7


  • Учителю
  • Көңілді старт сценарий сабақ

Көңілді старт сценарий сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Көңілді старт» сайысы.



Мақсаты: Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;

Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.







Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер және балалар, бүгінгі «Көңілді старт» атты спорттық сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайысқа Мектепалды даярлық тобы мен «Балдырған» тобының бүлдіршіндері қатысады.

Сайысқа қатысушы командаларды ортаға шақырайық.

«Толағай» әуенімен спортшыларымызды қарсы алу.

«Көңілді старт» атты спорттық сайысымыз 2 командадан тұрады.

1 - ші команда «Тұлпар» тобы

2 - ші команда «Жалын» тобы

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

1.Таныстыру

2. «Кім жылдам» ойыны.

3. Допты шеңберге лақтыру» ойыны.

4. «Епті де , жүйрік» ойыны.

5. «Суретті аяқтау» ойыны.

6. «Самокат тебу» ойыны.



І - кезең: Таныстыру

Шарты: әр команда өз ұрандарымен таныстырады.

«Жалын» тобы - Біз бақытты баламыз,

Алаулап мәңгі жанамыз.

«Тұлпар» тобы -

Жүргізуші: Қызады бүгін той-сайыс

Ортамызды ашайық.

Ырыс дәулет мол болсын.

Жылда осындай сайыс болсын.

Жарысты енді бастайық.

Ал кәнекей жол болсын.













ІІ- кезең: «Кім жылдам» ойыны.

Шарты: алдында екі себет қойылған. Топтағы сайыскерлер жемістерді жолда жинап алуы керек. Қай топ тез жинап шықса, сол жеңген болып есептеледі.

Балалар қай топтың себеті толды?

Қай топ жемістерді себетке бірінші болып толдырды?

Жарайсындар балалар.

Жүргізуші:Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,

Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық,









ІІІ - кезең: Допты шеңберге лақтыру» ойыны.

Шарты:Жүгіріп келіп матрастың үстінен басымен айналып түседі де, допты алып екі аяғының арасына қысып , шеңберге дейін барып, допты шеңберге лақтырады, допты қайтадан аяғының арасына қысып кері қайтады..





Жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.





IV-кезең: «Епті де , жүйрік» ойыны.

Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, кедергілерді айналып секіріп орнына келу.

- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.









V-кезең: «Суретті аяқтау» ойыны.

Шарты: Кедергілерді құлатпай арасымен жүгіріп ,шеңберден өтіп мәреге жетуі тиіс.Мәреге жеткеннен кейін аяқталмаған суретті аяқтап , қайтадан кері қайтуы керек.

Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма, еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан, жаттық еңбекпен.





VІ-кезең: « Самокат тебу» ойыны.

Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.







Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы жетіп таянар

Дені сау, мықты, епті, ақылды

Спорт сүйгіш боп өсіңдер, балалар!

Мінеки балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына да келдік.

- Сендерге ойындар ұнады ма?

- Алдағы уақытта спортпен шұғылданып, ертеңгісін жаттығулар жасап жүресіңдер ме?





</ Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі сайысқа қатысушы бүлдіршіндерімізді марапаттайық.





Құрметті тәрбиешілер мен бүгінгі сайыскерлер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!











































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал