- Учителю
- Ашық сабақ Менін отбасым Білім саласы -Қатынас, тіл дамыту.
Ашық сабақ Менін отбасым Білім саласы -Қатынас, тіл дамыту.
«Жұлдыз-ай » Тамды бөбекжай- балабақшасының әдіскері
Ашық сабақ.
Тіл дамыту. Қатынас
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: отбасы мүшелерінің аты- жөнін қазақша айтқыза отырып, сұрақ жауап әдісімен қысқаша сөйлем құрай білуге үйрету. Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: отбасылық суреттер, тақпақтар, жұмбақтар,ойындар.
Әділ-тәсіл: көрсету, сұрақ- жауап, әңгімелеу,ой бөлісу.
Өткізілу формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
-
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
Шаттық шеңбері:
Балабақш, бармысың!
Сені жақсы көремін!
Достарым менің бармысың!
Құшақтасып алайық.
-
Ұйымдастыру -іздестіру.
Тәрбиеші: - Балалар, сендердің әрқайсыңның өздеріне жақын адамдарың бар. Олар сендерді жақсы көреді және сендердің бақытты болуларың үшін барлығын жасайды. Ол сендердің отбасындағы ата -аналармен, бауырларың.
Тәрбиеші: - Балалар енді сендер менің сұрағыма жауап беріңдерші.
-
Отбасы деп кімдерді айтуға болады?(балалардың жауаптары)
-
Отбасыларында неше адам бар? (оларды атандар)
-
Олардың әрқайсысы туралы айтыңдаршы (қайда жұмыс істейді)
Ал енді кім маған ана туралы тақпақтар айтып береді?
Дастан: Мамам, мамам ақ мамам
Мен өзіндей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын,
Жұмсағанда барамын.
С.Адина: Мейірімді, сымбатты,
Қадірменді, қымбатты.
Ең жақын жан балаға.
Кім десеңдер, ол - Ана!
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар, сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсындар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсындар, сергіту сәтін жасайық.
Бас аяқты топ-топ,
Шапалақпен хоп-хоп,
Бір оңға, бір солға
Өз өзіңді айнала.
Тәрбиеші: - Балалар, сендердің ата -әжелерің бар ма? Сендер ата - әжелеріңді сағынған боларсыңдар? Ата- әженің үйіне қонаққа барайық.
Балалар: Иә апай барайық.
Тәрбиеші: Онда ата- әжелеріңе қонаққа барып келейік, үлкен кісілермен амандасып.
Әже: Саламатсыздар ма, балаларым! Үлкенді сыйлап сәлем беріп,келгеңдеріне қуанып қалдым, қарақтарым. Осындай тәртіпті болып өсіңдер!
Мен сендерге бүгін « жеті шелпек» пісіріп қойып едім,ауыз тиіңдер.
Тәрбиеші: Ал ата- әже біздің балалар сіздерге тақпақтар айтып береді.
Ақсезім: Аппақ күміс сақалды
Жақсы көрем атамды.
Шахматтан ол бүгін
Меннен тағы мат алды.
Мерует: Менің әжем әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шәй қайнатып береді
Керек болса бәріне.
Әже: Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.
Ойын: «Жіппен»
Жіпті тарқатып тыстайды, ал екі бала оны жинайды.
Тәрбиеші: Әже рұқсат болса біз қайтайық. Біздің бақшамызға қайтатын уақыт болды.
Әже: Ой, балаларым, сендердің аман- саулық сұрасып келгендеріңе бір шалқайып қалдым, өркендерің өссін! Мерейлерің үстем болсын! Мен сендерге дайындаган сыйлықтарым бар еді келе қойыңдар. (сыйлыө тарады)
Ата: Балаларым мен сендерге батамды берейін.
Мен батамды берейін.
Үстем болсын мерейің.
Хақ қолдасын ісіңді.
Қайда жүрсеңде есен бол!
-Аумин!
Тәрбиеші: Әже- ата сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар! Балалар қоштасады ата-әжемен.
Бас бармақ
Балан үйрек
Ортан терек
Кішкене бөбек
Шылдыр шөмек.
Қуыр-қуыр қуырмаш балапанға бидай шаш.
Тәрбиеші сабақты қорытындылайды. Балалар бүгін біз отбасымыз туралы әңгімелестік. Балалар біз кімге қонаққа бардық айтындарш? Ата- әже бізге не берді? Қандай ойын ойнадық? Сендерге сабақ ұнады ма?
-Біз бүгін отбасында туыстардың, жақын адамдардың бірін-бірі жақсы көретіні, сыйласып, тату болатыны, бір-біріне әрқашанда көмектесіп, қамқор болатыны туралы білдік. Отбасы мүшелері бір- біріне түсіністікпен, сүйіспеншілікпен қараса, барлығы бақытты болып, отбасында татулық орнайды.
Балалар қонақтар мен қоштасайқ.