Ұйымдacтыpy

Аузша жұмыс.Тірек білімдерін жетілдіру.

Сұраққа жауап беріңдер,мұқият болыңдар!

-Төрт күшікте неше құйрық бар?

-Екі күшікте неше құйрық бар?

-Аптаның екінші күні қалай аталады?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

Өткен оқу іс- әрекетімізде

қандай таңбалармен таныстық?

(+,-) таңбалары.

Мысалдар келтіру.

1,2,3,4,5сандарын тура санау.

5,4,3,2,1кері санау.

Сандардың көршілерін атау

ұсынылады. 2, 3, 4, 5

Жаңа материалмен таныстыру.

1тапсырма.

Сурет бойынша жұмыс.

а) Суретте нелер бейнеленген?

1-ші сөредегі киімдерді атайық:

(4 жаздық бас киімдер.1қыстық бас киім.)

4+1=5жаздық бас киімдермен қыс-тық бас киімді қосқанда барлығы 5бас киімдер болады.

ә) Ілгіште нелер тұр?

(ілгіште 2күртелер,3пальтолар ілініп тұр)

2+3=5күртелермен пальтоларды қосқанда барлығы 5сырт киімдер болады.

б) Орындықтың үстінде нелер тұр?

(2жасыл ұл баланың сөмкесі және

1көк қыз баланың сөмкесі тұр).

2+1=3жасыл сөмкелермен көк сөм-кені қосқанда барлығы 3сөмке тұр.

в) Еденде нелер тұр?

(аяқ киімдер: 2 ұл баланың аяқ киімі тұр,2 қыз баланың аяқ киімі

тұр).

2+2=4 ұл баланың аяқ киімдерімен қыз баланың аяқ киімдерін қосқанда барлығы 4аяқ киімдер болды.

2 тапсырма.

Суретпен жұмыс.

Балаларға 2санының құрамын анықтату. 2 1+1=2

3санының құрамын анықтату 3 1+2=3

Сергіту сәті:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ жол салсақ.

3тапсырма.

Екі қорапқа бөліп орналастыр.

Берілген доптарды екі қорапқа бөліп орналастыру арқылы 4саны-ның құрамын анықтату.

4тапсырма.

«Дәл осындайын тап»ойыны.

Ойын ойнау барысында біз кірпі-лерге геометриялық фигураларды орналастыруға көмектесуіміз керек.

-Қане балалар сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

-Кестеде қандай фигуралар берілген?(төртбұрыш,шеңбер,үш-бұрыш)берілген.

Фигураларға түсінік беру:

1)Төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болады.Ол дөңге- лей алмайды.

2) Шеңбер дөңгелей алады оған ештеңе кедергі бола алмайды.

3) Үшбұрыштың үш қабырғасы болады.Ол дөңгелей алмайды, оның бұрыштары кедергі жасайды.

Дәптермен жұмыс:

жапсырма берілген бетті ашайық.

35бет.№4тапсырмасындағы берілген геометриялық фигураларды кестеге орналастырамыз.

Ауызша сұрақтарға жауап береді.











Өтілген оқу іс-әреке-тін еске түсіреді.



1,2,3,4,5сандарын тура және кері санайды.

Сандардың көршілерін атайды.

Қарапайым есептерді

шығарады.



Жаңа оқу іс-әрекетін мұқият тыңдайды.



Тапсырмаларды

орындайды.



















Сурет бойынша2және

3сандарының құрамдарын табады.















Қимылмен орындайды













Қызығушылық

білдіреді.



Геометриялық фигураларды атайды.









Өздерінің пікірлерін айтады.









Тапсырманы жапсырма бойынша

орналастырады.

Қорытынды.

Түзету жұмыстары.

Ойын:»Кім тапқыр?»

Шарты:Құстардың(қарлығаштар)

Суреттерін пайдалана отырып2,3,4,5сандарының құрамын анықтап,алған білімдерін

бекіту.

Жоғары сымда1қарлығаш қонып отыр еді,1қарлығаш ұшып келіп төменгі сымға қонды,сонда барлығы неше қарлығаш болды?

Екінші сымға тағы да бір қарлығаш ұшып келіп қонды .

Барлығы неше қарлығаш қонып отыр?

Барлығы үш қарлығаш еді,бірінші сымға таға да ұшып келіп екі қарлығаш қонды сонда екі сымда неше қарлығаш болды?

Олай болса,балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай сандардың құрамын анықтадық?

Белсенді қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Ойын шартын орындайды.

















Пысықтау сұрақтарына жауап береді.



Kүтiлeтiн нәтиже:

Бiлyi тиic: 5мөлшеріндегі цифрларды.

Tүciнiгi: 2,3,4,5сандарының құрамын ажыратады.

Kөpceтe бiлyi: берілген тапсырмаларды орындайды.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал