7


  • Учителю
  • Улги бойынша санау, 1,2,3,4,5 цифырлары туралы олшеу, шар, текше

Улги бойынша санау, 1,2,3,4,5 цифырлары туралы олшеу, шар, текше

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Топ: 4

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: ̎Үлгі бойынша санау. 1,2,3,4,5 цифырлары туралы өткенді пысықтау , цифрды санмен салыстыру. "Шар" , "текше" ̎

Мақсаты: Үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды үйрету; екі топтағы заттарды салыстырып үйрену; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; оларды дұрыс қолдануға үйрету; шеңбер, сопақша ,тіктөртбұрыш, шаршы сынды геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; шар , текше сынды геометриялық денелермен таныстыру;



Мотивациялық қозғаушы

















Бізде бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр.



Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкте шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал , кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге!



Енді балалар орнымызға отырамыз!

























Ұйымдастырушылық ізденіс



Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің қай айы?





Жарайсыңдар балалар.





Балалар бізге бүгін кім келгенін білесіңдер ме?

Бізге қонаққа күннің көзі келді!!!

Бірақ біздің күннің көзі көңілсіз, өйткені оның шуақтары жоқ, оның шуақтары пайда болу үшін біз оның тапсырмаларын жасаумыз керек.

Балалар оған көмектесеміз бе?

Ал енді тапсырмаларын көрейік.

1 - тапсырма.

Сандар қатарымен жұмыс істейміз. Балалардан 1ден 5ке дейінгі сандарды рет - ретімен қатарға қойып шығуымыз керек.

Балалар жақсы тапсырманы орындадық, енді күннің көзінің шуағын ілейік.





2- тапсырма.

Балалар моншақтар мен сандарды түстерімен сәйкестендіріп қою керек.

Жарайсыңдар, енді күннің көзінің шуағын ілейік.













3- тапсырма.

Сандық штангілерді санмен сәйкестендіру.

Дұрыс балалар, енді күннің көзінің шуағын ілейік.





4-тапсырма:

Балаларға кірпілер мен саңырауқұлақтарды санап, оларды теңестіру керек.

Балалар қанша кірпі болса , сонша саңырауқұлақты жанына қою керек.

- Блалар неше саңырауқұлақ қою керек?

- Неге ?

Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы!









Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер - 1 дейік.

Көп отырып,қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық- 2деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та - үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

Енді балалар орнымызға отырып , ары қарай тапсырмаларды орындайық.





5-тапсырма.

- Балалар, дөңгелектердің саны мен қызыл қоңыздың үстіндегі нүктелері сәйкес келетін карточкаларды цифрмен қосыңдар.





6-тапсырма.

Күннің көзі сендер сандар туралы тақпақ білесіңдер ме деп сұрап жатыр?

1.Білек күші тасыған ,

Төрт күрескер ағаң.

Қолын қойып беліне.

Шаршамайды ешқашан





2.Секіреді ол қазір,

Алға қарай бес рет

Ал біз қарап тұрмайық

Санайық сонша рет

1,2,3,4,5

7 - тапсырма

Геомертиялық фигуралармен жұмыс.

Педагог балаларға геометриялық фигураларды көрсетіп , атын атауды сұрайды. Фигураларды тақтаға қойып, олардың жазық фигура екенін түсіндіреді.

Бұған көз жеткізу үшін фигураларды балалардың қолдарына береді. Содан соң педагог балаларға көлемді фигуралар - шар мен текшені көрсетеді. Олардың атауымен таныстырып, оларды геометриялық жазық фигуралармен салыстырады. Балалардан шар мен текшенің қандай заттарға ұқсайтынын сұрайды.

Монтессори матрасынджа сандармен пішіндерді табу.





8- тапсырма

Балалар күннің көзінің келесі тапсырмасы

-Балалар шарды қызыл қарындышпен, текшені көкпен бояуы керек.



Қыс

Ақпан









Жоқ











Балалар тапсырмаларды орындайды.





1,2,3,4,5





























5

1+

2+

3+

4+













4 -еу



- Өйткені 4 кірпі, сонда олар тең болады.























































Ержан











К.Айя





































Балалар өз жұмысын үлгімен салыстырады.





Рефлексивті түзетуші









Өзін- өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Сабақты қорытындылау.

Сендер бүгін қандай геометриялық денелермен таныстыңдар?

Педагог балаларды мақтайды.















Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1,2,3,4,5 цифырларын; шар, текше, сияқты көлемді фигуралармен таныстыру

Білу керек : цифырды санмен сәйкестендіруді ; үлгі бойынша санауды;

Білді: оқулықтағы тапсырманы түсініп, оны өз бетінше орындау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал