7


  • Учителю
  • 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған Аяулы анашым атты ертеңгілік

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған Аяулы анашым атты ертеңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Аяулы анашым»

атты ертеңгілік сценариі



1.Мереке де келіп қалды,

Бізде бәрі дайын ба.

Қазір қыздар келеді;

Сазайымызды береді.

2.Айттым мен сіздерге,

Үлгермейміз қазір деп

Бәріне қыздар кінәлі

Өлең айтып болған

3. Ұлдар,Ұлдар ұрыспаңдар

Әрі өздері де келіп тұр

Көңілдірек қарсы алайық

Біздің қыздар келіп тұр



Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,қонақтар.

Сіздерді бүгінгі халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.

Сіздерге жүздеріңізден мейрімділік,қуаныш кетпесін деп тілеймін.

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Қымбатты біздің аналарға,

Әжелер мен даналарға.

Таңғажайып күнінде

Тақпақ айтыңдар балалар.

1.Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

2.Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу барма екен.

3.Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

4.Аялаған баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен

Айтып бәрін үйреткен,

Аналарға мың алғыс!

5.Менің әжем аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Тәрбиеші: Бала, бала, бала деп түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Аялап қолда толқытқан.

Қаймақты сүтпен қалқытқан.

Суық болса жүрегі

Қорғасындай балқытқан.

Бұл кім балалар?

Балалар: Ана!Ана!Ана!

Ән: Ақ мамам!

Тәрбиеші:Баяғыда бір оқиға болыпты.Бұл әрине біздің күнделікті өмірімізде де жиі кездеседі.Жарайды, оны мен сендерге кейін айтып беремін.

Балалар:Жоқ, жоқ жоқ! Біз қазір білгіміз келеді.

Көрініс:

Жүргізуші:Әкесі газет оқып отырады.Анасы құрбысымен әңгімелесіп жүреді.

Бала: Ана-Ана ішім пысты, маған ертегі оқып берші.

Анасы: Сен маған келгенше,

Барсаңшы әне әкеңе.

Не, кофта сатып алдыңба?

Түсі неткен әдемі

Сондай киім менің де ,

Сатып алғым келіп тұр.

Бала: Ішім пысты тым-ай,

Ішім пысты тым-ай,

Паравозбен ойнайық!

Бала: Әке, отырмағын менімен ойнашы

Әлде мені циркке апаршы.

Әкесі: Балам менің сен тоқта,

Ойнасаңшы ана жақта

Маған мынау газетті,

Оқу керек бір уақытта.

Бар әпкеңмен ойна.

Бала: Әпке-Әпке салып берші бір сурет.

Әпкесі: Мені таныс бір жігіт,

Шақырады киноға.

Мүлде-мүлде уақыт жоқ

Мазамды алмай ары кет.

Бала: Жалғыз өзім қалай ойнаймын?

Менімен ойнайтын адам жоқ.

Жүргізуші:Не отыра алмай, не жата алмай, бала жүр ғой қиналып.Әкесі мен анасы көрсетіңдер оған көмек. Салыңыздар суреттер ,оқыңыздар кітаптар. Өйткені бұл баланың айналысар ісі жоқ.

Жүргізуші: Ал, енді Сәкен өз анасын тапқанша біз бір ойын ойнайық.

Ойын:

Би: Қыздар.

Жүргізуші: Аналарға сұрақтар қою.

Жүргізуші: Сәкен өз анасын тапқанша ортаға шығып тақпақтар айтайық.

Қары еріп даламның

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың

Күндер келді шуақты.

Жүргізуші: ұсындық саған ұстаз, модельер, тағы қандай ана керек?

Бала:Маған ешкім ұнамайды. Бұл өмірде көп ана бар, бірақ менің үшін бір ғана ана бар. Ол Ең сымбатты, Ең қымбатты, өзімнің жан анам!

Анасы:Құлыным, Жаным біз сені жоғалтып жүрміз, сағындық.Қайда жүрсің?

Бала:Мен сізге бір сыр ашамын: Мен сізден артық ана таба алмадым!

Жүргізуші: Анасы баласын осылайша тауып алыпты.

Мен бұл оқиғаның осылай аяқталғанына қуаныштымын.

Бұл мереке тек қана аналарға ғана емес, сонымен қатар әжелерімізге де арналады

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Жүргізуші:Ал, енді құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге талай ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, демекші ортаға «Сағындым әже» әнін қабыл алыңыздар.

Би: Вальс

Жүргізуші: Осымен «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл бөліп тамашалағандарыңыз үшін алғыс айтамыз!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал