7


  • Учителю
  • Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойынның маңызы.docx

Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойынның маңызы.docx

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№9 «Еркемай» бөбекжайы МКҚК.





















Баяндама

«Мектепке дейінгі ұйымда

ұлттық ойынның маңызы.»

Дайындаған: тәрбиеші Жиенбаева.Г.С































Орал қаласы, 2016ж

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты:

-балалардың денсаулығын нығайту;

-денені шынықтыру;

-мәдениетін қалыптастыру;

-өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру;

-ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру;

Ойын ойнату мен үйретудің негізгі міндеттері:

-қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;

-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;

-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;

-қызығушылығын қалыптастырып дамыту.

ХХІ - ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық ойындар - қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі - түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.

Ұлттық ойындар - ата - бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.

Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңіл көтермейтін адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кіші де ойын ойнап көңіл көтереді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр жетістіктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмір тамашалаудың көрінісі. Айтпағым, қазақ халқы да ерте заманнан ойын сауықпен көңіл көтеріп, жас ұрпақты ұлттық ойындарға баулып ерекше тәрбиелеген. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Бағзы заманнан бері қарай қазақ ұлттық ұрпақ қамын басты мақсат деп көріп, балаларының нағыз адам болып қалыптасуына аса зор мән беріп келген халық. Содан да болар дәстүрлі бала тәрбиесінің басты бір «құралы» ретінде ұлттық ойындарды орайластырып, дамытып келеді. Қазақ халқының ұлттық ойындарының негізі, оның шығу тегі, көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерден бастау алып жатады. Ұлттық ойындардың көбі мал шаруашылық, аңшылық, жаугершілік өнерлеріне негізделген. Ойындардың басты тәрбиелік мәні болашақ ұрпақтарды ұлттық ойындар арқылы келешек кәсіптерге икемдеу, оған мамандандыру, баулу, тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған айрықша саласы балалар ойындары. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның да даму тарихы, толымды арнасы, әркез қоғамда атқарып келе жатқан қызметі бар.

Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Демек, халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдерінің, шаруашылығы мен кәсбіінің шоғырланған көрінісі балалардың ойын-сауық түрлерінде жатыр десек асыра айтқандық емес.

Қазақ «баланы жастан» дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспіріммен тәрбиелік жұмыстарды ертерек және жас ерекшеліктеріне қарай жүргізуді пайымдады. Ойынсыз ұрпақтың кім екенін, халықтың қандай екенін бағалау екіталай. Адам мен ойын түйіндес, түбірлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемі үнемі және айқын ықпал еткен. Қазақтың ұлттық ойындары достық пен қонақжайлықтың белгісі және көптің басын біріктірудің кепілдігі, ойын барысында балалар ұйымшылдыққа тәрбиеленеді. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау барысында жалғыздық сезім, арам ниет адамды билей алмайды, ойыншылар үнемі ізденісте ұйымщылдықта жреді. Ондағы құдірет-өнерпаздық, өзара түсіністік және келісімге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдіретке тәнті болған, осы құндылыққа жетудің мүмкіндігін арнайы және үнемі іздестірумен әуреленген.

Ойын-баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Соның ішінде мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындарды ойнатудың маңыздылығын атап өту керек. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыруды қолға алдым. Мектепке дейінгі ұйымда балаларға ұлттық ойындарды ойнату арқылы адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа, өнерпаздыққа тәрбиелей отырып, қазақ халқының мәдениеті мен тарихын ұғынуға баға жетпес тәрбие құралы деп білемін. Мектепке дейінгі мекмеде әдістемелік құрал ретінде кеңінен пайдалануға болады. Ұлттық ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланысты дамыған,яғни ойында өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымда әр-түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде пайдалануға болады, соның ішінде дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін мүмкіндіктерін арттыруға болады. Сонымен қатар метепке дейінгі ұйымдағы балалардың бос уақыттарын ұйымдастыруға болады. Өз тәжірибем бойынша мектепке дейінгі ұйымда кеңінен пайдаланып қолданыста жүрген ұлттық ойындар: Көкпар, Теңге ілу, Қыз қуу, Сақина жасыру, Ақ серек, көк серек, Күш сынасу, Соқыр теке, Орамал ілу, Санамақ, Қуыр-қуыр қуырмаш, Хан талапай, Асық ату, Зат жасыру, Ат жарыс, Дауысынан тану т.б ойындарды пайдаланып келемін, ұлттық ойындарды ойнау барысында спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болады. Ұлттық ойын түрлерін қазіргі уақытта әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде пайдаланса, ұлттық тіл өрнектерін пайдалана білсе, қазіргі жеткіншек біле бермейтін ұғым-түсінігін өмірге жанастыра көңіл аудартса сол арқылы танымдық мақсат қойылады деп ойлаймын. Сонымен, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адмгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім-тәрбие білуге назар аударылады. Кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер тіпті мектеп жасына дейінгі балаларда ойын автоматтары, интернет сынды зиян ойындарға әуес болып барады. Біріншіден бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп, екіншіден баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері, белгілі бір жүйеде шектеліп қалады. Ал ата-бабамыздың ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы жалғасып келе жатқан ұлттық ойындар мысалы: асық ойыны-күш жігерді жетілдіріп, дәлділік, мергендікке үйретеді. Қазақ халқының осындай кермет ойындарын білім алу мекемелеріндк кеңінен пайдаланса, дені сау, көкірегі ояу, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелей аламыз деп ойлаймын. Ұлттық ойын-халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ол-балалық шақтың қайталанбас ескерткіші, әр бір тұлғаның, әр бір ұрпақтың кешкен өмірі. Ойыннан бастау алып, ертеңмен сабақтасатын тәлім-тәрбиені бойға қондырып, ойға дарытудың алғашқы машығы. Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден , жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан,өткен өмірімізден хабар алады. Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу.

Сонымен бірге ойын ойнау кезінде бала:

-көңілді болып жақсы демалады;

-денесі қимылдап,бойы сергиді;

-ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.

Осыдан келіп ұлттық ойын туралы мынадай тұжырым жасадым:

-ұлттық ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді,тәрбиелейді;

-ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді;

-ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі;

-эстетикалық тәрбие беру-өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады;

-еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;

-дене күшінің жетілуіне көмектеседі-ұлттық ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық:

1.Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады;

2.Ұлттық ойын баланың тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, сонымен қатар оқу іс-әрекеттерінен алған білімдерін толықтырады.

3.Ойын арқылы баланың ойлау қабілеттері дамиды.

4.Ұлттық ойындар шыдамдылыққа төзімділікке үйретеді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал