7


  • Учителю
  • Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Көк тудын желбірегені атты Көңілді жарыс спорттық сайыс.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Көк тудын желбірегені атты Көңілді жарыс спорттық сайыс.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Павлодар қаласы 28 сәбилер балабақшасы

Сценарийді дайындаған жоғары санатты дене шынықтыру

нұсқаушысы Жакупбекова Рымтай Кабдылхамитовна



Тақырыбы: Тәулсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік

«Көк тудың желбірегені» атты спорттік көңілді жарыс.



Мақсаты: тәрбиеленушілерді икемділікке баулу, спортпен шұғылдануларына,қайраттылыққа, ептілікке баулу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Түрі: жарыс

Спорт жабдықтары: 2 фитбол доп, 2 таяқша, арқан, кедергілер, 2 ракетка,2 текше, 16 капшық құм толтырылған.

«Көк тудың желбірегені» әні ойналады

Даярлық «А» және Ересек «Ә» топтар зала кіреді, зал бойынша бірінің соңынан бірі жүредіде, белгілердің жаңына 2 қатарға тұрады



Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, тәрбиеленушілер және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған

«Көк тудың желбірегені» атты мерекелік сайысқаа қош келдіңіздер!



Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!



Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл.

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.



Әділ қазылар алқасы: ____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________



Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.



Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.



«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты,

Бәрін жеңіп шықты.

«Қырандар» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз



Эстафеталық ойындар

І тур. «Кедергілер арасымен допты алып жүгіру»

Белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы,алдында тұрған кедергілер арасымен жүгіріп қайтады.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

ІІ тур. «фитбол доп»сайысы.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау)



Жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына



Музыкалық үзіліс Ән: «Жаса, Қазақстан!»



ІІІ тур. «Ракетка үстіне қойылған текше» жүгіру

Белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы ракеткаға текшені қойып жүгіріп белгіні айналып келу керек.Ойын екінші оқушыға келіп жалғасын табады. Текшені түсіріп алмау қажет.(әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

ІҮ тур. «Мерген» Бірінші тұрған ойыншы қолына щенберде жатқан құм толтырылған қапшықты (баланың санына байланысты 8) - 1 алып оны «Себетке» түсіреді. Белгіден асып кетуге болмайды. (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)



Жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Музыкалық үзіліс : күй



Ү тур. «Бақа»сайысы

Белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы тасбақаша секіру керек..Ойын

екінші оқушыға келіп жалғасын табады (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

ҮІ тур. «Арқан тарту» Екі жақ арқан тартысады.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау)







Музыкалық үзіліс : «Қара жорға биі»



Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпаздарды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады,-демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып,марапаттау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.



Эстафеталық сайысқа қатысқан оқушыларды марапаттау.



Жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым! дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Көк тудың желбірегені» атты «Көңілді жарыс»

өз мәресіне де келіп жетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!









































Павлодар қаласы 28 сәбилер балабақшасы













Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Көк тудын желбірегені атты Көңілді жарыс спорттық сайыс.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Көк тудын желбірегені атты Көңілді жарыс спорттық сайыс.































Тақырыбы: Тәулсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік «Көк тудың желбірегені» атты спорттік көңілді жарыс.





Сценарийді дайындаған жоғары санатты

дене шынықтыру нұсқаушысы

Жакупбекова Рымтай Кабдылхамитовна











Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Көк тудын желбірегені атты Көңілді жарыс спорттық сайыс.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал