- Учителю
- Ашық сабақ Ә дыбысы мен әрпі
Ашық сабақ Ә дыбысы мен әрпі
Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.
Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна.
Оқу іс-әрекетінің түрі:Сауат ашу.
Тақырыбы: Әә әрпі мен дыбысы
Мақсаты: Әә дыбысы мен әрпімен таныстыру, балаларды шешен, дұрыс сөйлеуге үйрету.
Міндеттері: балаларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру..
Сөздік қоры: әшекей
Билингвалды компоненттер: украшение.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру
Қолданылатын көрнекіліктер: Кеспе әріптер, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш, суреттер, ертегі
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер:
Біз әдепті баламыз,
Әже тілін аламыз,
Әдепті боп әрқашан,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Сендермен сәлемдесеміз.
Қозғаушы- мотивациялық
Әтешіміз «ақ» қанат
Күзетшідей қырағы
Таң азаннан қақпада
Айғай салып тұрады.
-Тақпақ не туралы? - Әтеш туралы.
-Бүгін қонаққа әже келді. Қане, әтеш, әже сөздерді қай дыбыстан басталады? Ә дыбысынан. Қане, Осы сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайық.
Ә-же , ә-теш ә- дауысты , ж- дыбыссыз, е- дауысты, т- дауыссыз, ш- дауыссыз, Сурет бойынша әңгіме құру. Әженің ертегісі «Әдептілік» Ы. Алтынсарин оқу. Әтеш.
- Таңертең бізді ұйқыдан кім оятты? - Әтеш тағы кімді ұйқыдан оятты? Әжені, Әкені, Әкпені, Әселді, Әлияны.
Сөздік жұмыс: Ә - әшекей
Орнамент - узор, основанный на повторе и чередовании составляющих его элементов; предназначается для украшения различных предметов Әшекей-киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасаланылатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар.
Әтеш
Сюжетті ойын: Қатысушылар: әже, Әсел, сәби. Әсел: Әже әлди жылады. Әжесі. Әлди, әлди әжең келе жатыр. Әсел: әже әлдиді бесіктен шешіп алайық. Әлдиді бесіктен шешіп алу. Әжемен қоштасу.
Ә әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Қорытынды:
Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті:
Әлди, әлди бөпешілі,
Ұйықтай қойшы көкешім.
Дәмді сүтті ішіп ап,
Тәтті ұйқыға бата гой,
Әлди- әлди жата гой.
Тіл ұстарту: Ән, ән, ән
Қамба толы дән: Әліппемен таныстыру. Таныстырады әріппен. Мынау кітап- әліппең, әліппе деген аты оның басталады қай әріптен Әәрпінен..
Ә дыбысынан келетін көкөністерді табу.
Күтілетін нәтиже
Не білу керек? Әә дыбысы мен әрпін білу керек
Нені игерді? Әә дыбысы мен әрпін, ә дыбысы бар сөздерді.
Не біледі? Сурет бойынша әңгіме құрып, сұрақтарға толы жауап бере біледі.
Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.
Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна.
Математика.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Тақырыбы: санының құрамын «+, -, <,>» таңбалары.
Мақсаты: Балалардың сандарды есте сақтау қабілетін дамыту. Сандарды заттың атауымен, сапалық белгілерімен және кеңістікте орналастырумен байланысын есте сақтауға үйрету.
Міндеттері: сан арасындағы қатынасты үйрету.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекілітер: фигуралар, пирамидалар, көкөністер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Кел балалар күлейік!
Сурет бойынша жұмыс. Балалар қай жыл мерзімі?
-
Күз
-
Күзде бақшада не піседі?
-
Көкөністер.
-
Кәне, суреттегі көкөністерді біз санайық. Пияз нешеу? Қияр ше? Сәбіз ше? Қызылша орамжапырақ.
-
Енді салыстырайық. Неше пияз қиярдан артық,
-
1 пияз
-
Сәбіз пияздан нешеге кем?
Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық
Қане,қанат жасайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып,ұшып қонайық.
Ал енді осыны сендерге таңбалап көрсетейін 1 алма + 1 алма = 2 алма. «+» қосу таңбалы 2 алмұрт - 1 алмұрт = 1 алмұрт. « - » алу таңбасы = тең таңбасы. Немесе артық, нешесі кем. Оң жақта бес алма, сол жақта үш алма артық, кем? Жоғры да бес торғай, төменде 5 торғай ұшып жүр. Торғайлар тең.
-
Белсенділік көрсетеміз.
Қортындылау: «<» кем, «>» артық, «=» белгілері. Дәптермен жұмыс «Кім жылдам?» д.о. Заттарды салыстыру, артық, кем, тең екенін айту. Белгілерін көрсету.
</ Күтілетін нәтиже
Не білу керек? «+», «-», «<» , «>», «+», «-», «=» таңбаларын білу керек.
Нені игерді? «+», «-», «<» , «>», «+», «-», «=» таңбаларын игерді.
Не біледі? Таңбаларды біледі.