- Учителю
- Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру Бір саны мен цифры
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру Бір саны мен цифры
Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінін технологиялық картасы
</ Мектепалды даярлық тобы
№9 сабақ
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: 1саны мен цифры
Мақсаты: Бір саны және цифрымен таныстыру.
Көп ұғымынан бірді бөліп алу.
Бір цифрын жазуға уйрету.
Қостілдік компонент: бір саны - число один ,көп - много, аз - мало.
Армысың шұғалалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Қуанатын күн бүгін!
Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталап, қимылын орындайды.
Бір - бірімен сәлемдеседі.
Ұйымдастыру - іздестіру
Айда біреу аспанда,
Күнде біреу аспанда.
Тұратұғын елжіреп ,
Бірімізде бір жүрек
Сенбесеңіз қараңыз:
Бір ғана бас,
Бір ауыз.
Кім байқады ,
Кім сезді:
Мықты жандар бір сөзді.
Жалғап тұрған жұртыңды
Бәрімізде бір кіндік.
-
Балалар қандай сан өлеңде қайталанады?
Балалар бізге бүгін бізге
қонаққа құыршақ келіп отыр
-
Оның аты Айша
-
Айшада көп ойыншығы бар екен
-
Ең сүйіктісі аюдын қонжығы екен
-
Айша бізден көмек сұрап келіпті көп ойыншықтың ортасынан қонжығын тауып беру керек және неше қонжық барын анықтау керек
-
Көмектесемізбе?
Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап береді
Қызуғышылық танытады
Айшаға көмек көрсетуге әр - түрлі іс -әрекет жасайды
Рефлексивті -түзетушілік
Ойыншық қанша?
Ал қонжық нешеу?
Айша өте қуанышты сендерге алғысын білдіреді.
Айшамен бірге «Көп-аз, бір» ойынын ойнайық
Балалардың жауаптары
Көп.
Біреу.
Ойын ойнау барысында бір санын
қайталайды
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Көптің арасынан бір затты ажырата білді. Бір санының пайда болуы,өзіндік жұмыстар арқылы ұғымдарының бекітілуі.
Қандай түсініктерді игерді: көп - аз , бірнеше - біреу, мөлшерлеу, салыстыру
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолдарының ұсақ моторикасын дамуы
1 санының алгоритімімен танысты
1 цифрын жазу