| 
          
       "Денсаулық-басты байлық" 
       
      ( Отбасылық  спорттық  мереке ) 
       
      Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза
      ұрпақ тәрбилеу.
       Қажетті құралдар: 
       
      Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке
      ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
       Жүргізуші: 
       
      Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!
       Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында
      айтылғандай,"Салауатты өмір салтын" үстау қазіргі таңда
      өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 
       
      Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,
      парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру
      отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені
      баршамызға аян. 
       
      Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты
      халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты,
      шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. 
       
      Соның бір шарасы "Денсаулық-басты байлық" атты отбасылық
      сауықтыру сайысына кош келдініздер. 
       
      Бүгінгі сайысқа "Балбөбек","Айгөлек" тобы ата-аналары
      қатысқалы отыр. 
       
      Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға
      шақыралық. 
       
      "Балбөбек" тобы : 
       
      Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, 
       
          Бәріміз  біріміз  үшін, 
       
      "Айгөлек" тобы: 
       
      Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз. 
       
      Жүргізуші: 
       
      Бала өсірген ата-ана, 
       
      Бала болып ойнайды, 
       
      Бала тәрбиелеген тәрбиеші, 
       
      Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.
       Жүргізуші: 
       
      Ат өнері білінбес, 
       
      Бәйгеге түсіп жарыспай. 
       
      Ер өнері білінбес, 
       
      Қоян-қолтық алыспай. 
       
      "Ат жарысқа" кезек берелік. 
       
      Шарты:  
       
      Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп,тау
      басында тұрған  ананы үңгір астынан өткізіп, алып
      шығып,өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.
       Жүргізуші: 
       
      Қалма жүрттың соңында, 
       
      Қажет болса мың атта. 
       
      Аздық етер оныңда, 
       
       Жету үшін мұратқа. 
       
      "Тез адымда" сайысы. 
       
      Шарты: 
       
      Бас пен аяқ киім киіп , (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар
      тасу. 
       
      Жүргізуші: 
       
       Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші. 
       
      Ептісі деп сайыстың жүрейікші. 
       
      "Кім епті" сайысы . 
       
      Шарты: 
       
      А) Үңгір астынан өту. 
       
      Ә) Жіппен секіру. 
       
      Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру. 
       
      Жүргізуші: 
       
      Топ болып біз жүрейік, 
       
      Ойнайықта күлейік. 
       
      Достық деген тамаша, 
       
      Міне тұрмыз жараса! 
       
      "Балық аулау" сайысы. 
       
      Шарты: 
       
      Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп,шығыршыққа ілінген
      балықтарды жылдам себетке тасып салу. 
       
      Жүргізуші: 
       
      Жарқын,шаттық заман болсын, 
       
      Отбасымыз аман болсын. 
       
      Сыйластық пен бірлік болып, 
       
      Әрқашан орта толсын. 
       
      (  Қортындылау, мадақтау ).
  |