7


  • Учителю
  • Вариативтік компонент арқылы дамыту

Вариативтік компонент арқылы дамыту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Бекітемін

Еңбекшіқазақ ауданы

«Алуа» балалар бақшасының

меңгерушісі: Г.А.Заирова

28.08.2016ж









Вариативтік компонент

«Байқампаздар әлемі»

II-кіші «Айгөлек» тобының жылдық жоспары









































Тәрбиеші: Жамалова С

Курманалиева Л





</



2016-2017 оқу жылы





Алматы 2016 жыл

Бағдарлама негізі: Сағындықов Е. «Қазақтың ұлттық ойындары» - Алматы, Рауан баспасы 1991, «Бала және балабақша» республикалық педагогикалық журнал 2011 ж, Әбілғазин С. Қазақтың ұлттық балалар ойындары. - Алматы , Рауан баспасы 1994.









Құрастырған:









№ «» МДҰ педагогикалық кеңесі отырысында «» бағдарламасы талқыланды









Хаттама № _____ « »« »2016ж









№ «» МДҰ меңгерушісі: __________________

















Қалалық сараптау комиссиясы отырысында «» бағдарламасы мақұлданды.









Хаттама №____ «_____» «____________» 2016 ж.









Сараптау комиссиясының төреайымы _________ ________________





















































Түсінік хат

Қазіргі таңда мектепке дейінгі сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі-сезім тәрбиесі. Сезім тәрбиесі алдымен қоршаған ортадағы болымысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Ең алдымен таным көзі-сезім арқылы қабылдауы,бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.

Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен , оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.

Сезімдік тәрбиемен басталып, математикамен жалғасатын бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. ІІ кішкентайлар тобында сезімдік және құрастыру жұмыстарын орындау барысында баланың математикалық қарапайым ұғымдар жөніндегі түсініктері қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік эталондарды игеруі балабақшада тәрбиелеу мен білім бағдарламасында көрсетілген геометриялық пішіндермен, түстер мен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен көпшілік қабылдаған үлгілерден басталады да, тиімді іс -әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру үрдісінде өтеді. Тәрбиеші ақыл-ой, сезім тәрбиесінің міндеттерін ойын формасында қойып, оны ойынмен байланыстырады.

Бағдарламаның мазмұны:Балалардың қабылдауы мен ұғымын дамыту үшін білімді меңгеру, дағдыны қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде емес қызықты ойын әрекетінде (жасау және табу, жұмбақ айту, шешу, сурет салу, жарыста нәтижеге жету) іске асады. Мақсаты:Математикалық қарпайым ұғымдарды қалыптастыру жұмыстарын тереңдете үйрету (балалардың сезімдік қабылдауына , түйсігінің дұыс бағытта қалыптасуына жағдай жасау).Міндеттері: -Балаларды бірыңғай заттарды сезімдік белгілеріне қарай (көлемі, пішіні, түсіне байланысты) топтауға үйрету;-Баланың қабылдау, ес, ойлау сияқты психикалық процестерін дамыту;

Күтілетін нәтижелер:

Нені білді: Заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексере білуге және бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) ажырата атай білуге үйренеді;

Қандай түсініктерді игерді: Сезімдік тәрбиеде құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тостаған, ағаш қасық, қоржын, сәукеле, тақия т.б ) толық меңгеру;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Баланың өз бетімен жұмыс істеуі;

Бағдарламаның мерзімі: ІІ-кіші топта аптасына 1 рет, жылына 36 сағатқа,

1 жылға құрылған.





Пікір

Алынған «Байқампаздар әлемі» бағдарламасы ІІ кішкентайлар тобы балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкес, математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ойқабілеттерін қалыптастыруға лайықталып құрылған.

Бағдарлама мектепке дейінгі әсіресе кішкентайлар тобында ерекше назар аударатын тәрбие түрі - сезім тәрбиесіне байланысты алынған.

Бағдарламада қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар, жұмбақтар, өлеңдер, тақпақтар, логикалық ойлауға арналған тапсырмалардан топтамалар жасалған.

Әр түрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырып, баланың ақыл-ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады.

Бағдарламада балаларды бірыңғай заттарды сезімдік белгілеріне қарай (көлем, пішін, түсіне байланысты) топтау, әр түрлі заттарды бір сезімдік белгісі (түс, пішін, көлем) арқылы салыстыруға үйрету, сезімдік сапаларына қарайтыңдай білуге үйрету көзделген. Сезімдік материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Математикаға үйрену табиғи жүріп отырады.

Сезімдік ерекшелігі әр түрлі іс-әрекетте бейнелеу өнерінде, құрастыру, түрлі құбылыстырды бақылау кезінде заттарды қасиеттеріне қарай білуге үйрету көзделген.

Заттар мен құбылыстардың сезімдік ерекшеліктері мен сапаларын іс әрекет үстінде бекіту, түрлі пішіндегі көлем мен түсі әр түрлі ұлттық заттарды пайдаланып сезімдік үйрену жан-жақты қамтылған.

Бағдарламаның мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне лайықты, түсінігіне қонымды, балалардың алған әсерін тек сезім тәрбиесінің мақсатында ғана емес, сонымен бірге адамгершілік жәнеэстетикалық тәрбиеге де пайдаланады. Осы бағдарламаны мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда, қолдануды ұсынамын.













Пікір беруші:













Тақырыптық жұмыс жоспарыҮй ішіндегі адамдардың бір-біріне жағымдық қатынасы үлкен,кіші деген ұғымдарды түсіндіру; Отбасы мүшелерінің киетін киімдері жайында әнгімелеп оның математикалық түсініктермен байланыстыру; Салыстыру теңістіру дағдыларына жаттықтыру; Ауызша есеп құрастырып, оны шешу арқылы ақыл-ойын дамыту; ұлттық киімдер әсемдігін сезіндіре отырып көркемдік тәрбие беру;



27.092016

5

Заттарды көлеміне қарай топтастыру;

Топ бөлмесіндегі заттарды бір-бірімен салыстырып отырып көлемдері әр түрлі және бірыңғай заттарды үлкен, кіші екі топқа бөлуге үйрету. Бір пішіндегі көлемі екі түрлі дөңгелектерді ажырата білуге үйрету көлемді ажыратуды меңгерту;



5.10.2016

6

Түстері бойынша топтау;

Түстері әр түрлі, біркелкі заттарды екі топқа бөліп таптау (ағаш, қасық, кесе) үйрету. Сезімдік сапаларды бекіту. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен жаңылтпаш жаттата отырып, тілін дамыту;

12.10.2016

7

Бас киімдер

Жыл мезгілдеріне байланысты қандай киім киетіндеріне тоқтала отырып , пішіні әр түрлі тақияларды түстеріне сәйкес топтауға үйрету. Оларды күнделікті қолданылатын заттар мен байланыстыра айта білуді меңгерту, тақырыпқа қатысты жұмбақтар үйретіп сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету,тақияның суретін жапсыру;

19.10.2016

8

Кеселер

Екі түсті ойыншық кеселерді түстеріне сәйкес топтау. Халық ауыз әдебиеті үлгілерімен жаңылтпаш жаттата отырып, тілін дамыту, кесекнің неден жасалғанын , не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Басқа заттармен салыстыра отырып, көлемін, пішінін, ажырата білуге үйрету, ұқсас заттардың ішінен кесені табуға оның атын дұрыс айтуға жаттықтыру, тақырып бойынша сезімдік сапаларын бекіту;



26.10.2016

9

Пішініне сәйкес, көлемді табу;





Берілген төрт заттан пішініне сәйкес екі затты таңдап ала білуді меңгерту ( қоржын, жатық, сәукеле, камзол). Заттарды пішініне қарай сәйкес топтауға үйрету. Заттарды не үшін пайдаланатның түсіндіру.

02.11.2016

10

Құрақ көрпе құрастыру;

Берілген геометриялық пішінгедерден көрпеше құрастыра білуге үйрету; Үшбұрыштарды, дөңгелектерді, төртбұрыштарды орынымен қоя білуге үйрету. Өз бетінше шығармашылық пен әрекет етуге жаттықтыру;

09.11.2016

11

Көлем, пішін, кеңістік;

Ауыл мен қаланы салыстыра отырып, математикалық ұіымдарын жетілдіру. Санау, көлем, пішін, кеңістікті бағдарлау туралы ұіымдарын бекіту. Құрылыс материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Геометриялық пішіндермен таныстырып, ойын жүйелі жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету;

16.11.2016

12

Кеңістікті бағдарлау;

Математикалық қарапайым түсініктерді , жануарлармен байланыстыра түсіндіру. Тұрған орыннан оң сол алдында, артында, қасында, жанында, орналасқан жануарлардың кеңістіктегі орны дұрыс айтып беруге жаттықтыру. Жұмбақ, жаңылтпаштарды, пайдалана отырып,сөздік қорын молайту, тіл байлығын жетілдіру;

23.11.2016



13

Үйлер мен жалаулар

Балалардың назарын әр түрлі затқа сәйкес түстерді пайдалана білуге аудару, заттық құрамы мен бейнесіне сәйкес түстерді ажырата білулерін бекіту. Отанына дегене сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;



30.11.2016

14

Мұнара құрастыру;

Балаларды текшенің үстіне текшені дұрыс қоя білуге оның үстіне кірпіш қоюға үйрету; құрап отырған мұнара екенін түсіндіріп, балалардың сөздік қорын дамыту, белсенділігін арттыру;

07.12.2016

15

Санау

Балабақша үйінің орналасуына қарай кеңістікті бағдарлау. Заттарды 5-ке дейін санауға үйрету. Топтағы заттардың саны тең, емес тігін анықтау. Тапсырманы зейін қойып тыңдауға, тыңғылықты орындауға үйрету. Дөңгелекпен үшбұрышты ажырата білуге дағдыландыру. 5-ке дейінгі сандарға жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар, айтып тілін дамыту, көркемдік талғамын қалыптастыру, бейнелеуде іскерлік дағдылардына машықтандыру;

14.12.2016

16

Ыдыстар;

Күнделікті отбасында пайданылатын ыдыс-аяқтарды түстеріне және көлеміне қарай екі топқа бөліп топтау. (Ағаш қасықтар)сезімдік сапаларын бекіту. Ағаш қасықтың сапасын ажыратып, оны басқа заттармен салыстырып, қатты, жұмсақ заттарды сипап сезу, ұстап көру арқылы ажырата білуге үйрету. Түсті айыра білуін бекіту, байланыстырып сөйлеуге үйрету;

21.12.2016

17

«Түлкі мен ешкі»

Балаларға ертегі кейіпкерлеріне сәйкес пішінді түстеріне қарай таңдап ала білуге оны ертегі мазмұнына сай қойып мозайкамен жұмыс істеуге үйрету. Өз беттерімен жұмыс істеу қабілетіне арттыру. Жануарларға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу;

28.12.2016

18

« Бесік жыры»;

Қуыршақты бөлеп, көрсете отырып, бесік жырын үйрету. Бесіктің түсін пішінің айыру;

04.01.2017

19

Ойыншықтарды топтау;

Топ бөлмесіндегі түстері әр түрлі ойыншықтарды (заттарды) түстеріне қарай топтауға, бөліп салыстыра, ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын дамыту, байланыстырып сөйлеуге, өздеріне байланысты кеңістікте бағдарлама білуге жетілдіру;

11.01.2017

20

Көпір;

Заттардың пішініне сәйкес құрлыс материалдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету. Әрбір геометриялық пішіндердің түсін атап, одан көпір құрастыру. «Көпір» өлеңін мәнерлеп айттып беріп, оның не үшін керек екенін түсіндіру. Өлең мазмұнындағы қораз үй құсы екенін ұғындыру. Тілін дамытып байланыстырып сөйлеуге үйрету;

18.01.2017

21

Дастархан әзірлеу;

Әр түрлі төртбұрыш қағазды дастархан ретінде пайдаланып қызыл, жасыл, ақ, күлгін, және сары қағаздан немесе картоннан қиып үлкенді -кішілі тостағандар табақтар жасату, қағаздан қиылған бауырсақтардың түсін, пішінің ажыратып дастархан әзірлеу;

25.01.2017

22

«Алма» тақырыбына сурет;

Балалардың тақырыпқа сәйкес түстерді таңдап ала білуін бекіту. Алма пішінін дұрыс бейнелесі білуін, қылқаламмен жұмыс істей білу техникасын меңгерту;

01.02.2017

23

Затты көлемі мен пішініне сәйкес таңдап алу

Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарымен таныстыру. Олардың әрқайсысының көлемі мен пішініне назар аудара отырып, оны не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Осыған сәйкес төрт заттан біреуі, тапсырма бойынша, таңдап ала білуді меңгерту;

08.02.2017

24

Көлемі әртүрлі білезіктер мен сақиналарды топтау

Көлемі әртүрлі білезіктер мен сақиналарды көлеміне сәйкес топтай білуге үйрету. Сезімдік сапаларды іс әрекетте бекіту;

15.02.2017

25

« Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай орналастыру»

Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай тақтайшаға орналастыра білуді түстерді ажырата білуді меңгеру;

22.02.2017

26

Оюларды сәйкес түсті тайақшаларға орналастыру;

Оюларды орналастырғанда үнемі айырбастау арқылы түстеріне қарай тақтауға әр түрлі заттарды түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Балалардың 5 түрлі түсі ажырата білуін бекіту. Салыстыруға үйрету;

01.03.2017

27

Еркін тақырып

Балалардың салатын суретіне сай түстердің дұрыс таңдай білуін, жалпы түстер туралы білімін бекіту;

15.03.2017

28

Матадан немесе оюдан сырмақ текемет құрастыру

Балалардың мата қиындыларынан немесе оюлардан сырмақ, текемет түрлерін құрастыра білуге үйрету. Халық өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу;

29.03.2017

29

Кемпірқосақ

тақырыбына сурет салу

Бейнелеу өнерінде заттардың қасиеттеріне сәйкес түстерді ажырата білуге, оны дұрыс пайдалана білуге үйрету; Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

05.04.2017

30

Кілем құрастыру

Заттарды түр-түсіне қасиеттеріне қарай, қолданылатын ортасына қарай ажыратуға, дейін қоюға тәрбиелеу. Түс - әр түрлі заттардың белгісу ретінде пайдалананылатынын. Түр - талғам екенін түсіндіру, көру, сезу мәдениетін байыту;

12.04.2017

31

Тауық пен балапандар.

Балалардың мозайкамен жұмыс істей білуін бекітіп, әр түсті мозайканы әр затқа сәйкес алып, оны орналастыра білуін бекіту.

19.04.2017

32

«Екі лақ» ертегісі

Балаларға пішіні әр түрлі, бірнеше түсті мозайканы таңдап алуға, оны ертегі кейіпкерлеріне сәйкес мозайкамен белгілей білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

26.04.2017

33

Жаңбыр жауды

Серуен сәттерінде табиғат құбылыстарын түсіндіру арқылы балалардың танымдық білімін тереңдете түсуімен қатар тілін дамыту, сезімін ояту, аспан, қолшатыр, күн, бұлт т.б. сөздерін түсіндіру.

03.05.2017

34

«Көшеде сақ бол»

Балалрды үлгі бойынша бес түспен таныстыру.

Сөздік: Қызыл, қара, сары, жасыл, көк, трактор, машина, бағдаршам.

10.05.2017

35

Балық аулау

Балаларғы балық және су туралы түсінік беру, балықтың көлемін, сыртқы пішінін, түстерін ажырата білуге үйрету, судың сұйық зат екенін балалардың қолын салдырып, сезімдеріне жеткізу. Суды өмірдегі маңызын түсіндіру.

17.05.2017

36

Сәтті саяхат «Тау баурайында»

Заттың құрамымен белгісіне қарай түстерді, пішінді таңдап алып дұрыс орналастыра білуге үйрету.

24.05.2017



Барлығы:



36









Қолданылған әдебиеттер:

  1. Г.И.Долженко. «Байқампаздар әлеміне саяхат», «Аруна» баспасы-2004.

  2. М.Сәтімбекова, Ә.Өмірова, Ж.Сердалиева. «Сәбилердің сезімін тәрбиелеу». 2006.

  3. Типовые методические рекомендации к программе детского сада (Обучение началом математики).

  4. Л.С.Метлина. «Математика в детском саду». Москва «Просвещение». 1984.

  5. Житникова Л.М. «Учите детей запоминать». Москва «Просвещение».

1978.

  1. «Содержание и методы умственного воспитания дошкольников». Москва «Педагогика». 1980.

  2. «М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу». Құрастырғандар: Ж.Мақатова, Б. Иманбекова... «Алматы»,2013.

  3. Э.Г.Пилюгина «Занятия по сенсорному воспитанию». Москва «Просвещение». 1988.

  4. Л.А. Венгер, Э.Г.Пилюгина, Н.Б.Венгер «Воспитание сенсорной культуры ребенка». Москва «Просвещение». 1988.



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал