- Учителю
- Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ой - өрісін дамыту мақаласы
Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ой - өрісін дамыту мақаласы
Дидактикалық тапсырмалар мен ойындар арқылы мектеп жвсына дейінгі балалардың логикалық ой - өзісін дамыту
Логикалық ой-өріс - талқылау мен талдау арқылы іске асады.
Мектепалды тәрбиеленушінің оқу тәрбиесінде дамытушы ойындардың, тапсырмалардың атқаратын рөлі өте маңызды. Олар балалардың қызығушылығын арттырып,жағымды эмоцияға бөлейді. Қызықты тапсырмаларды шешу барысында жауабын табу - ойлау қабілетінің белсенділігінсіз іске асу мүмкін емес. Логикалық ойын және тапсырмалардың беделділігі - балалардың ой - өрісінің дамуы және жан - жақты болуымен түсіндіріледі. Ойын жаттығуларына математикалық тапсырмаларды кірістіру арқылы, балалар өз бетінше сураққа жауап іздеп табу дағдысына ие болады.Осындай жаттығулар шешу әдісі - өз ойын еркін әрі толық жеткізе білуге, берілген тапсырмаға шығармашылық мүмкін: тұрғыдан қарауға үйретеді.
Логикалық тапсырмалар мынадай боуы
Егер қаз бір аяғымен тұрса салмағы 4 кг болады, ал екі аяғымен тұрса қанша кг басады? (4 кг басады)
Екі адам шахматты 2 сағат ойнаса, бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат ойнайды)
Жұмбақтар
Әрбір жмбақ - логикалық тапсырма. Оны шешу арқылы баланың күрделі ойлануына мідеттейді. Балаға жұмбақтың дұрыс шешімін тауып қана қоймай, сол шешімнің дұрыстығын дәлелдей білуді де үйрету керек.
-
Мысал: Үш төбе, үш бұрыш, үш қабырға
Міне келдім мен мұнда
(үшбұрыш)
Балаларға «Бұл жұмбақ не туралы? Сен қалай ойлайсың? Мына үшбұрыштарға мұқият қарашы (үстелде үш үшбұрыш бар: үлкен қызыл, көк орташа және кішкентай). Қызыл үшбұрыш жұмбақтың шешімі болуы мүмкін. Неге? Ал көк ше? Қай үшбұрыш жайында бұл жұмбақ?»
Қорытынды: Шешуі кез - келген үшбұрыш болуы мүмкін. Ол оның көлеміне немесе түсіне байланысты емес. Барлығының үш қабырғасы, үш төбесі,үш бұрышы болады.
-
Мысал: Сопақ та емес, шеңберде емес,
Үшбұрышқа дос емес.
Тіктөртбұрыштың ағасы,
Боламын мен - (шаршы)
Бұл жұмбақтың мәтінінде шаршының белгілері аталмаған. Қойылатын сұрақ: «Қандай геометриялық пішіндерді білесің? Бұл пішіндердің ішінде қайсысы туралы айтылуы мүмкін?Сопақ пішін жауап болуы мүмкін бе? Неге? Шеңбер ше? Ал, үшбұрыш ше?» Балалар үлкендердің көмегімен жұмбақтың шешімі шеңбер де сопақ та және басқа пішіндер де емес, шаршы екенін табады.
Сонымен қатар балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына бірден - бір септігін тигізетін тапсырмалар ұсынғым келеді.
-
6 таяқшадан үй құрастыр, сосын оның 2 таяқшасын алып, жалауша шығатындай етіп орналастыр.
-
Мына сызулардың арасынан 5 үшбұрыш және 1 төртбұрышты тап.
-
Қай пішін артық?
-
Сұрақ белгісінің орнына қажетті пішінді орналастыр.
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау - оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиет:
Как развивать логическое мышление. В. И Курбатов