7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Жақсы сөз жанға ұуат береді тақырыбында (мектепалды даярлық)

Тәрбие сағаты Жақсы сөз жанға ұуат береді тақырыбында (мектепалды даярлық)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жақсы сөз жанға қуат береді»

Мақсаты: Оқушылар «жақсы сөздің» құндылығы туралы түсінік беру

Міндеттері:

- Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері дамыту;

- ізгілікке, ізеттілікке, жақсы сөз арқылы жақсы мінез - құлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, түсіндіру.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері

- Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер қандай көңіл - күйдесіңдер?

Бір - біріміздің қолымыздан ұстаған кезде нені сезініп тұрмыз? Жақсы көңіл - күйді сезініп тұрмыз ба? Оқушылардың жауаптары.

Ендеше бәріміз бірге мына өлең шумақтарын айтып шығайық:

Ой - жүйрік, тіл - шебер,

Танытса шындықты.

Мәнді ойды тілмен бер,

Сөзді тауып ұқыпты.

«Сіз», «біз»деген жылы сөз,

Жақсылықтың мейірі.

Бір - біріне болып көз,

Кең болсын адам пейілі.

Ән: «Бала тілегі» сөзі: С. Молдасанұлы, әні: Ф. Жолдасова

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз - жанға қуат» деп аталады. Бүгін біз осы тақырыпта әңгімелесетін боламыз.

Ой қозғау. Әңгімелесу.

- Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

- Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?

-«Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады. Тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә. Науаи

- Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

Сергіту сәті

Ақша бұлттар аспанда, (Қолдарын жайқалтады)

Жерімді жайнап құлпыртсын.(Жерді көрсетеді)

Нұрын сыйлап біздерге, (Күнді көрсетеді)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Күнді көрсетеді)





«Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді»



Суретпен жұмыс.

1. Құрметті ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.



Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз;

2.- Апа, аман - есенсіз бе? Қал - жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді айығып кеттіңіз бе?

Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау;

3.- Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 - наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп - көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келеді.

Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру;

4.- Жарайсың, құлыным! Менің кішкентайым ата - анасына қолғанат, үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі - ақ елін қорғайтын азамат болады.

Күтілетін жауап: мақтау.

5 - Сымбат, сен қандай әдемі болып құлпырып кеткенсің! Жауап: мадақтау





Ойын - жаттығу

- Балалар, сендерді аналарың қалай еркелетеді? Есімізге түсіріп, мына тақтаны гүлдермен әсемдейікші. (гүлдерді тақтаға іле отырып, аналарынан еститін жылы сөздерін айтады).



Қорытындылау

- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Жүректен - жүрекке. (Оқушылар шеңберге тұрады, қолдарына шарлар, жалаулар беріледі, бір-біріне гүл сыйлап, жақсы тілектерін айтады)

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарсын көгерсін!

Кешегідей бүгінде,

Қанат қақсын көгершін

Күлімде күн күлімде

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың көкшіл түгіндей,

Қолдарына ту алсын.

Күлімде күн күлімде,

Күлсін барлық бала шат, Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал