7


  • Учителю
  • Ашық сабақ.Тақырыбы:С дыбысы және әрпі мектепалды даярлық тобы

Ашық сабақ.Тақырыбы:С дыбысы және әрпі мектепалды даярлық тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі

Оқу іс әрекетінің мақсаты: «С» дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:үлгі суреттер, жұмыс дәптері

Оқу - іс әркетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: балалардың көңілін сабаққа аудару

Психологиялық жаттығу:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнап шықты күніміз.

-Балалар, әліпбиден бізге қонақ келіпті.

Әуеден сары шар ұшып келеді. Ішінде «с» дыбысының әріп таңбасы бар.

-Балалар, қараңдаршы, мына шардың түсі қандай?

-Шардың түсі сары.

-Сары сөзі қандай дыбыстан басталады?

-«С» дыбысынан басталады.

-Міне, «с» дыбысының әріп таңбасы. Неге ұқсайды?

-Айға, ораққа, білезікке ұқсайды.

-Кәне, бірге «с» деп айтайық. «С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы қысылып шығады. «С» дыбысы - дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз.

Тілді жаттықтыру: Са - са - сана

Се - се - кесе

Со - со - сона

Ес - ес - пышақпен кес.

-Балалар, сендер «с» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы.

-Сиыр, сана, сона, сөз, сегіз, сырға.

Айтылған сөздерді буынға бөлгізу. «С» дыбысының әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету және ауада жазу.

Сергіту жаттығуы: Тікірейген құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып, керіліп,

Беті - қолын жуады.

-Балалар, енді, әріп қималарымен сөздер жазайық. Сара, сағат, сан, са, со, сона. Осы сөздердің ішіндегі сан сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

-«С» дыбысы қандай дыбыс?

-С - дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

-«А» қандай дыбыс?

-А - дауыссыз дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.

-«Н» дыбысы қандай дыбыс?

-Н - дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

Дидактикалық ойын: «Мен айтайыншы».

Ойын шарты: ауада өткен әріпті жазып көрсету, балалар сол әріпті тауып айтып береді.

Дәптермен жұмыс:жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау. Сөздерді оқып, оларға дыбыстық талдау жасау. Берілген суреттерде «с» дыбысы бар сөздерді сәйкестендіру.

Оқу іс- әрекетін қорыту:

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? «С» дыбысы қандай дыбыс?

Сабақ туралы әр баладан өз ойын сұрау, барлық балалардың сөйлеуіне мүмкіндік жасау.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: сөз ойлап айтуды, буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды.

Түсінеді: «С» дыбысы жайлы мәліметтерді.

Қолданады: «С» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіре білу дағдыларын.













































АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ

САРЫБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ МДШО КММ

















Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті



Сауат ашу және жазу негіздері

«С» дыбысы және әрпі



Мектепалды даярлық тобы





А.Ж.Жумадилова



Ашық сабақ.Тақырыбы:С дыбысы және әрпі мектепалды даярлық тобы

















2015-2016 оқу жылы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал