- Учителю
- Ертеңгілік Алтын күз әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Ертеңгілік Алтын күз әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»Начало формы
Конец формы
Музыка әуенімен балалар залға кіреді
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз
жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке
сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші. Балалар қазір қандай жыл мезгілі?Күз мезгілінде қандай
өзгерістерді байқайсыңдар?
Балалар: Күз. Күн суытады, құстар жылы жылы жаққа ұшып кетеді,
жапырақтар жерге түседі. ауа - райы бұзылып жаңбыр жауады.
Жүргізуші. Біз көңілімізді түсірмейік.Күз мезгілі тамаша бізге
молшылық береке әкеледі.
Саңырауқұлақ кіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таңыдыңдар ма? Балалар.Иә таңыдық.
Саңырауқұлақ: Мен сендерді мейрамдарымен құттықтауға келдім.
Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын.Мен бәрін - бәрін білемін.
Шын айтамын. Мен сендердін не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер
жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар:Иә
Саңырауқұлақ. Бірақ жаз қайта оралмайды
(Әуен; Күн күркірейді)
Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не?
Жүргізуші; Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.
Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем
Ән:«Санырауқұлақ»
.Бағбаншы: кіреді
. Жүргізуші: Сен кімсін? Қайдан келдің?
Бағбаншы: Мен орманшы. Орманнан келемін Балаларды мейрамымен
Құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы
қайда?
Саңырауқұлақ: Біз сенмен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған
шығар.
Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар тосайық
Бағбан: Сіздерге көкөністер мен жемістерді алып келдім қазір олар өздерін таныстырады.
(Тақпақтар жемістер көкөністер туралы)
Мен өрікпін-өрікпін.
Дәмімнен тәтті еліктім. Тамира (өрік)
Сүйіктімін сәбилерге
Мені бәрі жүзім дер.
Бір-бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркімен Рамина (Жүзім)
Қатар -қатар тізілген.
Мен шиемін шиемін
Күннің көзін сүйемін. Ясмин (шие)
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін.
Мен қиярмын сәндімін
Салаттардын сәнімін А.Даниал (қияр)
Дәрумені мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын
Таңдандырар бәрін
Асқабақтың дәмі Д.Даниал (асқабақ)
Кептірілген дәмін
Таптырылмайтын дәрі
Мен картоппын бір қараман доппын
Немен жесенде тағам, мені қоссан Сайын (картоп)
Тәтті болар тағам
Менің атым қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыныз
Аузын мықтап жабыныз Даяна (қызанақ)
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Саңырауқұлақ: Бағбаншы мен бір ойын білемін.
Ойыннын аты «Жемістер мен көкөністерді ажырат». Балалар ажырата
аламекен байқайық.
(Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)
Күз бен жел кіреді:
Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
(Әуен: Сиқырлы)
Жел:Ақалай мақалай, ақалай мақалай Күзді ұйықтатып тастайын.Қара
бұлтымен күзді жауып тастайды.
Саңырауқұлақ пен Бағбаншы: Желдін артынан қуады.
Саңырауқұлақ : Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын.
Саңырауқұлақ: Күз бізге керек оны балалар тосып отыр
Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады,Мен барлығын ұшырып жіберемін.
Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессін
Жел: Жоқ мен мықтымын
Саңырауқұлақ: Ондай болсан мықтылығынды көрейік. Кәне кей балалар
желге қатты үрлейікші
Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты?
Жел: Жоқ мен әлсіз емеспін, тағыда жарысып көрейік.
Саңырауқұлақ: Сен женсен күзді бізге қайтарасын, біздің балалар
мерекеге
күзді тосып отыр.
Күз оянады.Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Алтын күз деген мен болам
Қайда менің жапырақтарым
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Тақпақтар:
Нан атасы бидаймын
Елге астық сыйлаймын Сайын
Дәні толып піскенде
Қауызыма сыймаймын
Күміс мұртты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Еңбек етіп баптаған Нуржан
Еліме сый тартамын
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді Ясмин
Жемістерін сыйлауға
Шақырады біздерді
Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз Нармин
Қалада да, ауылда да.
Келді жомарт алтын күз Алимансур
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенене Тамира
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Ақ қарамын , сарымын
Мен өнімді тарымын Даниал
Халқым еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарымын
Күнді сүйген күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын А.Даниал
Алсын деп ел мол өнім
Алла жаздай су іштім.
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді Алихан
Өлкемізге күз келді
Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс Рамина
Тойлайық күлейік
Куанып билейік
Алтын , сары, қызыл көк
Алуан аулан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп Аружан
Көз тартады атырап
Күзім ау-күзім ау
Мінезін бұзық ау
Жаңбырын сіркіреп Даниар
Келгенін қызық ау
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ Альмади
Ақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап
Би «Жапырақтар»
Жүргізуші:Қош келдің, берекелі күз Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол,
Ән: «Күз жомарт»
Жүргізуші: Күзде жаңбыр жауады Ойнатпайды біздерді Қолымызда
қолшатыр мен Ойнауға біз барамыз
«Қолшатыр»биі
Күз: мен сендердің өнерлерінді тамашаладым. Енді мен сендермен ойын
ойнағым келіп тұр
Ойын: «Сылдырмақты кім бірінші алады»
Жүргізуші: Күзде, күзде жаңбыр жауады. Ойнатпайды біздерді Күзде,
күзде жапырақтар Желмен бірге ұшады.
Би: гумми бер
Бақшаға біз барамыз көкөністер
Күз:Ал балалар мен сендерге көкөністер мен жемістер әкелдім ,
рахмет өнерлеріне енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар
Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған
«Берекелі күз» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеде дейін сау болыңыздар!