- Учителю
- Утренник на тему Ата заңым-айбатты
Утренник на тему Ата заңым-айбатты
Мақсаты:Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын
сүюге,халқымыздың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрін сақтап, Ата
заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа ,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздерінің
суреттері,Қазақстан энциклопедиясы, Ата заң кітабы.
Зал іші әдемі безендірілген. Балалар ән әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма көрермендер! «Ата заңымыз-айбатты» атты ҚР конституция күніне арналған бағдарламамызды ашық деп жариялаймын.
Қазақстан! Туды алтын дәуірің ,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңның құтты болсын,қымбатым
Туған күнің құтты болсын алыбым.
1-бала
Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым ,
Мәңгі - бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,балабақша бүлдіршіндері бүгінгі бағдарламамыз Ата заң конституция күніне арналмақшы. Тәуелсіз ел атанып,өз алдына дербес мемлекет болу айтар ауызға оңай көрінгенімен,біздің басымызға оңай жолмен келген жоқ. Тарих беттерін парақтасақ сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді,қанша ма адам құрбан болды.Азаттық.Теңдік,Тәуелсіздік.Осы үш ұғым салтанат құрып 1991 жылы өз алдымызға тәуелсіз ,зайырлы мемлекет болдық. Сол мамлекетіміздің конституциясы 1995 жылдың 30 тамызы күні қабылданды. Конституция әрбір мемлекеттің басты заңы.Осы заң арқылы сол ел азаматтарының құқығы мен міндеттері қорғалады.
Қазақстан- егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым - елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.
Ендеше тәуелсіздің жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.(видео)
Көрініс: Қобыз үні естіліп тұрады.
Ақырын басып бір қарт шығады,орындыққа демалып отырады.
Бала: Ассалаумағалейкум ата!Сіздің бұл отырысыңызға жол болсын,не ойлап отырсыз?
Асан қайғы:Балам атаң не ойламайды дейсің.Балам мен жанға жайлы,дертке дауа ауасы таза,балалары білімді,ақылды жер жаннатын іздеп жүрмін,көмегін болса бер,балам,бұл қай ауыл?
Бала: Ата бұл Атырау қаласындағы «Мөлдір»балабақшасы. Біздің ауылымызға қош келдіңіз.Бізде бүгін мереке Ата заң күнін тойламақшымыз.
Жүргізуші:Асан ата саламатсызба. Біздің ауылымызға қош келдіңіз. Біздің мекеніміз жанға жайлы,шырайлы, жайығымыз бар,ауамыз таза, тіпті бүлдіршіндерімізді білімді,ақылды,өнерлі. Сіз бүгін мерекеге дөп түсіп келіп қалған екенсіз,ендеше балаларымыздың өнерлері мен білімдерін тамашалаңыз.
Біздің ортада қатысушыларымыз отыр, олар
«Сұңқар» тобы
«Таңшолпан» тобы
«Ақбота» тобы
Ендеше қазылар алқасымен таныстырып өтейін...
Байқауымыз бес сайыстан тұрады:---
1сайыс «Сұрақ жауап»
2сайыс «Мақал мәтелдер»
3сайыс «Жаңылтпаш»
4сайыс «Құрастыру»
5сайыс «Ойын»
Біздің командалар дайын болса 1 сайысымызды бастаймыз. І сайыс
«Сұрақ жауап». Бір командаға сұрақтар қоямын, сол команда жауап
береді. Дұрыс жауап бес ұпай.
«Сұңқар» тобына сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай қала?
2. Рәміздерді ата.
«Таңшолпан» тобына сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
2. Біздің қаламыз қалай аталады?
«Ақбота» тобына сұрақтар:
1. 30 тамызда қандай мейрамды тойлаймыз?
2. Қандай Республикада тұрамыз?
2 сайысымызға көшеміз.
2 сайыс «Мақал мәтелдер». Әр команда туған жер, Отанға арналған
мақал мәтелдерді айтады. Команда қанша мақал мәтел айтады, соншама
ұпай жинайды.
3сайыс «Жаңылтпаш». Команда басшылары бір жалаудан таңдап
тапсырманы орындайды. Тапсырма - үш рет айтылған жаңылтпашты дұрыс
қайталау..
4 сайыс «Құрастыру». Қараңдаршы, балалар біздің төрде не тұр? Ол
қандай түсті? Не бейнеленген? Қыран құс пен күннің түстері қандай?
Ал ендеше командалар сол туды музыка әуенімен құрастыруды
бастайды.
5 сайыс «Ойын». «Дауысына қарай ажырат»
мақсаты: Музыкалық аспаптарды дауысына қарай ажыратуға үйрету.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды.Қазылар алқасы өз шешімдерін
жарияланғанша, біздер мерекеге орай арналған өлең тақпақтарымызды
айтайық.
Ән «Отаным»
Тақпақтар:
Ән
Қазылар алқасына сөз береміз.
І орын
ІІ орын
ІІІ орын
Жүргізуші: Білім алам,дем алам,
Отан-туған өз анам!
Ата заңым тұрғанда
Еш болмаймын мен алаң-дегендей Ата заң конституция күніне арналған бағдарламамыз аяқталды. Асан ата мінекей біздің мекеніміз осындай білімді бүлдіршіндерге толы.
Асан қайғы: Мөлдір ауылы мен іздеген жер жаннатына лайық екен,мынау деген тұнып тұрған байлық қой,жерлерін жомарт,қадіріне жетіңдер.Батамды бердім сендерге.
КМҚК «Мөлдір» бөбекжай балабақшасы
Өткізген: Ғабиден Ш
Атырау-2016