7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: ««Көктемгі гүлдер»»

Тәрбие сағаты: ««Көктемгі гүлдер»»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Гүлдер

Мақсаты: Түстерді ажырата білу, көктем туралы білімдерін толықтырып, гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын айтуын, оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Әдемілікті сезіне білуге, көктемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, слайд көрсету, сұрақ - жауап, сергіту, мадақтау.

Көрнекіліктер: Слайд, бөлме, дала, емдік гүлдері, ашылған картоп, түрлі - түсті гуашь.



Педагог:

- Балалар, бүгін бізде өте ерекше күн, себебі бізге көптеген апайлар келіп отыр.

«Сәлем - сөздің атасы, деген халқым,

Сол халқымның сақтадық ғажап салтын,

Сәлем берейік иіліп баршаңызға,

Ізетпенен алдыңда осы қалпым»- деп, алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.

- Сәлеметсіздер ме!

Балалар тәрбиешімен амандасады. Шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Шаттық шеңбері:

«Сурет салсам - гүл саламын,

Гүлге толып тұрса алаңым»- деймін мен.

«Сурет салсам - күн саламын,

Күндей күліп тұрса маңым»- деймін мен.

«Сурет салсам - қала салам,

Болсын барлық баласы аман»- деймін мен.

«Сурет салсам - Адам салам,

Қорған болсын, маған, саған»- деймін мен.



Педагог:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі.

- Өткен оқу іс - әрекетімізде ненің суретін салдық?

- Үйдің суреті

- Үйдің нелері болады?

- Қабырғалары, шатыры, терезелері, есігі.

- Терезелердің алдында не тұрады?

- Гүлдер.

- Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетімізде гүлдер туралы өтеміз.

- Гүл дегеніміз - өсімдік, олар өмір сәні, табиғат көркі. Гүлдер терезелердің алдына сән бергенімен қоймай, бөлме ауасын тазартады, адамдарға жақсы көңіл - күй сыйлайды. Гүлдердің де жаны бар, адамдармен сөйлескендей олармен де сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, сүйіспеншілікпен қарап, еркелетіп тұру қажет. Гүлдердің құрлысы: тамыры, сабағы, жапырағы, тостағаншасы, күлтешелері, аталығы мен аналығы.

- Гүлдердің ұзақ уақыт ауырмай, жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыңдар?

- Махаббатта.

Гүлдер өсіп тұрған бөлмеде біз өзімізді қуанышты сезінеміз, көңіліміз көтеріңкі болады. Олардың көптеген түрлері болады. Түстері де әр түрлі болады.

Гүлдер үш топқа бөлінеді:

дала гүлдері, бөлме гүлдері, емдік гүлдері. (Слайд арқылы көрсету). Әр қайсысына жеке - жеке тоқталу. Мысалы:



Дала гүлдері: бәйшешек, раушан, қызғалдақ, бақбақ, астра. Бұл гүлдер көктемде, жазда өседі.

Раушан гүлі - хош иісті гүл. Бұл гүл далада өседі. Оны мерекелерде, сый құрметтерде беріледі

Бөлме гүлдері: әйел бақыты, доллар гүлі, кактус, фикус, пальма. Бұл гүлдер жылдың төрт мезгілінде бөлмеде өседі.

Әйел бақыты - тропикалық аймақта өсетін бұл гүл аса талғампаз, әрі күтімді қажет етеді. Гүлдің жақсы өсуі үшін жарық, ылғалды ауа және бөлме температурасы бірқалыпты, яғни жылы болу керек.

Емдік гүлдері: алоэ, анис, адыраспан, түймедақ, қалампыр. Бұл гүлдер бөлмеде де, далада да өседі

Алоэ гүлі - оның жапырақтары тікенекті болғанымен қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, егер де жүгіріп бара жатырып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп біраз уақыт ұстап тұрсақ, жара жылдам жазылады.

(Балалар тыңдайды.)

- Балалар, мен сендерге тәжірибе жүзінде гүлді қалай отырғызу, қалай күтіп баптау керектігін көрсетемін. Алдымен, гүлдің өскінін қиып алып, оның тамыры шыққанша суға салып қоямыз. Шелекке құнарлы топырақ салып, тамыры бар өскінді сол топыраққа отырғызамыз. Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, гүлдердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін, топырағын қопсытамыз.

Педагог гүлге су құйып, топырағын қопсытып көрсетеді.

(Балалар қарайды, үйренеді.)

- Балалар, гулдер өздерінше қуана да, мұңая да алады екен.

- Балалар, сиқырлар әлеміне барғыларың келе ме?

- Ендеше «ТАЙО» автобусымен барайық.



Слайд көрсету.



- Міне, «Сиқырлар әлеміне де» жетіп қалдық.

Педагог өзі сиқыршыға айналып, балаларды сиқырлап, суретшіге айналдырады.

- Ендеше балалар, қазір мен сендерге дала гүлдерінің суретін салдыртқым келіп тұр.

- Алдымен, мен сендерге жаңа әдіс, Триз әдісін қолдану арқылы, табиғатта өсіп тұрған гүлдердің суретінің салу жоспарын көрсетемін. Триз әдісі дегеніміз - кез - келген нәрселермен сурет салу.

Балалар интербелсенді тақтаға назар аударады.

(Слайд арқылы табиғатта өсіп тұрған суретті көрсету)

Алдымен педагог, табиғатта өсіп тұрған гүлдердің суретін салып көрсетеді. Осы гүлдерді балаларға ұжымдық жұмыс арқылы салдыру.

Сергіту сәті: слайд көрсету.

(Видео арқылы сергіту жаттығуын орындайды.)

Балалардан тақпақ сұрау, гүл туралы ертегі оқып беру, топқа оралу.



1. Жұмбақ жасыру:

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын

Бұл немене, балалар,

Үзуге адам қимайтын. (гүл)



2. Дидактикалық ойын: « Гүлді ретімен орналастыр!»

(Балалар ойынның шарты бойынша суреттерді рет - ретімен орналастырады).



Қорытындылау:

- Жарайсыңдар балалар! Сендер қандай гүлдермен таныстыңдар?

- Дала гүлдері, бөлме гүлдері, емдік гүлдері.

- Қандай дала гүлдерін, бөлме гүлдерін, емдік гүлдерін білесіңдер?

(Балалар гүлдердің аттарын атап өтеді.)

- Гүлдердің түстері қандай болады?

- Әр түсті, қызыл, сары, көк т. б.

Жапырақтарының түсі қандай?

- Жасыл

</<font face="Times New Roman, serif">- Өте жақсы, бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетімізге барлығыңыз да өте жақсы қатыстыңыздар! Гүлдердің суретінде әдемі етіп салдыңдар.



Оқу іс - әрекетіне белсене қатысқан балалардың есімдерін атап өту. Қонақтармен қоштасып, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.



Жылулық шеңбері:

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып.

Көріскенше күн жақсы,

Сау - саламат болайық!



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Гүлдердің түрлерін, олардың аттарын.

Игереді: Есте сақтау қабілетін дамытады, табиғаттың, гүлдің суретін салуды

Меңгереді: Түстерді ажыратуды, ұжыммен жұмыс жасауды



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал