7


  • Учителю
  • Балалардың еңбек әрекетін қалай ұйымдастырамыз?

Балалардың еңбек әрекетін қалай ұйымдастырамыз?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дайындаған: Урисбаева Гулмира Бердихановна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№54

«Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері.



Тәрбиешілерге кеңес: «Балалардың еңбек әрекетін қалай ұйымдастырамыз?»

Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы. Еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын оятып, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын көрсетуге қолдау көрсетуіміз керек. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін оған қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудырғанымыз жөн. Өз-өзіне қызмет етуі балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни үлкендерге көмектесуге үйренуі тиіс. Сонымен қатар еңбек етуге жат қылықтардан еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздықтан жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу керек. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу, еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйреткен жөн. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы «Еңбек түбі - зейнет» екенін түсіндіріп отырсақ, бала еңбектің не үшін керектігін түсінеді. Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады.

ІІ-ші кіші тобындағы еңбек түрлері

Бала еңбегі, әсіресе бірінші кезеңде ойынға жақын болады. Сондықтан тәрбиеші балалардың еңбекке байланысты алғашқы міндеттерін ойынмен: құрылыс материалдарын, ойыншықтарды және т.б. жинаумен байланыстырады.

3-4 жастағы балалардың еңбек әрекеті өте шектеулі, ол өзін күтуден аспайды.Әйтсе де балалардың осы әрекетінің өзіне де жиі-жиі ойын элементтері еніп отырады.

Өзіне-өзі қызмет ету. Бұл жастағы балалар тәрбиешінің немесе басқа балалардың аздаған көмегімен киімін белгілі бір ретпен өздігінен киініп, шешіне білу; киімдерін ұқыпты жинастырып, іліп қою; киімінде байқалған кемшілікті түзеп алуға тырысу, ал қажет болған жағдайда үлкен адамға рахмет айту, қолы мен бетін жууды, қасық, шанышқы, тостағанды қалай ұстауды, үстел басында дұрыс отыруды үйренуі тиіс.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Күнделікті тұрмыста жеңіл тапсырманы орындай білуге деген ынтасын ояту; қасықты, тарелкені, сүрткішті, нан салғышты үстел үстіне ұқыптап қою. Жылдың ІІ-ші жартысынан бастап асханада кезекшілікті ұйымдастырылады оқу іс-әрекетке қажетті құралдарды алып, соңынан орнына жинап қою; ойнап болған соң ойыншықтарды жинау; өз ауласындағы қоқыстарды жинау, жүретін жолдарын, отыратын орнын қардан тазарту.

Табиғаттағы еңбек Бұл топтағы балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, тәрбиешінің көмегімен бөлмедегі өсімдіктерге су құю, үлкен жапырақты сүрту, гүлдердің ірі тұқымдарын себу, пияз отырғызуға, қазылып, өңделген жердегі өсімдіктерді суару, көкіністерді жинау, қар күрейді.

Үлкендермен ықыласты қарым-қатынас жасауға, олардың еңбегіне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.



Ортаңғы тобындағы еңбек түрлері

Өзіне-өзі қызмет ету. Бұл топтағы балаларды кіші тобындағыларға қарағанда анағұрлым таза, ұқыпты болуға, дербес әрекеттерін жетілдіре түсуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу керек.

Балалар белгіленген рет бойынша бір ізді киіну, шешіну дағдыларын меңгеруге бәтеңкесінің бауын байлау, түймелерін салу, киімдерін іліп немесе ұқыппен бүктеп қоюға, үлкендердің көмегімен киімін дер кезінде ретке келтіруге / тазалау, кептіру т.б/ тиіс.

Тұрмыстық шаруашылық еңбек. Балаларды топ бөлмесінде реттілікті сақтауға үйрету: ойыншықтарды, құрылыс материалдарын өздігінен орнына жинау, оларды сындырмау, ойыншықтардың, қуыршақтың киімдерін, төсек орындарын жуу, тәрбиешімен бірге кітап түптерін жөндеу, желімдеу үстінде ойнайтын ойындардың қораптарын бүтіндеу, үстел, орындықтардың, сөрелердің шаңын сүрту. Күз, көктем мезгілдерінде алаңды қоқыстан, тастардан, қураған бұталардан, жапырақтардан тазартуға үйрету керек. Қыста қардан тазартуға үйрету; веранданы сыпыру, ауладағы құмды қайта аудару; сыртқа шығатын ойыншықтарды мезгіл-мезгіл жуып тұру, оларды қоятын сөрелерді ретке келтіру, алаңдағы үстелдер мен орындықтарды сүрту, қыста олардың үстіндегі қарды сыпыру.

Жылдың басынан бастап, асханаға кезекші болу енгізіледі. Тәрбиеші алдын-ала ересек және мектепалды даярлау топтары балаларының еңбегін әңгімелеп береді. Алғашқы айда тәрбиеші кезекшілерді өз істеріне дұрыс үйретіп, тостағанды тұтқасынан, нан салуға арналған ыдысты екі қолымен ұстауды т.б. естеріне салып отырады. Үстел үстіне ыдыс-аяқтарды, нан салатын ыдысты, шыны аяқтарды, шұңғыл табақты, салфетка салатын ыдыстарды, тамақ ішу жабдықтарын: қасық, шанышқы, пышақты қойып шығу.

Жылдың ІІ-ші жартысынан бастап оқу іс- әрекетке кезекші болу енгізіледі.

Тәрбиеші кезекшіні өзі тағайындап, оларға жұмысты өзі бөліп береді. Бала үстел үстіне оқу іс-әрекетке керекті құралдарды, түрлі-түсті қарындашты және тәрбиешінің дайындаған материалдарын таратады, оқу іс-әрекеттен соң оларды жинап алады.

Табиғат аясындағы еңбек. Үйді өздігінен тазалай білуін, табиғат мүйісіндегі мекендеушілерді күте білуін қалыптастыру; өсімдіктерді суару, жемсалғышты, астауды, көкөністерді жуу; астауға су құю және дайын жемді жем салғышқа салу, балыққа жемді өлшеуішпен салу.

Табиғат мүйісіндегі құстарды қыс кезінде күтуге, қажетті сулы және тамыр жемісті өсімдіктер мен гүлдейтін өсімдіктердің тұқымын егуге қатыстыру.

Балаларды өсімдіктерді көшеттеуге, аквариумдағы суды ауыстыруға, алаңдағы қарды тазалауға, қыстайтын құстарға жем дайындауға, тәрбиешіге көмек көрсетуге үйрету.

Гүлзардағы, бақшадағы жұмыстарға қатыстыру / мерзімге сәйкес/, атызға бөлу, атыз араларына құм себу, суару, түбін босату, тұқым себу, көшеттер отырғызу.Еңбекке пайдаланған құралдарды ретке келтіру, тазалау, кептіру, өз орнына апарып қою.



Ересектер тобындағы еңбек түрлері

Балалардың ынтасын арттырып, өздігінен еңбек ете білуге үйрету. Еңбектің мазмұнын кеңейту, әрбір баланың белгілі бір еңбек түріне ұдайы қатысуын қамтамасыз ету.

Берілген тапсырманы өздігінен орындауға үйрету, жеке және ұжыммен, кезекшілік міндетін оқу жылының басында табиғат аясында кезекші болу, атқару, ұжымдық еңбекке қатысу, апта сайын өз бөлмелерін немесе алаңды жинастыру тазалау. Еңбек нәтижесіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Дербес әрекетін жолдастарының әрекетімен үйлестіру, келісе отырып жұмыс істеу. Жолдастарына көмектесу қажеттігін сезіп, оны өз еркімен іске асыру. Жауапкершілікпен еңбектенуге, бастаған істі аяқтауға үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету. Балаларды тез киініп, шешіне білуге, киімдерін шкафқа ретімен ұқыптап жинауға, төсегін жинау, аяқ киімдерін өз орнына қоюға, су болған киімдерін кептіруге, аяқ киімдерін, спорт жабдықтарын: шаңғы, велосипед және т.б. күтіп таза жуу, тазарту, сүртуге, ұстауға үйренеді.

Жеке басының ұқыпты ұқыпсыздығын байқап, шашын тарау, киімін реттей білуге, жолдасының киіміндегі ретсіздікті байқап, әдепті түрде айтуға, көмектесуге баулу.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Айналаны таза ұстауға, жинақылыққа басқалар үшін пайдалы әрекет жасауға үйрету. Балалар кезекші болуға тәрбиеленеді: өз бетімен кезекшілік міндетті жауапкершілікпен атқаруға, дастархан жаюға, үстелді толық жабдықтауға, тамақ кезінде екінші және үшінші тағамды қою. Жемістер, жидектерді т.б. үлестіруге, тамақтан кейін үстел үстінен ыдыстарды жинап алуға үйретіледі.

Тәрбиешінің оқу іс-әрекет үшін әзірлеген материалдар мен оқу құралдарын әкеліп қояды, оқу іс-әрекет аяқталғаннан кейін оларды өз орнына жинайды, қылқалам мен стакандарды, желімдеуге және сурет салуға пайдаланған шүберекті жуады, жұмыстан кейін үстелді сүртеді.

Барлық балалар апта сайын топ бөлмесін тазартуға қатыстырылады. Өздері киінетін шкафтардың, жуынатын бөлмедегі орамал ілінетін сөрелердің, топтағы шкафтардың, терезе алдының, ойыншықтардың және оқу құралдарының шаңын сүртеді. Резинадан жасалған ойыншықтарды, құрылыс ойыншықтарын жуып, қуыршақтың киімін жуып, үтіктейді. Жыртылған кітаптарды, ойыншықтарды жөндеу, жуынған соң еденді сүртіп тазарту керек.

Алаңдағы жолды сыпыру, қыста қарды күреп тазартуға әдеттендіру. Жәшіктегі құмды қопсыту, су құю, аула сыпырушыға, кіші тобы мен бөбектер тобының тәрбиешілеріне топтың алаңын таза ұстауға көмектесу, күтушінің төсек салуына, орамалды өз орнына ілуіне көмектесу, ұйқыдан соң төсектерін өздері жинау.

Еңбек мәдениетін қалыптастыру, белгілі бір әрекет үстінде ұқыптылық сақтау, құрал-жабдықтарды қажетіне қарай пайдалана білу, оларды дер кезінде жинастыру, жұмыс орнында тазалық сақтау.

Бөлмелердің, бақша алаңының таза, жинақылығына қанағаттана білу сезімін қалыптастыру.

Табиғат аясындағы еңбек. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жанашырлықпен қызмет көрсету рухына тәрбиелеу, оларға дер кезінде қамқорлық жасауға үйрету.

Кезекшілік міндетін өздігінен және жауапкершілікпен орындауға баулу: бөлме өсімдіктеріне су құю, топырағын қопсыту, құстарға жем салатын ыдыстарды жуу, жем дайындау, жуу, ұнтақтау, кесу, аквариумдағы балықтардың суын жаңарту, жем беру, өз жұмыс орнын жинастыру, үстелді жинау, сүрту, еденді сыпыру т.б. Тәрбиешімен бірге жануарлардың астына салынған төсенішін: құм, ағаш үгіндісі, шөпті жаңарту, табиғат мүйісін жинастырып, тазарту, тәрбиешімен бірге әр-түрлі маусымдық жұмыстарды орындау.

Күзде Балаларды бақша егістігінен көкөніс, өсімдіктер тұқымын жинауға, гүлзардағы гүл отырғызатын шұңқырларды қазуға, егістіктің, ағаш, бұта түптерінің топырағын қайта қопсытып, өңдеуге үйрету. Гүлдейтін өсімдіктерді қазып алып, бөлмедегі табиғат мүйісіне жергілікті жердің жағдайына қарай егу, шама-шарқына қарай қысқа арнап көкөніс, жеміс дайындауға, қиярды жуу, әбден піскен таза, бұзылмаған, қызанақ, сәбіздерді сұрыптау, қатыстыру.

Қыста Балаларды қыста ағаштар мен бұталарды қардан тазартуға үйрету. Табиғат мүйісінде қысқы егістік жұмысын жүргізу. Тұқым егу, пияз егу, мерекеге арналған гүл өсіру.

Көктемде Егістік жерлердің топырағын қайта қазу, жұмсарту, гүлдер мен көкөністер отырғызуға қатыстыру. Өсімдіктердің өнуін бақылап, баптау, гүлдердің топырағын босатып, бөлмеде өсірілген өсімдікті бақша алаңына егу.

Жазда Бақшадағы гүлзардың топырағын қопсыту, арам шөбін отау, өсімдіктердің түбін көму, оларды суару. Қыста жануарларға, құстарға беретін шөп, өсімдік тұқымдарын жинауға қатысу.

Қол еңбегі Қол еңбегіне қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен әр-түрлі ойыншықтар, сәндік бұйымдар жасауға баулу, қағаздан, картоннан, табиғи материалдардан сюжетті-рөлді ойындарға арнап ойыншықтар: дүрбі, жалауша, сөмке, телпек, кітапша, ойыншық мүліктер, жиһаздар, орамал, салфетка, ата-аналарға, балалар бақшасының қызметкерлеріне, кіші тобындағы балаларға сыйлықтар жасауға үйрету.

Материалды қажетіне қарай үнемдеп жұмсау, еңбектеніп жасаған заттарын сақтай білу, өз қалауы бойынша кітаптарды жөнге келтіру, қуыршақ киімдері мен ойыншықтарды жөндеуге үйрету.

Оқу іс-әрекетке және өз бетімен жұмыстарына керекті құралдар қораптар, ине түйрейтін жастықшалар, санау материалдары жасауға үйрету.

Мектепалды даярлау тобындағы еңбек түрлері

Мектепалды даярлау тобында балалардың өсу мүмкіншілігі кеңейіп, күші мен қимыл ептілігі ұлғаяды, ұжымдық қарым-қатынастың дамуына байланысты еңбектің қоғамдық мәнін түсіне бастау пайда болады. Бұл топта бұрынғы топтарда үйретілген еңбек түрлері күрделенеді. Еңбекке баулу арқылы жағымды міне-құлық дағдыларын қалыптастырып, үлкендер еңбегіне құрмет, кішіге ізет, мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерін, еңбек әрекетіне қызығушылығын арттырып, сүйіспеншілік сезімін тудыруға тәрбиелейді. Еңбек әрекетін ұйымдастыруда баланың өзінің ынтасының болуы, еңбек нәтижесін мадақтау, сендіру тәсілдері арқылы өз жолдастарының еңбегін бағалай білу, еңбекке деген дұрыс көзқарастың болуы еңбекке бейімдеудің негізі болмақ.

Өзіне-өзі қызмет ету. Өз бетімен киімдерін өз орнына жинау, рет-ретімен киіну: шұлық, шалбар, аяқ киім, жейде, орағыш, сырт киім, бас киім. Шешіну: бас киім, сырт киімді шешіп, өз орнына ілу, жейдені, шалбарды, орағышты шкафтың жоғары сөресіне жинау, киімнің ілгегін салу, аяқ киімінің бауын байлау, өз киімінің тазалығына көңіл бөлу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жолдастарына көмек көрсетіп, жасалған көмек үшін рахмет айту, серуенге шыққан кезде басқа балаларды кешіктірмеу, ұйқыдан тұрған соң төсегін жинау, күтушіге төсек ауыстыру кезінде көмек көрсету, үлкендер еңбегін құрметтеуге үйрету.

Жеке мәдени гигиеналық машықтары: Өз бетімен ескерту жасатпай беті-қолын жуу, тамақ ішер алдында жуыну, тамақ ішіп болған соң аузын шаю.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Топ бөлмесін тазартуға қатыстыру, ойыншық бұрышындағы ойыншықтарды жуу, тазарту, жинап ретке келтіру, орындық, терезе алдының, жиһаздардың шаңдарын сүрту, қуыршақ киімдерін жуу, үтіктеу,

Жыртылған кітаптарды, ойыншықтарды жөндеу, жуынған соң еденді сүртіп тазарту.

Алаңдағы жолды сыпыру, қыста қарды күреп тазартуға әдеттендіру. Жәшіктегі құмды қопсыту, су құю, аула сыпырушыға, кіші тобының тәрбиешілеріне топтың алаңын таза ұстауға көмектесу, күтушінің төсек салуына, орамалды өз орнына ілуіне көмектесу, ұйқыдан соң төсектерін өздері жинау.

Еңбек мәдениетін қалыптастыру: белгілі бір әрекет үстінде ұқыптылық сақтау, құрал-жабдықтарды қажетіне қарай пайдалана білу, оларды дер кезінде жинастыру, жұмыс орнында тазалық сақтау.

Бөлмелердің, бақша алаңының таза, жинақылығына қанағаттана білу сезімін қалыптастыру.

Асханадағы кезекшілік. Өз бетімен тәрбиешінің ескертуінсіз кезекшілік міндетті атқару, өз бетімен таңертеңгі, түскі, бесінгі асқа үстелді дайындау, алдымен сүрткішті қою, тостаған, тәрелке қасық, шанышқы, пышақты, дұрыс қою. Пышақты тарелкенің оң жағына, қасына үлкен қасықты қою, сол жағына шанышқыны қою, екінші тамақты тарату, екі қолмен ұстау, тәрелкені тарсылдатпай қою, үстел үстінен ыдыстарды жинау, тарелкедегі тамақ қалдығын тазалау, өзі үшін ғана емес, жолдастары үшін де жұмыс жасау, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекет кезіндегі кезекшілік. Бояу, қылқалам, су құйылған ыдысты, сүрткішті тарату, бояуға арналған ыдысқа су құйып әкелу, бояуды үстелдің ортасына қою, оқу іс-әрекетке керекті құралдарды тарату, оқу іс-әрекеттен соң топты ретке келтіру, үстел, орындықтарды, құралдарды өз орнына тез жинау, үстел мен орындықтарды тарсылдатпай дұрыс қою, бірге келісіп жұмыс жасау, жасаған жұмысын аяғына дейін жеткізу керек.

Табиғат аясындағы еңбек Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға үйрету, оларға жанашырлықпен қызмет көрсету рухына тәрбиелеу керек.

Табиғат бұрышындағы кезекшілік. Бөлме өсімдіктерін күту, суару егер горшоктан жәй дыбыс шықса ылғал, ал қатты дыбыс шықса құрғақ екендігін білдіреді. Гүлдерге арналған таяқшамен топырағын қопсыту, гүлдердің жапырақтарын алақанға қойып, сулы шүберекпен сүрту. Табиғат бұрышындағы жануарларға, құстарға жем беру, жем салатын ыдысты жуу, төсеніш ретінде құм және ағаш үгіндісін себу. Аквариумдағы балықтардың суын жаңарту, тастарды, ракушкаларды жуу, балықтарға ескерту жасатпай белгілі бір уақытта жем беру, балықты ұстайтын құралмен ұстап, таза су құйылған ыдысқа жіберу, егер балық судың бетінде жүзіп жүрсе, оның суын ауыстыру керектігін түсіндіру. Берілген тапсырманы орындаған кезде жауапкершілікпен, ынтамен орындауға үйрету керек.

Топ бөлмесіндегі табиғат бұрышы, ауладағы гүлзарлар мен гүлдіктерде еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Күзде Балаларды бақша егістігінен көкөніс, өсімдіктер тұқымын жинауға, гүлзардағы гүл отырғызатын шұңқырларды қазуға, егістіктің, ағаш, бұта түптерінің топырағын қайта қопсытып, өңдеуге үйрету, носилкамен қоқыстар, түскен жапырақтарды тасу. Гүлдейтін өсімдіктерді қазып алып, бөлмедегі табиғат мүйісіне жергілікті жердің жағдайына қарай егу, шама-шарқына қарай қысқа арнап көкөніс, жеміс дайындауға, қиярды жууға, әбден піскен таза, бұзылмаған қызанақ, сәбіздерді сұрыптауға қатыстыру.

Қыста Балаларды қыста ағаштар мен бұталарды қардан тазартуға үйрету, күректі қолданып, шанамен қарды тасу. Сыпырғымен ауызғы үйдегі /веранда/ қарды сыпыру. Қыстап қалатын құстарға жем беру, нан қалдықтары, сөк т.б. ыдыстарын тазарту. Тұқым егу, пияз егу, мерекеге арналған гүл өсіру.

Көктемде Егістік жерлердің топырағын қайта қазу, жұмсарту, бақшаға егілетін көкөністер, көктемде жерді тазарту, өңдеу, қопсыту, көшеттер отырғызу, жеміс ағаштарын күту жайында түсіндіру. Топ бөлмесіне пияз тұқымын отырғызу, оның өніп-өсуін бақылау және күтіп баптау.

Жазда Бақшадағы гүлзардың топырағын қопсыту, арам шөбін отау, өсімдіктердің түбін көму, оларды суару, араларын түптеп, сынған өсімдік сабақтарын байлайды. Қыста жануарларға, құстарға беретін шөп, өсімдік тұқымдарын жинауға қатысу.

Қол еңбегі. Ересек тобындағы еңбек мектепалды даярлау тобында күрделене түседі. Қол еңбегіне қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен әр-түрлі ойыншықтар, сәндік бұйымдар жасауға баулу, қағаздан, картоннан, табиғи материалдардан сюжетті-рөлді ойындарға арнап ойыншықтар: дүрбі, жалауша, сөмке, телпек, кітапша, ойыншық мүліктер, жиһаздар, орамал, сүрткіш жасауға үйрету. Ата-аналарға, балалар бақшасының қызметкерлеріне, кіші тобындағы балаларға сыйлықтар жасауға үйрету керек. Материалды қажетіне қарай үнемдеп жұмсау, еңбектеніп жасаған заттарын сақтай білу, өз қалауы бойынша кітаптарды жөнге келтіру, қуыршақ киімдері мен ойыншықтарды жөндеуге үйрету керек. Оқу іс-әрекетке және өз бетімен жұмыстарына керекті құралдар: қораптар, ине түйрейтін жастықшалар, санау материалдары жасауға үйрету керек.









Пайдаланған әдебиеттер:

1.Башен Баймуратов, Галина Дукенбаева, Малипа Сатимбекова, Айсулу Мангалова, Перде Есимбетова

Методические рекомендации к программе воспитания и обучения в детском саду.

2.О.И. Стреляева. Организация трудовой деятельности детей дошкольного возраста.



















Балалардың еңбек әрекетіне қарым-қатынасы



Аты-жөні

Өз бетімен

еңбектене ме?

Еңбекке

жауапкер

шілікпен

қарайды

Ынтамен

жұмыс

жасайды

Еңбектің бар түрімен

шұғылданады

Жұмысқа

барынша

беріліп

жасайды

Ескертуді

қажет

етеді



Жұмысқа

жәй

араласады

Жұмысқа

ден қоймайды



Ескерту







1





















2





















3





















4





















5





















6





















7





















8





















9





















10





















11





















12





















13





















14





















15





















16





















17





















18





















19





















20





















21





















22





















23





















24





















25































Балаларды қызықтыратын еңбек түрлері



Аты-жөні

Топты

тазалау

Асханадағы

кезекшілік

Табиғат

бұрышындағы

еңбек,

кезекшілік

Оқу іс-әрекетке

дайындық,

кезекшілік

Ойыншық немесе қуыршақтың

киімін жуу

Кішкентайларға

көмек

Табиғи материал-

дардан

құрастыру

Ескерту

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















8



















9



















10



















11



















12



















13



















14



















15



















16



















17



















18



















19



















20



















21



















22



















23



















24



















25























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал