7


  • Учителю
  • Конспект урока по музыке Білім күні

Конспект урока по музыке Білім күні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектепалды «а» даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы№1.

Күні: 03 Қыркүйек 2015ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: «Музыка»

Тақырыбы: «Білім күні»

Мақсаты: Музыкалық шығарманы тыңдау және әмоциясын ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

Мектепке, оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: мектеп суреттері, балалар әдебиеті, оқу құралдары, мектеп өмірі көріністерінен көрме; саз аспаптар; 1 үлкен және балалар санына сәйкес ұсақ қоңыраулар мен ағаш таяқшалар.

Қазақстан Республикасының Гимні (үнтаспа). Музыка Әліппе-дәптері.Ән тыңдау. «Қазақстан». С. Мұхамеджанов.

- Ән қалай аталады?

- Қазақстан дегенді қалай түсінесіңдер? (Біздің туған еліміз. Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан).

- Музыка қандай, көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

Балалар сұрақтарға жауап береді, сұрақтар қояды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

- Балалар, бүгін Қазақстан Республикасында барлық елдерде «Білім күні» тойлануда.

- Бүгін қай күн?

- Иә, дұрыс, бүгін 1 қыркүйек - Білім күні.

- Білім күні дегенді қалай түсінесіңдер?

- Оқушыға не қажет?

Олай болса, жұмбақ шешейік:

Қабат-қабат ақ тақыр

Беті тегіс жап-жалтыр.

Қабат сайын тізілген

Қатар-қатар жол жатыр. Бұл не?

Із қалдырып үнемі

Тұмсығымен жүреді. Бұл не?

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Бұл не?

Келесі жылы сендер де мектепке барасыңдар, сондықтан оқушыға не қажет екенін кім жақсы білетінін байқап көрейік.

Ойын: «Кім дұрыс және шапшаң жинайды?»

- Балалар, «Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Білім туралы кім мақал-мәтел біледі?

Ән айту. «Мен бақшаға барамын». Т.Тайбеков.

Ән орындамас бұрын алдымен дауысымызды бір қалыпқа келтіріп алуымыз керек.

Ән жеңіл, көңілді орындалады.

Психологиялық жаттығу: шапалақтың соғуын қайтала.

Музыкалық аспапта ойнау: Қоңырау.

- Қоңырау - сілкіп ойнайтын, ұрмалы музыкалық аспап.

- Қоңырау неден жасалады? Қоңыраудың үні қандай ?.

- Қоңырау не үшін қажет?

Балалар кезектесіп қоңырауларын сілкіп, үрып, дыбысын тыңдайды.

Барлығы қосылып қоңыраумен «Мен бақшаға барамын» әнін қостайды.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Бүгін 1 қыркүйек.









Сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешеді.





















Сөйлемді қалай түсінгендерін айтады.





Ән айтады.

Ән бастар алдында денені тік ұстап, қолды тізеге қойып, дыбыстың дұрыс шығуына жағдай жасау қажет екенін біледі.

















нәзік, ашық, жіңішке, сыңғырлаған.

Бүгін мектептерде балаларды сыңғырлаған күміс қоңырау алғашқы сабаққа шақырады.

Рефлекстік түзету

Бүгін қандай ән тыңдадық? Ол әнді шығарған кім? Қандай күн туралы әңгімеледік? Қандай ән орындадық? Қандай музыкалық аспаппен таныстық?

Педагог қоңырауды соғады: «Қоңырау бізге не дейді? Қош келдіңдер! Сыныпқа еніңдер!» - деп шақырады.

Бүгін алған білімдерін пысықтайды, өз ойларымен бөліседі.

Сұрақтарға жауап береді.

Кұтілетін нәтиже:

Қабылдайды: музыкалық шығарманы тыңдау.

Түсінеді: Әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауды.

Қолдана алады: Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпынады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал