- Учителю
- Тәуелсіздік ел №9 орта мектеп жанындағы шағын топ Тажигулова Нургул Салауатовна
Тәуелсіздік ел №9 орта мектеп жанындағы шағын топ Тажигулова Нургул Салауатовна
</ Тәуелсіздік ел - тірегі!
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы,
Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ
айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке
балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды
орындайды.
Тәрбиеші:Көк байрағын көтеріп,
Желбіреткен қазақпыз.
Түбі бірге бауырды,
Елжіреткен қазақпыз.
Бостандықты сағынып,
Қолына алған қазақпыз,
Егеменді ел болып,
Жолы болған қазақпыз!
Құрметті балалар! Біз бүгін сендермен салтанатты мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өткелі отырмыз. Еліміз егемендік алып, санамыз қайта жаңғырды. Жаңғырған елдің болашағы мына отырған сендерсіңдер, ел қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер.
Құрметті балалар бүгінгі мерекемізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастайық!
Бекжан:
Туған жерде боламыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан - туған үйіміз,
Оттан - туған еліміз.
Нұрлыаян:
Отан - менің ата- анам,
Отан - досым, бауырым.
Отан - өлкем, астанам,
Отан - туған ауылым.
Айшат:
Отан біздің анамыз,
Әлпештеген, өсірген.
Өмір нәрін аламыз,
Оның жұпар төсінен.
Нурбағыт:
Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.
Айсана:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Медина:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл нұрын сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің мерекеге қонаққа Ер Төстік келіпті, қане амандасайық.
Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай мерекені тойлап отырсыңдар?
Балалар: Тәуелсіздік күнін.
Ер Төстік : Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бақыт, қуаныш әкелсін! Балалар, мен сендерге келе жатсам жолда ағаштың түбінен мына қорапты тауып алдым. Қане, ашып корейікші.Балалар, маған сендердің көмектерің керек, мына хаттағы тапсырмаларды орындау үшін.
Тәрбиеші: Қане, балалар, Ер Төстікке көмектесеміз бе?
Балалар: Көмектесеміз
Тәрбиеші:
Балалар, сендер қайда тұрасыңдар?
Балалар: Астана қаласында
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады
Балалар: Қазақстан
Тәрбиеші: Елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: Ал сендер білесіңдер ме Қазақстан
Республикасының рәміздеріне не жатады ?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран жатады.
Тәрбиеші: Тәуелсіздігімізге неше жыл ?
Балалар: 25 жыл
Ер Төстік : Рахмет, сендерге. Мен сендерге ойын әкелдім. Қазір біз « Оқтау тартысып»ойнаймыз.
Тәрбиеші: Ер Төстік біздің балалардың білімі қалай?
Ер Төстік: Рахмет, балалар! Сендер тәртіпті, білімді екенсіңдер! Менің жол жүретін уақытым болды, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар, сендер еліміздің болашағысыңдар! Тәртіпті, ақылды болыңдар! Осымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған сабағымыз аяқталды. Тәуелсіздігіміз баянды болсын
Тәрбиеші: Тажигулова Н.С.
2016-2017ж