7


  • Учителю
  • Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Көңілді тапқырлар

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Көңілді тапқырлар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан Облысы

Ұлан ауданы

Герасимовка ауылы

Герасимовка орта мектебінің

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Муздапарова Райгуль Адиковна



Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру

Білім беру саласы: Таным

</ Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Көңілді тапқырлар»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балалардың алған білімдерін бекіту.

  2. Тез ойлауға баулу, сөздік қорын дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру.

  3. Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің түрі: Аралас сабақ

Оқу іс-әрекетінің әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, қайталау, бекіту.

Көрнекіліктер: пойыз суреті, слайд, сандар, геометриялық фигуралар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын амандасып алайық.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын!

Аптаның әр күні,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

  • Балалар, қазір қай мезгіл?

  • Қыстың қай айы?

  • Аптаның қай күні?

  • Қыс мезгілі көңілді ме?

  • Балалар, бүгінгі біздің сабағымызда көңілді өтеді деген ойдамын. Бүгін біз қазына аралына саяхатқа барамыз.

  • Алыс жолға немен шығуға болады?

  • Ұшақ, көлік, пойызбен.

  • Біз сендер айтқандай, пойызбен саяхатқа шығамыз.

(Пойыздың суретін көрсету)

Балаларды түстер арқылы екі топқа бөлу.

«Тапқырлар» мен «Зеректер»

  • Балалар енді пойызға отыру үшін билет алайық. Ол үшін мынадай тапсырмалар орындаймыз.

Балаларға оқу - білім туралы мақал-мәтел айтуды ұсыну.

  • Енді балалар барлығымыз пойызға отырып, жолға шығайық.

Кәне, кімнің бойы ұзын?

Паравозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да

Пш-пш-пш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

(Балалар хормен қайталап, пойыз қозғалысын бейнелейтін қимылмен бір орнында жүрісті бейнелейді)

  1. Станция тапсырмасы

«Сандар»

Сан санайық мүдірмей,

Онға дейін кідірмей.

«Тапқырлар» тобы 10-ға дейін тура, «Зеректер» тобы 10-ға дейін кері санайды.

  1. ші станция тапсырмасы

«Санамақтар» айту. 1- ден 10-ға дейін жеке-жеке балалардан сұрау.

3-ші станция тапсырмасы.

«Көршісін тап»

Кіші көршім оң жақта,

Үлкен көршім сол жақта.

Тұрушы еді қасымда,

Қайда кеткен жан-жаққа.

2, 5, 7, 9 сандарының көршісін табу.

4-ші станция тапсырмасы.

«Кім тез есептейді?» (логикалық есептер)

Аулада 5 үйрек,

Қорада 2 үйрек.

Болады барлығы неше үйрек? (7)

5 алманың біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (4)

  • Ал енді балалар, жанымызда сергіту станциясы бар екен. Оған да тоқталайық.

Сергіту сәтін өткізу.

5-ші станцияның тапсырмасы.

«Құрастыру станциясы»

  • Балалар, мынау қандай фигуралар?

Фигураларды көрсету.

  • Осы фигуралардан бейне құрастыруымыз керек.

  • Біздің ауылда қандай өзен бар?

  • Сендер жаз мезгілінде шомылуға барғанда нені судан нені көресіңдер?

  • Балық, бақа.

  • Ал бақа балық сияқты тек қана суда тіршілік ете ме?

Балалардың жауабын толықтыру.

Бақа құрлықта да тіршілік етеді. Сондықтан оны қосмекенді дейміз.

  • Бүгінгі сабағымызда бақаның бейнесін геометриялық фигуралардан құрастырамыз.

Балалар бақаның бейнесін құрастырады. Денесінің қай бөлігіне қандай фигура қойғандарын әр топтан бір бала түсіндіреді.

  • Бақа туралы өлең- тақпақ білесіңдер ме?

2 топта бір баладан шығып, диалог түрінде айтады.

-Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

-Темір терсек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

-Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

-Көрінгенге көп қарап,

Көзім содан тостақ.

-Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талтақ?

-Су ішінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.

  • Өте жақсы балалар, міне қазына аралына да келіп жеттік. Аты айтып тұрғандай, расымен де бұл жерде қазына бар екен.

Қазына аралының суретін слайдтан көрсету.

  • Міне мен сандықша тауып алдым. Кәне, сандықшаны ашайық, ішінде сендерге арналған сыйлықтар жатыр екен.

(Сандықшаның ішінен кәмпиттер алып тарату)

Қорытындылау.

  • Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Сабақ несімен ұнады?

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал