7


  • Учителю
  • Конспект на тему 'Сиқырлы әріптер еліне саяхат'

Конспект на тему 'Сиқырлы әріптер еліне саяхат'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Сиқырлы әріптер еліне саяхат».

Мақсаты:Дыбыстық ,әріпті буынға бөлуді,басты әріпті жазуды үйрету,ойын түрінде жұмбақ ,ребустарды шешу,кеспе әріптермен сөздерді жазу,суреттер бойынша сөз құрату арқылы білімдерін бекіту.

Көрнекілігі:суреттер,ребус,кеспе әріптер.

Шаттық шеңбері:

Амандасу үлкенге -тәрбиенің басы ғой,

Ал, қанеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Балалар,барлығымыз енді Табиғат-Анаға ризашылығымызды білдіріп рахмет айтайық. Күн,сәуле шашып, жарқырағаның үшін рахмет!

Біз куннен мейірімділікті үйрендік! Бүгінгі күнге сәттілік тілейік.

-Әр күніміз шуақты болсын!

- Еліміз қуатты, күніміз шуақты болсын!

Қанеки, балалар, бәріміз орнымызға жайғасайық.

Жұмбақ жасыру.

Естілмеген құлаққа,естілмейді бірақ та. (дыбыс)

-Дыбыс деген не? (естейміз)

-Әріп деген не? (Ол дыбыстың таңбасы)

-Дыбыс нешеге бөлінеді? (Екіге бөлінеді)

-Әріптер ретімен орналасудын не дейміз? (Алфавит деймиз)

Жарайсыңдар,балалар,енді өтілген әріптерді еске түсірейік.

Нұрай: Әріптер деген не десең

Ол дыбыстың таңбасы,

Сөз құраса ол ересен,

Болар білім қамбасы.

Асылхан: Жаттап алсаң әріпті,

Саналы өмір сүресің,

Бұрынғы өткен тарихты,

Әріпті оқып білерсің.

Риза: Алфавиттің А тұрады басыңда

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал,осының сыры неде?

Түсінші.

А деген ол -

Аналар ғой ардақты

Ә деген ол -

Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол -

Балалар ғой әдемі,

Біздің елде

Үшеуі де кәделі ...

Алшақ кетпей,

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар

Алфавиттің басында!

Есік қағып топқа Балдырған бала кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Кош келдің,Балдырған.

-Мен балаларға Жұмбақбай атадан жұмбақтар,Білімпаз атадан тапсырмалар алып келдім.

-Жұмбақтарды дұрыс шешіп,тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларға арналған сыйлығым бар.

Тәрбиеші:Иә,Балдырған бала,бізде намысымызға тырысып,білімді тапқыр екенімізді көрсетейік.

1-тапсырма:Жұмбақбай атадан д/ойын: «Қай әріптен басталған?»

Күн нұрын шашқан аскардан,

Алатау алыс тас қорған

Алматы мен Астана

Қай әріптен басталған. (А)

Таныстырар әріппен

Мынау кітап -әліппең

«Әліппе» деген аты оның

Басталады кай әріптен? (Ә)

Жаңа жылда карсы алып,

Тойлағанда барша жұрт

Тұратын не ортада?

Атын бастар кай әріп? (Ш)

Сақинаға карайық

Ұқсайды оған кай әріп? (О)

Білезікке қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (С)

Жұмбақтар шешіп,әріп таңбасын көрсетіп тақтаға кеспе әріптерді кояды.

Балдырған бала: Өте дұрыс, енді мен сендермен бір ойын ойнаймын.

Дидатикалық ойын:«Ғажайып алаңы»

Д/о «Тез ойлан тап!»

Ойын шарты: а) Әріптерге байланысты сөз ойлау 4-5бала

Менің сыйлығымды тез, әрі дұрыс жауап берген балаларға берерсіз, менің басқада балабақшаларға апаратын, тапсырмаларым бар. Сәттілік тілеймін.Сау болыңдар!

Дидатикалық ойын: «Кім тез жазады?»

Ойын шарты:Балалар алдарыңдағы таяқшалардан, ата,ана,Отан,аға сөздерін тез кұрап жазу.

Жаңа сабақ өткізу

Жұмбақ жасыру:

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жолы жоқ. (Хат)

Сәлем алып алыстан,

Туысынан таныстан,

Кемтұғын «хат», «хабар»,

Қай әріптен басталар? ( Х )

-«Хат» сөзінде кай дыбыс естіліп тұр?

Х»дыбысы Хат сөзінде неше дыбыс бар (үш дыбыс)

-Балалар мына ненің суреті?

- Шахматтың, суреті

-Мұнымен не істейді?Осы сөздердің барлығында «Х» дыбысы кай жерде тұр?

«Х» дыбысының айтылу жолын түсіндіру.»Х» дыбыс көмейкемен айтылады.

«Ғажайып айна»ойыны.

Ал енді Х дыбысын айнаға карап созып айтуға келмейді. Ы дыбысы қосылып кетеді

  • Олай болса Х қаңдай дыбыс екен? Х дыбысын баспа түрімен таныстыру, ауада жазып көрсету.

Әліппе дәптермен жұмыс.

Хат, дәріхана,шахмат сөздеріне қанша дыбыс бар? Қанша буын бар? Тақтаға кеспе әріппен «Дәріхана» сөзін жазу тақтада, ал балалар осы сөзді қатыстырып сөйлем құрайды .

Сергіту сәті:

Көлге жаңа ,

Келген бала.

Күлкі болды бақаларға:

-Ха-ха! Ха-ха!

Бха-ха! Ха-ха!

-Неге сонша , күлдің бақа!

-Қара бала,

Шашын қара

Батпен кір боп,

Басың жара!

Ха-ха! Ха-ха!

Күлді бақа,

Күлді хормен ,

Күлді бақа.

4-тапсырма: Мына суретте сандар кіргізіп сөздер беріліпті,сол сөздерді тауып көрелік.Т-10,К-3,Қ10-ақ,5-ік.

Сабақтың соңында балалар жұмбақбай атаға хат жазамыз. Барлық істеген жұмыстарымызды атаға хат арқылы жібереміз.

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Көріскеше кун жаксы!

Аман-есен болайық!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал