- Учителю
- Мүсіндеу. Тақырыбы: Көп ұшақтар
Мүсіндеу. Тақырыбы: Көп ұшақтар
</ Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Көп ұшақтар»
Мақсаты: Балаларға көп ұшақтар мүсіндеу арқылы қол-моторикаларын дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, әдемі және көркем құрастыруға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілік: ермексаз, сүлгі, үлгісі.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, жұмбақ жасыру.
Жаңа сөздер: «Ұшақ»Кіріспе бөлім
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Арайлап таң атты
Қайырлы таң балалар,
Алтын шапақ таратты
Қайырлы таң балалар.
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балалар.
Балалар шаттық
шеңберіңде турып бір-бірімен күлімдеп амандасады, жылы тілектерін білдіреді. Жарты шеңберге отырып оқу іс-әрекеттке бейімдеулері. Тәрбиешіне мұқият тыңдаулары.
Ұйымдастыру ізденгіш кезең
II-Негізгі бөлім.
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Балаларға жыл мезгілі, ауа райы туралы сұрақтар қою.
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Әң салуға құштар.
Түрлі түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызыл-жаксыл аймақ,
Қырға шықты ойнап.
Б.Жақып
Жұмбақ жасыру
Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойынын созады.
Құсша қонады.
(Ұшақ)
Балалармен ұшақтар мүсіндеу.
Сергіту сәті.
Қане, қане тұрайық.
Қолымызды белге қояйық.
Оңға, солға қарайық,
Қолымызды созып,
Бір отырайық, бір тұрайық.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар жұмбақтын шешімін табады.
Балалар ұшақты қызығұшылықпен мүсіндейді.
Сергіту сәтін орындау.
Рефлекциялы-түзету кезең
III-Қорытынды бөлім.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Балалардың жаңа іс-әрекеттен түсінген түсініктерін сұрақ-жауап әдісімен бекіте отырып, балалардың жауаптарын мақтау, мадақтау арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылау.
Тәрбиеші әр балалармен жеке жұмыс жүргізе отырып, балаларға сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар ұшақ туралы білу керек. Болу керек: Жаңа тақырып жайлы мағлұмат болу керек. Істей білу керек: Балалар мүсіндеу әрекетінен алған білімдерін іс-әрекетте қолдана білу керек.