- Учителю
- Дем алу гимнастикасы балабақша.
Дем алу гимнастикасы балабақша.
Дем алу гимнастикасы
-
«Ботқа піседі»
Отыру, бір қолды ішке, бір қолды кеудеге қою. Ішті тарту, кеудеге ауа жинау - дем алу. Кеудені жіберіп отырып, ауаны біртіндеп жіберу және ішті алға шығару - демді шығару. Осы кезде «ш-ш-ш-ш-ш» деген дыбыс шығару. (4-5 рет қайталау).
-
«Өзінді құшақта»
Тік тұру, аяқты сәл ашып қою, қолды екі жаққа созу - терең дем алу. Екі қолмен иықты құшақтап - жылдам дем шығару және «ф-у-у» деген дыбыс шығару (6-8 рет қайталау).
-
«Малту» (Шомылу)
Тік тұру, аяқ сәл ашық. Екі қолмен шомылу (малту) әрекетік жасау. Қолды алмастыру кезінде «ф-у-у» дыбысын шығару (алға 5-6рет, артқа 5-6рет қайталау).
-
«Тауда шаңғы тебуші»
Тік тұру, қол білекте сәл бүгілген, жұмырдық түйілген. Дем алу - қолды жоғары биік көтеру, яғни таудан түсу әрекетін жасап көрсету, «таяқпен итеріп» қолды төмен түсіру, отыру - демді шығару «ф-у-у-у-у».
-
«Ағаш жарушы»
Тік тұру, аяқты сәл ашу, қолды (саусақты) «құлыпқа салу» қолды жоғары көтеру - дем алу. Алға еңкейю жылдам қолды түсіру (ағаш жару). Демді шығару кезінде «у-у-х-х-х» дыбысын шығару.
-
«Насос»
Тік тұру, аяқ бірге, қолды дене бойымен бірге қою. Дем алу денені бір жаққа еңкейту. Дем шығару - қолды дене бойымен сырғанатып, қатты «ссссссс!» - деп дыбыс шығару. Тік тұрып - дем алу, келесі жаққа еңкейіп жаттығуды 6-8 рет қайталау.
-
«Шаңғышы»
Шаңғымен жүру әрекеті. Мұрын арқылы демді шығару және «мммммм» дыбысын шығару 1,5-2 мин.