- Учителю
- Ашық сабақ: Жұмбақтар әлемі
Ашық сабақ: Жұмбақтар әлемі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№22 «Балбөбек» бөбектер бақшасы КМҚК
«Балдәурен» мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы : «Жұмбақ әлемі»
Тәрбиеші: Рахимжанова А.Б.
С/т: «Жұмбақ әлемі»
С/м: Балалардың ертегі туралы білімдерін бекіту
Көру, есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру
Тіл байлығын дамыту
Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу
С/к: Ертегі бойынша суреттер, ұпай -жетондар, үйшік
Сабақтың барысы:
1 Кіріспе:
Шаттық шеңбері: -Балалар, мына суретте не көріп тұрмыз?
Енді осы суреттерді қатыстырып бір -бірімізге жылы лебіздер білдірейік
-Ай, күн, жұлдыз, сақина, доп, алма, гүл, су, сырға, қар
-Айдай жарық бол
-Күндей жылы бол
-Сақинадай әдемі бол
-Алмадай тәтті бол
-Жұлдыздай сұлу бол
-Доптай жеңіл бол
-Гүлдей жайнай бер
-Судай мөлдір бол
-Сырғдай сыңғырла
-Қардай таза бол
2 Негізі: -Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Қандай ертегілерді білесіңдер
Ендеше, балалар, бүгін біз ертегілер елін жұмбақтар арқылы аралаймыз. Сендер қаншалықты ертегі мен жұмбақ әлемінен хабардар екендеріңді тексереміз
- 1 топ: «Бүркіт»
Ұраны: -Бүркіт құстай самғаймыз
- 2 топ: «Қарлығаш»
Ұраны: Бақыт әнін шырқаймыз
1 Тапсырма:
- Терезеде жатпады
Домалаңдап жолға шықты (Бауырсақ)
- Үйшікті тауып маса
Іші толды жанға (Үйшік)
- Қыз шақырды мысықты
Бөліп жеуге мейізді (Мақта қыз бен мысық)
2 Тапсырма:
-Мен ертегі үзіндісін оқимын, ал сендер қандай ертегі екенін табыңдар
- Ерте, ерте, ертеде бір ақырған арыстан өмір сүріпті. Бір күні ол барлық жануарларды шақырып алыпты.
(Бір қазан ыстық су)
- Баяғы заманда әтеш өмір сүріпті. Оның киіміндей киім ешкімде болмапты. Бүр күні тоты құс келіп оның киімін сұрапты.
(Әтеш неге шақырады)
3 Тапсырма:
- Балалар, мына қиық суреттерден ертегі кейіпкерін құрап, қандай ертегіден екенін табыңдар.
4 Тапсырма (музыкалық):
- Алдар Көсенің өлеңін кім айтады?
- Бауырсақтың өлеңін кім айтады?
5 Тапсырма:
- Жұмбақ шешейік
-Күн емес, сағат сайын өскен
Әкесі мен ағасына көмектескен
Кедейлерге жәрдемдескен
Ертегі жігіті -........... -Ер Төстік
-Үйде отырмаған
Далада домалаған
Қызылшеке домалақ
Ол біздің -................ -Бауырсақ
-Сақалы жоқ, мұрты жоқ
Байларды алдайды
Күлкіменен көгерген
Ол біздің -............... -Алдар көсе
Қорытынды