7


  • Учителю
  • Балапанды бақылау. Ашық іс-әрекет ортаңғы топ

Балапанды бақылау. Ашық іс-әрекет ортаңғы топ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған ашык оқу іс-әрекеті

Уақыты: 20.04.2015 жылы

Тобы: «Шұғыла»

Өткізген тәрбиеші: Есенова В.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: «Балапан бақылау»

Мақсаты: Балапан туралы білімдерін кеңейту, құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, қойылым.

Көрнекіліктер: Тауық, балапан, жұмыртқа суреттері, үнтаспа, слайд, дидактикалық ойындар.

Билингвалдық компонент: балапан-цыпленок-чикын

Барысы: Ұйымдастыру.

Тәрбиеші: «Шаттық шеңбер»

Балалар, бәріміз шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдіріп, амандасайық.

Балалар: Қайырлы таң көздерім.

Қайырлы таң құлақтарым,

Қайырлы таң қолдарым

Қайырлы таң аяқтарым,

-Сендер ояндыңдар ма

-Ия біз ояндық

Көздерім көріп тұр,

Құлақтарым естіп тұр.

Қолдарым соғып тұр.

Аяқтарым топылдатты.

Тәрбиеші: -Балалар қазір қандай мезгіл?

-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

Балалар: - Көктем мезгілі.

-Күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршік жарады, гүлдер шығады, құстар ұшып келеді.

Тақтадағы ненің суреті екенін білу үшін жұмбақтың шешуін табамыз.

(Төртке бөлінген сурет, әрқайсысын ашу үшін жұмбақты шешу)

Жұмбақ шешу:

Екі аяғыда жоқ, белінде таяғы да жоқ - (жұмыртқа)

Басы тарақ, арты орақ - (қораз)

Шиқ-шиқ етеді, балпаң-балпаң жүреді - (балапан)

Ерте тұрады, жар шақырады - (қораз)

Балапанның суреті құрастырылып ашылады.

Тәрбиеші: Бүгін балапан туралы, ол немен қоректенеді, дене құрылысымен танысамыз.

Слайд бойынша балапанды таныстыру.

Көрнекіліктермен таныстырып, Немен қоректенеді айтып түсіндіріледі.

Тәрбиеші: - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін-ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен.

(Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды.)

Тәрбиеші: - Балалар, жұмыртқа жарылайындеп тұрған сияқты, бақылап көрейікші. Бұдан не шығады білесіңдер ме?

Балалар: - Балапан шығады.

Тәрбиеші: - Балалар, бұл балапан екен, балапанның түсі қандай? ал оның мамасы қайда екен? Бұл балапанды бағып-қағып өсіру керек, ол үшін қасында үнемі кім болу керек?

-Қане, балалар балапанға көмектесеміз бе? Мамасын тауып көрейік, балапанын іздеп жүрген шығар.

Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт - деп тауық кіріп,

жан-жағына жұмыртқасын іздейді.

Тауық: - Балалар, не болды, менің жұмыртқамды таптыңдар ма? Мынау менің жұмыртқам ғой,

Тәрбиеші: - Тауық, біз балалар болып сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік, содан міне, сіздің балапаныңызды аман-есен.

Жұмыртқа жарылады ішінен сары балапан шығады.

Балапанды торлы шарбаққа салынады.

Тауық: - Балалар, сендерге ризамын. Менің балапанымның қарны ашқан болар, сендер балапаныма жем, тары, су тауып беріңдерші.

Тәрбиеші: - Балалар, балапан немен қоректенеді екен?

Балалар: жем, тары, бидай, нанның қиқымынмен тамақтанады, су ішеді.

(Балалар және тауық бәрі өз қолдарымен балапанға жем-тары, су беріп тамақтандырады.)

Тауық: сендермен бірге балапанымды тамақтандырайын.

Шығармашылық жұмыс

Балапанды дене мүшелерін құрастырып, қиылған жіптерді жапсыру, шөптің арасында жатқан жұмырқа қабығын жапсыру. Балапанды, жұмыртқаны құрастырып, жапсырады. Балапанды дене мүшелерін құрастырып, қиылған жіптерді жапсыру, шөптің арасында жатқан жұмырқа қабығын жапсыру.

Сергіту сәтін жасау.

Тауық: - Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен сендермен қоштасып, үйіме барайын. Сау болыңдар... Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт! - деп кетіп қалады.

Балалар бүгін немен таныстық, не үйрендік, не жасадық. Суреттер жапсырады.

Шиқ-шиқ деп дауыстайды. шарбақта тұрады

.

жұмыртқадан шығады балапан сары,кішкентай

Қорғауымыз керек. жем-тары жейді, су ішеді.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балапанды түріне қарап ажырата біледі;

Қандай түсініктерді игерді: немен қоректенетінін,адам қамқорлығына зәру екендігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қамқорлықпен қарайды, үлгі бойынша құрастырып, жапсырады.







МКҚК №50 «Заңғар» бөбекжайы













Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті





«Балапанды бақылау»





















Өткізген: Есенова Венера





















Орал-2015жыл













Балапанды бақылау. Ашық іс-әрекет ортаңғы топБалапанды бақылау. Ашық іс-әрекет ортаңғы топ

Балапанды бақылау. Ашық іс-әрекет ортаңғы топБалапанды бақылау. Ашық іс-әрекет ортаңғы топ















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал