- Учителю
- Үй жануарлары / даярлық тобы/
Үй жануарлары / даярлық тобы/
</ Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Үй жануарларының аттарын дұрыс атай білуге және қалай дыбыстайтынын, қай жануардың дыбысы екенін танып білуге үйрету.
Сөздік жұмыс: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, бота, құлыншақ, қозы, бұзау, лақ.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, слайд.
М/әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Ұйымдастыру: Балалар жарты шеңбер болып тұрады. «Армысың алтын күн» шаттық шеңбері. Амандасу.
Сабақ барысы: Бүгінгі сабағымыз төрт түлік мал яғни, үй жануарлары туралы болмақ. Сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар. Үйде бағылып, еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз. Біздің еліміздің жері мал өсіруге өте қолайлы. Жерімізді малсыз елестету мүмкін емес. Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі жануарларының төлдері болады.
-
Мынау қандай жануар? Түйе.
-
Олай болса түйе, бота туралы тақпақтар білемізбе?
-
Ал мынау қандай жануар?
-
Ат, жылқы, құлыншақ.
-
Өте жақсы жылқы туралы тақпақ айтам сендер менен кейін қайталаңдар.
-
Мынау қандай жануар?
-
Сиыр, бұзау.
-
Жақсы енді сиыр туралы тақпақты менен кейін қайтала.
-
Мынау қандай үй жануары?
-
Қой, қозы. Ешкі, лақ.
-
Дұрыс балалар, сендер қошақан тарулы өлең білесіңдер ме?
-
«Қошақан» әнін орындайды.
-
Ал енді мынау ненің суреті?
-
Ит. Мысық.
-
Дұрыс ит пен мысық та үй жануарларына жатады.
-
Енді үй құстарымен танысамыз.
-
Суреттерін көрсетіп, аттарын ататам. Сұрақ-жауап алам.
-
Балалар енді санамақ санайық.
-
Сергіту сәті орындалады.
-
Дидактикалық ойын «Жануарлар қалай дыбыстайды?»
Бұл жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады.
Балалар, сиырдың төлін қалай атаймыз?
Бұзау.
Сиыр қалай дыбыстайды?
Мө - мө.
Оларды қалай шақырамыз?
-
Ауқау - ауқау.
-
Сиырдан біздер не аламыз?
-
Сүт, айран, май, қаймақ. Терісінен сөмке тігеміз, аяғымызға етік
тігеміз. (Осылай әр жануарға жеке - жеке тоқталып,сипаттама береміз.)
Қорытындылау: Қандай жануарлармен таныстық?