7


  • Учителю
  • Урок на тему Тәуелсіз елдің ұланымыз

Урок на тему Тәуелсіз елдің ұланымыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тәуелсіздік, рәміздер туралы түсінік беру; Қазақстанның болашағын өркендететін бүлдіршіндер екеніне көз жеткізу;

Зал мерекеге сай безендірілген. Қолдарына шар ұстаған балалар кіріп келеді.

Жүргізуші: Көрініс: «Тәуелсіздіктің ақ таңы». Кейіпкерлер: әже мен бала.

-Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

Байтақ елім - Қазақстан!

Ең бақытты балалардың таңы.

Қадірлі қонақтар, сүйікті балалар! Бүгінгі салтанатты мерекеміз - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қ.Р. әнұраны орындалсын.

Жүргізуші: Көркейген, гүлденген туған ел,

Тәуелсіздік күні келеді, келе бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы бол, келе бер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз! Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдердің қатарына қосылды. Сол болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер. Сәби күлкісімен, ана мейірімінің сенімі ешқашан бұзылмасын!

Балалардың осы айтулы мерекеге арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігіне дайындап келген Отан туралы, туған жер тақпағын тыңдаңыз, кезек берейік.

1.Диляра

Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігім болып тербеткен

Отаным - Қазақстаным

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы

Ардақты ата мекенім

Отаным - Қазақстаным

2.Ақмоншақ

Менің елім Қазақстан

Бар ғой онда бәрі де

Өзен де бар, көл де бар

Орманда бар, тау да бар

Жайнаған сансыз қаласы

Жайқалған жомарт даласы бар

3.Саламат

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң ұлы Отан

Елім менің тірегім

Құшағың да гүл атам

Қазақстан елім менің

Қазақстан жерім менің

Саған арнап айтылады

Сүйікті әнім менің

Ән: Туған жер

Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап, Тәуелсіздік жолында құрбан болған. Лаззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алып бүгінде әлемге танылды. Осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Өркениетті өмірде қадам басуға Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев аянбай еңбек етуде. Үстіміздегі жылы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» стратегиялық жоспарын айқындап берді. Еліміздің түкпір-түкпірінде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» кең көлемде атап өтілді. (Слайд)

Жүргізуші: Өз жеріме өзім ие болған күн

Тілім таза бостандығын алған күн

Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп

Тарихыма өшпес белгі салған күн

Балалардың тәуелсіздік туралы тағы басқа тақпақтарына кезек берейік.

Көркем:16- желтоқсан Рахман:Мерекеге шығады

Тәуелсіздік алған күн Бүкіл халық біліп қой

Мерекеде ел тоқсан Отандастар ұғады

Шырқатып ән саламын Тәуелсіздік ұлы той

Өзіңдікі елің де Жайнаған сансыз қаласы

Өзіңдікі жерің де Жайқалған жомарт даласы

Өзіңді өзің сездің бе Ол Отан біздің кең байтақ

Тәуелсіздік төрінде Біз Отанның баласы

Ибраһим:Бабамның да арманы Мадина: «Что такое Родина?»

Осы еді ғой аңсаған Спросят вдруг меня

Тәуелсіздік таңдары «Место где родился?»

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма Арай: Детский сад, мои друзья

Бүгін берік ұстадым Тоже Родина моя

Түсті бақыт жолына

Менің Қазақстаным!

Жүргізуші: Тәуелсіздік - 11 әріптен құралған

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан

Он бір әріп не мағына береді?

Ал талдайық, жеткенінше қызыл тіл

Ақбота - Т - білдіреді теңдікті.

Саламат - ә - әдептілік елдікті.

Көркем - у - уайымсыз уақытты.

Ибраһим - е - егемен елдікті.

Мадина - л - адалдыққа лайық.

Диляра - с - сенімділік.

Арай - і - ізеттілік.

Аслан - з - зиялылық.

Моншақ - д - шақырады достыққа.

Рахман - і - ілтипат.

Дана - к - күн боп көктегі.



Бірге: «Жарқырай бер, Қазақстан»

Ән:Туған жердей жер болмас

Ой қозғау:Қазақстан туралы не білеміз? (дұрыс әрі тез сұраққа жауап беру)

  1. Біздің мемлекет қалай аталады?

  2. Елбасымыз кім?

  3. Елордамыз қалай аталады?

  4. Отан, туған-жер туралы мақал-мәтел білесіздер ме\?

  5. Қ.Р. рәміздеріне не жатады.

Жүргізуші: Жарайсыздар балалар сіздер еліміз туралы көп біледі екенсіздер.

Елордасы бар, Елбасы бар, өзінің мемлекеттік рәміздері бар елді қалай атаймыз?

Бірге: ТәуелсізҚазақстан

Жүргізуші: Рәміздер туралы тақпақтарға кезек берейік.

Аслан: Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім - Әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

(Қолдарына Елтаңба, Ту, Әнұран ұстайды.)

Ақбота:Елтаңбасы елімнің Нұрайна:Айнымайды аспаннан

Неткен айбат, әдемі Біздің тудың бояуы

Тұнығындай көңілдің Оны халық қашанда

Ортада аспан әлемі Биікке іліп қояды

Құт, береке-шаңырақ Көк аспанда жас қыран

Орын алған төрден Естілгендей біздің үн

Қанатты қос арғымақ Сол ғарыштың астынан

Екі жақтан көмкерген

Дана: Әнұраны елімнің Әнұраным, жан ұраным

Шақырады бірлікке Айтар әнім, сөйле тілім

Егемендей халқымның Мәңгі бақи шырқалады

Болашағы бірлікте Республика әнұраным

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар біздің туымызда қандай бейнелерді көріп тұрсыңдар.

-Шұғылалы күн, қыран бүркіт, ою-өрнек.

-Туымыздың түсі қандай?

-Көгілдір түс-бейбітшілік белгісі. Ортасында жарқыраған күн. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс. Күн, қыран құс, ұлттық ою-өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс- молшылық белгісі.

Елтаңба-көгілдір түс. Ортада шаңырақ бейнесі, уықтары күн сәулесін елестетеді. Екі жағын ертегідегі пырақтардың қанаттары келтірілген. Маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз. Төменінде «Қазақстан» деген жазуы бар.

Әнұран-балалар ту мен елтаңбаны көзбен көріп, қолмен ұстауға, әнұранды құлақпен тыңдауға бірлесіп айтуға болады.

Ойын: «Өз туыңды тап», «Төл теңгемізді тап», «Басқа әуендердің ішінен әнұранды тап».

Жүргізуші: Балалар еліміздің ашық аспандай көгілдір туымыз, айбынды елтаңбамыз, мағыналы әнұранымыз, төл теңгеміз, құқықтарымызды қорғайтын Ата заңымыз, мемлекеттік тіл-қазақ тіліміз бар.р

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым - Ата заңым қабылданды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік алғалы 24 жыл міне,

Отаным жылдан-жылға көркемде.

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімде бейбіт, тыныш заман болсын.

Ең басты бүгіннен нұрлы,

Бүгіннен кемел болашағы бар.

Осындай бүлдіршіндеріміз аман болсын-дей отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігін аяқтаймыз.





№4тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: ҚМҰҚ

Тақырыбы:Сиқырлы сандар

Мақсаты:Балаларды беске дейін реттік сандарды санау арқылы салыстыра білуге үйрету; 5саны және цифрымен таныстыру. Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: суреттер, көрнекіліктер, сандар геометриялық пішіндер.Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Балалар бір-біріне тілек айтады.

Іздену-ұйымдастырушы

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста қандай ойындар ойнаймыз.

Балалар бүгін біз «Сиқырлы сандар» туралы әңгімелесетін боламыз. (тосын сәт)

Бүгін мен балабақшаға келе жатсам, алдымда бір нәрсені көзім шалып қалды. Оны көтеріп алып келдім. Бір жері қатты, бір жері жұмсақ.

Дауыс шығады:

-Балалар мен көп жыл ұзақ, өмір сүрдім. Осы жылдар бойы көптеген балалармен дос болдым. Олар өте ақылды, мейірімді, әдепті балалар. Мен осындай балалармен дос боламын. Сіздер менімен дос болғыларың келсе, артымдағы жүгім ауырлап кет-ті, менің әрбір тасымда тапсырмалар бар, сол тапсырманы орындасаңдар мен бір жеңілдеп қалар едім.

-Балалар тапсырма орындауға дайындаймыз ба?

1-тапсырма. Бірден беске дейін тура және кері санау. Үш тілде.

2-тапсырма. Пішіндерді ата.





3-тапсырма. «Шыршаны безендір» кеңістікті бағдарлау.











4-тапсырма. Сергіту сәті.





5-тапсырма. Үйшіктің сәйкес кілтін тап.







6-тапсырма. Ауызша есептер шығару.

2 балапан тұр,

2 балапан отыр.

Шатаспай тура санасақ,

Отырғаны тұрғаны қанша болды балапан?



Мысықтан қашқан тышқандар,

Қорқып қашты жан-жаққа.

Біреуі тығылды қорапқа,

Екеуі тығылды артына.

Қашып тығылғаны нешеу?



Үйге келді Мадияр,

Оған қоса Алдияр.

Келді тағы Айдана,

Неше бала келді?

Қыс.

Қар лақтырамыз, аққала жасаймыз, сырғанаймыз





Балалар жақындап қарайды.



Жан-жаққа қарап, дауыс шыққанға таңырқап қарап қалады.











Ия дайынбыз.

Балалар бірінен кейін бірі шығып, санайды.

Үшбұрыш, төртбұрыш, жұлдызша, дөңгелек, сопақша.

Төртбұрыш астына, оң жаққа үшбұрыш, сол жаққа дөңгелек, ортасына сопақша, төбесіне жұлдызшаны қойып шыршаны безендіреді.

Ойынның шарты: екі жаұтан лентаны белгіге дейін орайды.

Үйшіктерге сызық арқылы кілтін табады.













(төрт балапан)











(үш тышқан)









(үш бала)



Рефлексті коррекциялаушы

Қорытындылау

-Балалар, бүгін біз қандай тапсырмалар орындадық?

-Бізге тапсырма берген кім екен? Дауыс шығады:

-Рахмет, сіздерге балалар. Менің тапсырмаларым-ды өте жақсы орындадыңдар. Сіздер әдепті, тәртіп-ті балалар екенсіздер. Сіздерге көңілім толды. Мен бір жеңілдеп қалдым. Мені білгілерің келсе, мен ақыл мен байлықтың ұзақ өмір сүрудің символы - Тасбақамын. (сыйлықтарын үлестіріп береді).



Бірден беске дейін санадық, пішіндерді атадық,шыршаны безендірдік, есеп шығардық.



Тасбақаны көріп, сыйлығын алып, мәз болып қалады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Санауды, пішіндерді атауды, кеңістікті бағдарлауды;

Нені игереді: Логикалық есеп шығаруды.

Нені біледі: Санай біледі, ойнай біледі.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Душатова Ф.















































Балалар залға кіреді, билейді. (слайд)

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Шаттық, бақыт, молшылық әкелсін.

Бәрімізге мына жыл арайлы.

-Армысыздар құрметті ата-аналар, балалар. Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл барлығыңызға бақыт әкелсін! «Айгөлек» тобының «Төрлет, Жаңа жыл» аты мерекелік ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

-Балалар, қараңдаршы, қандай әсем, көрікті шырша. Әдемі моншақтарын тағып алып, сіздерді күтуде. Қане, көрікті шыршамызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.

Дана: Жаңа жылдың жас ұланы, Ибраһим: Жасыл желек жамылған,

Біз шыршаны қарсы алған. Асыл моншақ тағылған.

Тамашаға асығады, Міне сұлу шыршамыз,

Қала, дала ән салған. Көптен күтіп сағынған.



Адиат: Өзгермейсің қыс келсе де, Шапағат: Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Бояуыңды оңдырмайсың. Жаңа жылда жаңа нұр.

Аяз шымшып тістесе де, Жасыл шырша жанында,

Жапырағыңды тоңдырмайсың. Жадырап бір бала жүр.

Ән: «Шырша жыры»



Слайд



Жүргізуші: -Балалар, кімді көріп тұрсыздар. Ия, көңілді күлдірген. Күлдіргенді ортаға шақырайық. (музыкамен Күлдірген билеп келеді).

Күлдірген: -Сәлеметсіз бе, балалар. Жаңа жыл құтты болсын.

Жүргізуші: -Амансың ба, Күлдірген. Біздің мерекенің құтты қонағы бол.

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Би: «Көңілді ойыншықтар».

Ортаға «Чебурашка мен Гена» келеді.

Ч ебурашка: -Мәссаған Гена қарашы қаншама балалар жиналып қалған. Мен осыншама үлкендер мен балалардың көп жиналғанын ешқашан көрген жоқпын.

Гена: -Ал мен көрдім.

Чебурашка: -Балалар, амансыздар ма?

Жүргізуші: -Бұл кім?

Балалар: -Чебурашка.

Гена: -Ал менің атым кім?

Балалар: -Крокодил Гена

Гена: -Мәссаған қандай ақылды балалар.

Жүргізуші:-Сәлеметсіздер ме? Чебурашка, Гена крокодил. Қош келдіңіздер! Бізбен бірге болыңыздар. Ән: Келді міне - Жаңа жыл.

Чебурашка мен Гена ән айтады «День рождения»

Жүргізуші: Балалар Чебурашкамен Генаның әні ұнады ма? Балалар орысша, ағылшынша тақпақтар біледі.

Ақбота: Елочка, елочка, Арай: В гости елка к нам пришла,

Вот она какая. Детям радость принесла.

Стойная, красивая,

Яркая, большая.



Рахман: Елочка, ты елка,

Елка просто диво.

Посмотрите сами,

Как она красива.

Гена: -Жаңа жылдың сәні Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп жатыр?

Жүргізуші: Олай болса, барлығымыз бірге дауыстап шақырып көрейік.

Бірге: Аяз ата, Ақшақар (үш рет), (Аяз ата мен Ақшақар музыкамен келеді)

Аяз ата: -Амансың ба, ұлдарым.

Амансың ба, қыздарым.

Жүргізуші: -Сәлеметсіз бе Аяз ата! Амансыз ба, Ақшақар! Қош келдіңіздер. Сіздер алыс жолдан шаршап келдіңіздер. Балалардың сіздерге арналған Жаңа жылдық тартуларымыз бар, қабыл алыңыздар.

Әділ: Әлде қарлы боранда, Ақмоншақ: Жаңа жылың құтты болсын,

Тау басынан түсті ме? Аяз ата, Ақшақар.

Аяз ата оралды, Жайнап атып келе жатыр,

Ақ тон киіп үстіне. Алдымыздан жаңа жыл.

Ерсұлтан: Аппақ тонға оранып, Нұрасыл: Ақ қырауға малынған,

Базарлықты мол алып. Сақалы да, мұрты да.

Келеді алыс сапардан, Аяз ата сағынған,

Аяз ата оранып. Сәлем берді жұртына.

Гена: Аяз ат, Ақшақар сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Енді біздердің кететін уақытымыз болды. Барған жерімізге Аяз атамен Ақшақарды көрдік деп мақтанып жүреміз (қоштасып шығып кетеді).

Жүргізуші: Бишілерде өнер көп,

Би билейді мәнерлеп.

Бишілер биін көріңдер,

Өнерге баға беріңдер.

Би: Кішкентай балалар, Аяз ата мен Ақшақардың Жаңа жылдық биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: -Айта берсек таусылмас,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Кел оданда балалар,

Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Үскірік аяз»

Шарты: «Мұрын» деген кезде мұрын жасыру керек, «аяқ» дегенде аяқты, «көз» дегенде көзді жасыру керек. Жасыра алмай қалған баланы аяғын үсік шалады.

Жүргізуші: Балалардың таұпағына кезек берейік.

Саламат: Аралайды бақшаны, Нұрайна: Далада қар борайды,

Үзілмейді жақсы әні. Ақ мамыққа орайды.

Гүлденеді бақшалар, Мұз болады қатады,

Жауса,жаусын ақша қар. Жып-жылтыр боп жатады.



Жүргізуші: Әуеледі әніміз, Еркебұлан: Аспан жерге төгеді,

Жаңа кірді сәніміз. Ақ күмісін уыстап.

Ақшақарды ортаға алып, Жаңа жылда келеді,

Би билейік бәріміз. Бізге қарай жылыстап.



Ақшақар: Менде өз өнерімді ала келдім. Қане, менің кішкентай ақшақарларым.

Би: «Ақшақарлар»

Жүргізуші: -О, халайық жараңдар,

Қилы, қилы заман бар.

Қой жылы жылыстап,

Кетіп барады қараңдар.

Бізге жақсылықтарымен толы болған Қой жылын шығарып салайық. Музыкамен Жаңа жыл Мешін келеді.

Жүргізуші:Кұтты болсын Жаңа жыл

Құтты болсын тағы да

Сағынышпен көңілді

Қош келдіңіз ортамызға







Жаңа жыл туралы тақпақтарына кезек берейік.

Көркем: Төрле, төрле Жаңа жыл, Аслан: Аппақ қылып қаланы,

Құтты болсын қадамың. Аппақ қылып даланы.

Тілекке елді жеткізе, Қуандырып баланы,

Есте қалсаң жарадың. Төрлет, төрлет Жаңа жыл.

Мадина: Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құты болсын Жаңа жыл.

Диляра:







Ойын: Ата - анамен «Жаңа жылға тілек».

Ән: «Жаңа жыл келді».

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал