7


Ашық сабақ Қыс қызығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бөлімі: Тіл дамыту



Білім беру саласы: «Қатынас»



Тақырыбы: Қыс қызығы



Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тәп ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.



Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.



Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.



Мейірімділік жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық.

Бір жадырап қалайық,

Келіп қалған қонақтарды

Сүйіп, сүйіп алайық.



Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.



Шанамен зырғып желетін,

Коньки, шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?



Балалар: Қыс мезгілі.



Тәрбиеші: Жаайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?



Балалар:Қар жауады, аяз болып, боран соғады.



Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

(Балалар қолдарын жоғарыға көтеріп, гуілдейді)



Тәрбиеші: Қатты аяз болғанда не істейміз?

(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)



Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?

(Алақай, деп қолдарын көтереді)



Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы



Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.



Тәрбиеші:

* Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.

* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұй айда қатты суық, үскірік аяз болады.

* Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.



Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз? Қане, іс-қимылмен көрсетейікші.

(Балалар іс-қимылмен көрсетеді)



Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!



Тәрбиеші: Қандай ойындар ойнайсыңдар?



Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.



Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.



Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?



Балалар: Жаңа жыл!



Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар 16 желтоқсан - Елбасы күнін тойлаймыз!

Балалар, мынау ненің суреті?



Балалар: Аққала.



Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?



Балалар: Қардан.



Тәрбиеші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.

Балалар қарды қолмен ұстап көреді.



Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?



Балалар: Ақ.



Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы ма?



Балалар: Мұздай.



Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады?



Балалар: Үш бөліктен тұрады.



Тәрбиеші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?



Балалар: Дөңгелек.



Ғажайып сәт/Осы кезде аққала келеді/



Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.



Тәрбиеші: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа кім келді?



Балалар: Аққала.



Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.



«Қар жинау» ойыны.



Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді.

Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті.



Аққала: 1-тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын айтыңдаршы.



Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.

Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:



Шынығамыз бәріміз,

Иіліп, бүгіліп, денеміз.

Хоккейді де ойнаймыз,

Шаңғыны да тебеміз.

Әрлі-берлі жол салып,

Қар лақтырып, ойнаймыз.

Қорықпаймыз аяздан,

Спортшы болмай қоймаймыз.



2-тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады)



Ақниет: Қыс мезгілі көңілді,

Аспаннан ақ қар төгілді.

Шанамен біз ойнаймыз,

Шаңғы теуіп сырлаймыз.



Айсан: Қар жауғанда топ бала,

Соқты қардан аққала.

Мұрны сәбіз, үп-үшкір,

Көзі көмір, қап-қара.



Барысхан: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.



Қанат: Ауыл сырты - биік жар,

Бізді күтіп, тұр қарап.

Биік жарға шығып-ап,

Жөнелеміз, сырғанап.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қане, балалар ойын ойнап жіберейік.

Аққаламызға суретін құрап берейік.



Ойын: «Аққала құрастыру»



Тәрбиеші: Балалар, енді үйден атааналарымызбен салып келген суреттерімізді аққаламызға, қонақтарымызға таныстырайық.



Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатқан сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жылы кездескенше сау болыңдар!



Тәрбиеші: Балалар аққаламен қоштасайық! (Аққала шығып кетеді)



Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?

Қыс мезгілі.

Бізге бүгін қонаққа кім келді?

Аққала.

Барлығымызға ұнады ма?

Иә.

Жарайсыңдар балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.



«Жүректен-жүрекке»



Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы,





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал