7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты «Көңілді шырша мерекесі!»

Тәрбие сағаты «Көңілді шырша мерекесі!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ «Көңілді шырша мерекесі!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың аяз атаның, ақшақардың, қоянның, қасқырдың,түлкінің, аңшының карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, аязата, ақшақар, қоян, қасқыр, түлкі, аңшы, қой, мешін, балалар, ата - аналар..

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) тезірек, тездетіп мында жиналыңдар! Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзі мектеп директоры:

Рахила Молдағалиқызына беріледі.

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Аппақ, апппақ жапалақтап»

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем боп безендірілген не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!





Олай болса жаңа жыл шырасын бастауға рұқсат етіңіздер.

Жаңа ғасыр еңселеніп еніп тұр

Жаңа үмітпен ,жақсылықпен келіп тұр

Бойындағы бар мейірім шашатын

Балдырғандар өздеріне беріп тұр.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Нұрын шашып бар әлемге тарайды.

(Осы кезде боранның дауысы шығады)

Ән: «Шыршы жыры»

Қоян: (Осы кезде қоян шығады)

-Ой,ой мен қай жақта жүрмін ? балалар сендер жасыл шырша мерекесін бастап кеткенсіңдер ме? Мен орманға шырша кесіп алуға келгенмін. Мен адасып қалдым, боран соғып өзімнің қайда жүргенімді білмеймін. Оның үстіне қасқырдан қорқамын. Жаңа мен осы жаққа келе жатқанда жолда қасқыр көрдім. Сендер оны көрмедіңдер ме?

Түлкі: Ха-ха сен су жүрек қоян осы жаққа келгенсің бе?

Қоян: Балалар ,-әне ,әне қасқыр...

Түлкі:ХА-ха-ха Әй,қорқақ қоян,мен қасқырмын қазір сені ұстап алып жеймін.

Қоян:Балалар көмектесіндерші (шыршаны айналып жүгіреді)

Аңшы: (осы кезде мылтықтың дыбысы). Аңшы кіреді. Қоян тығылып қалады. Түлкі де тасаға тығылады.

-Балалар жасыл шырша мерекелерің құтты болсын!. Неге маған бәрің біртүлі қарайсыңдар?

Қоян: осы кезде ыршып шығады.

Аңшы: - өй мына қоян қай жақтан шықты -деп мылтығын кезейді. Ой ағатай айтпаңызшы, - деп жалынады. Мен өзім қасқырдан қашып жүрмін. Қасқыр қайда, қане көрсетші, - дегенде:

Түлкі: шыршаны айналып қаша жөнеледі. Аңшы оны қуып ұстай алмайды.

Аңшы: өй, қоян сенің қасқыр деп жүргенің түлкі екен ғой.

Қоян: жоқ ол маған қасқырмын деп мені жеу үшін аңдып қолына түсіре алмай жүр.

Аңшы: сен өмірі қасқыр көрмегенсің бе?

Қоян: Жоқ-жоқ ол қандай болады.

Аңшы: мен барып жаңағы түлкіні атып алайын Жаңа жылға. Жақсылап әдемі терісімен жаға жасап, сөйтіп өзіме сый жасаймын.

Қоян: балалар, айтыңдаршы, қасқыр қандай болады?

Осы кезде қолында балтасы бар қасқыр кіреді.

Қасқыр: Мен өзімнің көкжалдарыма Жаңа жыл шыршасын осы жерден шауып алсам қайтеді.

Қоян: Жо-жоқ оны шаппаңыз. Ол мына балалардың шыршасы.

Қасқыр: Ау қоян сен қайдан шықтың. Сенің ақылың керек болып тұр маған. Қасыма жақын келші.

-Ал, ал айта ғой. Қай шыршаны шауып алайын?.

Қоян: Ал, сен кімсің ?

Қасқыр: мен сенің досыңмын. Қорықпа маған жақын кел.

Қоян: шын айтасың ба?

Қасқыр: әрине.

Қоян: мен ешкімнен қорықпаймын, тек қана қасқырдан қорқамын.

Қасқыр: -а солайма. Қасқырды танисың ба?

Қоян: жоқ, жоқ көрген жоқпын.

Аңшы: (мылтықтың дыбысы). Түлкіні қуып келеді.

Қасқыр: осы кезде тез жасырынады.

Қоян: олда тығылады.

Аңшы: келіп балтаны көріп,

-Мына шыршаны кім шапты?, - деп балалардан сұрайды.

Қоян: оны менің досым шауып алып өзінің көкжалдарына шырша мерекесін өткізбекші.

Аңшы: не деп тұрсың, бұны қасқыр шапты ма? Ол сенің қашаннан бері досың еді?

Қоян: -қасқыр ,қалай? Ол, не масқара? Балалар сендер маған неге айтпадыңдар?

Қасқыр: -О, мына қойды қара ,осы қойды жеп қарынымды бір тойдырсам.(қарынын сыйпалайды)



Аңшы: Тоқтат, ( мылтықтың дауысы шығады), қойға тиспе.Қой біздің қоштасқалы отырған ескі жылымыз. Қой жылында Еңбек ауылының балалары жаңа мектепке кіріп,алғашқы жаңа жыл мерекесін тойлады.Бұл үлкен қуаныш.Ал енді кезек сенде қой (осы кезде қасқыр мен түлкі қашып кетеді.

Қой:Қуанышты ортамыз сазға ұласқан, тілегі болсын мәңгі ашық аспан 2016 жылы қадам басқан гүлденіп көркейе бер, Қазақстан! Келесі жыл бастауын Мешінге беремін. (Сахнаға Мешін шығады).

Жүргізуші: Ар, бол жаңа жыл! Бар бол жаңа жыл! Қадамың құтты болсын жаңа жыл.

Мешін: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігемін деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім шапшаңдығым.

Қой: ал енді мен кетейін. Қош сау болыңдар.

Барлығы: Қош бол қой жылы.

Қоян: аңшыға өзіңізге көп-көп рахмет мені аман алып қалғаныңызға. Балалар сендер шырша мерекесін неге бастамай тұрсыңдар?

Аңшы:

Шырша мерекесін бастау үшін Аяз ата мен Ақшақарды шақыру керек қой, Қане балалар бәріміз бірге Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! (Бәрі қосылып шақырады).

Аяз ата:

Амансыңдар ма?

Ұлдарым мен қыздарым

Асулар мен алысқан.

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан

Өздеріңе оралдым

Бар сыйлығым - көп менің.

Керемет бір ән тыңдап

Келіп отыр демалғым.

Ақшақар:

Жүректерге жыр қонсын

Шаналарға нұр толсын.

Жаңа жылдық әуені

Ал, қанекей шырқалсын

Қоян: Аяз ата Ақшақар шыршамызды жағып, шырша жанында ән шырқайық.

Ақшақар: бәрекелді балалар шыршамызды жағайық. Қане балалар шыршаны жағу үшін сыйқырлы сөз айтайық. (Бір, екі, үш жарқ ете түс) бірнеше рет қайталайды.

Ақшақар: Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай керемет.

Аяз ата: қоян, ақшақар менің балалармен ойынын ойнағым келіп тұр.

Ақшақар: Олай болса «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)

ойын ойнайық.

Аяз ата: Ақшақар қызым, балалардың жаңа жыл шыршасына дайындап келген өнерлерін тамашалайық.

Ән:

Би:

Ән:

Би:

Ән:

Би:

Ақшақар: Ал ендеше балалар бәріміз бірге би билейік.

Аяз ата:

Айналайын бөбектерім, қызықтарым.

Айналайын момын ерке бұзықтарым,

Әрдайым ашық болып көңілдерің

Әрдайым шаттық болсын өмірлерің.

Келесі кездескенше сау болыңдар!

Ақшақар:

Уақыт деген шарайна

Асықпауға қарайма?

Жылдар жылжып, қыс келіп

Қар түсіпті маңайға.

Ақ тілектер ақ қардай

Ұқсас бейне арайға

Жаңа жылдың жарқын кеші

Аяқталды бұл сарайда.

-Аяз ата балаларға арнайы әкелген сыйлықтарымызды үлестірейік.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.

Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.

Сау болыңдар, балалар





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал