7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Ас адамның арқауы

Тәрбие сағаты Ас адамның арқауы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ас -адамның арқауы

</<b>Мақсаты: 1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету. 2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі
: Нақыл сөздер, ас түрлері

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін біздер «Ас - адамның арқауы» сынып сағатын өткізгелі отырмыз.

І. Қызығушылықты ояту.

Ас дастарханға қалай келеді?

Оқушылардың пікірін тыңдау

ІІ. Мағынаны тану

Нан туралы ақыл - кеңестер.

Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.

Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.

«Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі - нан»

«Ас жүрген жер - береке»

«Дастархан дәмі - киелі»

І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар»

1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

3.Ас үстінен аттама

Астан үлкен емессің

4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды

7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

8.Ертеңгі асты тастама

Кешкі асқа қарама.

9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру - қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу - жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

10.Дастарханнан аттауға болмайды.

11.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

Мұғалім:ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлерді айту

1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той - тамашаға, ас - су беруге жайылады.Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады..Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.Күнделікті отбасының тамақтануында ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата - анаға, үлкенге ұсынады.Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылаты су жылы болуы керек.

Нан туралы тақпақтар

1-оқушы:

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

2-оқушы

Бір кезде болып нанға зар,

Қадірін білген адамдар.

Әулие тұтып нанды ұстап,

«Нан ұрсын» деп қарғанар

Нан ардақты адал ас

Кәрі - жас одан аттамас.

3-оқушы

Нанға үлкен жүрекпен қараңдар

Нанды өмір деп санаңдар

Нан болмаса

Қызығың, бақытың

Құр әуре, далбаса.

4-оқушы

Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Ей, балалар, балалар

Болмаңдар сірә нанға зар

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар.

Мұғалім: Жұмбақтар жасыру

Алға жайып тұз дәмін

Келтіреді үй сәнін

Ол халқымның ақ жаны

Жақсы дәстүр маржаны

Кең пейілде арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)

Беттескен қос табақ

Ортасында бас табақ

Көзбен шоққа ораса,

Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)

Мақал-мәтелдер:

1. Қырман басы - береке

Көп жүрген жер - мереке.

2.Егін ексең - тыңға.

Шықтым дей бер шыңға.

Қоныс көркі - там.

Дастархан көркі - нан.

Нан - тамақтың атасы.

Ынтымақ - көптің батасы.

Тістем наның қадірін

Тарыққанда білерсің.

VІ бөлім. «Ас ішу тәртібі»

1. Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.

Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,

6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы - қарта, жал - жая, қымыз - шұбат, құрт тағы басқалар жатады.

Қорытынды

Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым - тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , - демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің - ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал