7


  • Учителю
  • Статья на тему: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыруда мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Статья на тему: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыруда мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Теміртау қаласы әкімдігі,

Теміртау қаласының білім беру бөлімі ММ

























БАЯНДАМА



Тақырыбы:«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыруда

мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында

рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.





Тема: Формирование нравственно-духовных ценностей у детей дошкольного возраста в условиях реализации

</ национальной идеи «Мәңгілік ел»

















Дайындаған:

Теміртау қаласы әкімдігі,

Теміртау қаласының білім беру бөлімі

«№9 «Ақбота» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны

ІІ санатты тәрбиешісі:

Өтепова Шуға Жусиповна















Теміртау 2016ж

БАЯНДАМА

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыруда

мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында

рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.



Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балаларды дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, бойында басқа да игі қасиеттері бар, қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеті: Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптасты-рып, еңбек сүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Мәңгілік ел болашағы- білімді ұрпақ,саналы жастар! Ендігі ұрпақ- Мәңгілік Қазақтың перзенті. Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы- Мәңгілік Ел!...

Н.Ә. Назарбаев

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік ел идеясы.

Президент 2014 жылы қаңтар айындағы «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Тәуелсіз жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат - бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз - Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде - бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ - бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі!

Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсұт - баланың тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару. Әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор.

2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды.

Қазіргі қоғамда білім берудің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі дамыту болып табылады. Мектепке дейінгі жас - әрбір адамның өміріндегі ең жарқын қайталанбайтын шақ, жеке тұлғаның алғашқы қалыптасу кезеңі, баланың өзіндік тануы мен даралағының қалыптасу кезі.

Нақты осы кезде баланың адамдар әлемімен, табиғатпен, заттармен байланысы басталады. Адами құндылықтарға, мәдениетке тартылуы байқала бастайды. Денсаулығының іргетасы қаланады.

Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар қалыптасады.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді. Осы мақсатта өз тобымызда балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыруда өз бетінше жасайтын жеке жұмыстарына көбірек назар аударамыз. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деп айтқандай, мен өзімнің іс -тәжрибемде балаларға мүмкіндігінше ертегілерді оқып беріп, түсіндіріп сахналатамын. Өйткені ертегі бойында жақсылық пен жамандық, батырлық, жауыздық, қорқыныш пен әділетсіздік қатар жүреді. Ертегілерді сахналауда балалар кейіпкерлердің мінез-құлықтарын көрсете отырып, әр бір кейіпкердің жақсы жағын үйренуге, жаман жағынан жиренуге талпынады.

Мәселен, «Жеті лақ» ертегісі арқылы үлкеннің, яғни әке-шешенің айтқанын екі етпей тыңдауға, және де бөтен адамдарға есікті ашпауды үйренсе, ал «Шалқан» ертегісін сахналау арқылы шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді, бір-біріне деген қамқорлық жасауға, көмектесуге үйренеді. Сондай-ақ балалармен ертегі кейіпкерлері сомдауда оларға әсері мол болды.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы эқсперимент ретінде жүргізіліп келеді.

«Өзін-өзі тану» пәні - баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

№9 «Ақбота» бөбекжайында 11-22 ақпан аралығында болған «Өзін-өзі тану» апталығын өткізу тобымыздың бүлдіршіндері үшін маңызды орын алды. Өткен оқу іс-әрекеттерден алған әсерлері ерекше болды деп айта аламын.

Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.

Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз.

Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша

қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Топ ата-аналарымен бірге әр түрлі спорттық іс шаралар, ұжымдық жұмыстар өткізу мысал бола алады.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы -салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу- біздің міндетіміз.

Біз болашаққа қол созып, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал