7


  • Учителю
  • Тұнғыш Президент күніне арналған Мен Елбасына ұқсаймын атты спорттық сайыс

Тұнғыш Президент күніне арналған Мен Елбасына ұқсаймын атты спорттық сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Павлодар қаласы 28 сәбилер балабақшасы

Сценарийді дайындаған жоғары санатты дене шынықтыру нұсқаушысы Жакупбекова Рымтай Кабдылхамитовна



Тақырыбы: Тұнғыш Президент күніне арналған «Мен Елбасына ұқсаймын!» атты спорттік көңілді жарыс.



  1. Мақсаты: Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болу білуге тәрбиелеу.Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.



Түрі: жарыс

Спорт жабдықтары: 2 фитбол доп, 2 таяқша, арқан, кедергілер, 2 ракетка,2 текше, 16 капшық құм толтырылған.

Күй «Адай »

Орта «А» және Орта «Ә» топтары залға саппен кіреді, Зал бойымен өтіп өз орындарына тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, балалар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Мен Елбасына ұқсаймын!» атты «Көңілді жарыс» сайысына қош келдіңіздер!

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.





Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.



Қазылар алқасын оқушыларға таныстырып өтіледі.

Әділ қазылар алқасы: ____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________



Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.



Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл.

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.



Таныстыру кезеңі. (топтың аты, ұранымен таныстырады)



« Достық » тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны

«Бәрлік » тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны



Эстафеталық ойындар

І тур. «Жалауды тез жеткіз».

Ойынның шарты: Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын аланына қойылған кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, белгіні айналып қайтады да жалауды келесі балаға береді. Өзі тез команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

ІІ тур. «фитбол доп»сайысы.

Ойынның шарты: Команда капитандары фитбол добына отырып белгі берілгенде секіріп ойын аланына қойылған белгіні айналып артқа секіріп оралады да келесі балға береді. Өзі тез команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау)



Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына



Музыкалық үзіліс Ән: «Үшқоныр»



ІІІ тур. «Егін жинау» . Капитан қолына ыдысқа салынған «тұқымдарды» ұстап тұрады.

Белгі берісімен капитан белгіге дейін жүгіріп тұқымдарды құрсаудың ішіне қояды. Келесі ойыншы оны жинап қайтады. Ойын келесі оқушыға келіп жалғасын табады. Тұқымды түсіріп алмау қажет.(әділқазылардың ұпайларын тыңдау)



ІҮ тур. «Мерген», қапшықты құрсауға лақтыру эстафетасы.

Бірінші тұрған ойыншы қолына щенберде жатқан құм толтырылған қапшықты (баланың санына байланысты 8) - 1 алып оны құрсауға лақтырады. Белгіден асып кетуге болмайды. (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)



Жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Музыкалық үзіліс : «Жаса, Қазақстан!»



Ү тур. «Бақа»сайысы

Белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы тасбақаша секіру керек..Ойын

екінші оқушыға келіп жалғасын табады (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

ҮІ тур. «Арқан тарту» Екі жақ арқан тартысады.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау)



Музыкалық үзіліс : «Қара жорға» биі

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпаздарды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады,-демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып,марапаттау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.



Эстафеталық сайысқа қатысқан оқушыларды марапаттау.



Жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш! дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Мен Елбасына ұқсаймын!» атты «Көңілді жарыс» өз мәресіне де келіп жетті.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!





Павлодар қаласы 28 сәбилер балабақшасы

Тұнғыш Президент күніне арналған Мен Елбасына ұқсаймын атты спорттық сайыс

























































Тақырыбы: 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған мерекелік « » атты спорттік көңілді жарыс.





Сценарийді дайындаған жоғары санатты

дене шынықтыру нұсқаушысы

Жакупбекова Рымтай Кабдылхамитовна









Павлодар қаласы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал