- Учителю
- Спортивный конкурс Әем,шешем және мен,спортшымыз шетінен
Спортивный конкурс Әем,шешем және мен,спортшымыз шетінен
Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен-спортшымыз шетінен»
Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту, белсенділігін, ептілігін,шапшаңдығын, балалар денсаулығын нығайту.Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауатты да, ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру.
Қажетті құралдар: шарлар, теннис ракеткасы, теннис шарлары,секіртпелер,арқан,қаптар,қызыл-сары кіші шарлар,обручтар.
Жүргізуші: Болашақ үшін қиындыққа қол созған,
Үміт күткен ел арманның қолдасын!
Бүлдіршінің жүрегіне жол тартқан,
Ізгі, ниет жақсы өнеге тозбасын-дегендей, бүгін «Әкем, шешем және мен- спортшымыз шетінен» атты отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз
Отбасыларды атап өту:
1.Жансұлтановтар отбасы
2.Дубаевтар отбасы
3. Мерғазиндер отбасы
4. Қалымжановтар отбасы
5. Абылғазиндер отбасы
6. Қасымовтар отбасы
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер- сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін
1.Балабақша меңгерушісі: Балтабаева Роза Есенғозықызы
2. Балабақша әдіскері: Ахмадиева Айгүл Қадылқанқызы
3.Ата-аналар арасынан
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасында:
1.Отбасылармен танысу,екі командаға бөлу,топтың аты,ұраны
2. «Денемізді қыздырайық,белсенділігімізді арттырайық!» таңғы жаттығу элементтері
3. «Қане, қуып жет!»
4. «Теннист шары»
5. «Шар жару»
6. «Салют» балалар үшін
7. «Білімділер сайысы» аналар үшін
8.Арқан тартыс
9.Әкелерге арналған «Кім күшті?»
10. «Кім жылдам?»
Жүргізуші: Өнер қуып отбасы өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп
Таныстырып өздерін кетер дейміз-өз отбысыларын таныстыру,жереби тарту арқылы екі командаға бөлу.Енді 2 минутта топтың атымен және ұранымен таныстырып өтесіздер.Әділ-қазылар өз бағалауларын әр кезеңде беріп отырыңыздар.
Жүргізуші: Денсаулық- ол шыныққан
Барлық дене ң мүшесі
Денсаулық-ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
Денсаулық-ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай
Денсаулық-ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай!-дегендей таңғы жаттығу элементтерін қолданып белсенділігімізді арттырайық.
Жүргізуші:Құрметті сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!Сайысымызды бастаймыз.
1- кезең «Қане, қуып жет!»
Ойынның шарты: Алдымен-әкеміз, сосын-анамыз аяқ арасына допты қыстырып , кеглиге дейін секіріп барамыз да,қайтамыз. Ал балаларымыз батутқа отырып кеглиге дейін жету, қайта секіріп қайту.
2-кезең «Теннистің шары»
Ойын шарты: әкеміз, аналарымыз-теннис ракеткасымен кеглиге дейін жету,кері қайту, ал балалар-қасыққа теннис шарларын салып тездетіп кеглиге дейін бару, кейін қайту.
3-кезең «Шар жару»
Ойын шарты: Кегли арасымен шаңғы таяғымен бару,шарды жіптен шешіп алып, шарды отырып жару, қайта қайту.
4-кезең «Салют»
Ойын шарты: балалар кезекпен шарларды жинайды. Шарларды шелекке толғанынша салып қаптың ішіне салады.
5-кезең «Білімділер сайысы»
Ойын шарты: Қанша дұрыс сұрақтарға жауап бере алатындарын тексеру.
6-кезең «Арқан тартыс»
Ойын шарты:Екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен арқанды өздеріне қарай бар күштерімен тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол топ жеңіледі.
7-кезең «Кім күшті?» әкелер жарысы
Ойын шарты:Қарсыластар арқанды тартып тұрады, ал аяқ арасында доп қыстырылған.Кімде-кім допқа қолы бірінші болып тигізсе сол жеңімпаз. Қарсыластар бір-біріне допқа қол жеткізбеулеріне әрекеттер жасау.
8-кезең «Кім жылдам?»
Ойын шарты: Әр баланың аналары сыртқы киімдерін тез киіндіреді. Кезектесіп киіндіру.
Жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар.
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй»-деп ендігі кезекті әнге берейік.Ал әділ-қазылар өз қорытынды бағаларын шығарсын.
Әділ-қазылар алқасының шешімі.
Марапаттау рәсімі.
Жүргізуші: Біз қазақпыз
Ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген
Бой тұмар ғып, ар-ождан қазынасын
Отбасылар ел-қамын сақтап жүрген-демекші, бүгін алтын уақыттарыңызды қиып отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз. Жақсылықта, амандықта жүздезкенше!
Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлек» балалар бақшасы
Отбасылық сайыс
«Әкем, шешем және мен-спортшымыз шетінен»
Өткізген тәрбиеші:Смагулова А.С.
«Тұлпар»тобы
Катон ауылы
2013-2014 оқу жылы