7


  • Учителю
  • Тақырыбы: 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Солға, оңға.

Тақырыбы: 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Солға, оңға.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Қараоба орта мектебі























«Айгөлек» шағын орталығы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Таным».

Тақырыбы: 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Солға, оңға.

Бөлімі: ҚМТҚ.













Тәрбиеші: Аскер Март













2015-2016 оқу жылы



Технологиялық карта



Айы күні: 03.05. 16

Білім беру саласы: «Таным».

Тақырыбы: 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Солға, оңға.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Мақсаты: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялық.Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

«Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.

Педагог үстелге 1 -ден 10-ға дейінгі цифрларды қояды. Содан соң балалардың бірін шақырып, бір цифрды алдырады және сол туралы өлеңді оқып беруін сұрайды.





Балалар цифр туралы өлеңді еске түсіреді. Бұл -1 цифры... Бұл -2 цифры... Бұл - 3 цифры... Бұл-4 цифры...

Ұйымдастырушылық - ізденістік

1-тапсырма.

Педагог балаларға суреттерді мұқият қарап шығып, цифрларды сәйкес келетін суретпен қосуды тапсырады.

2-тапсырма. Педагог балаларға суретті көрсетеді және сұрайды:

- Мұнда неше бала бар?

- Неше машина бар?

- Балалардың бәріне машина жете ме?

- Heгe?

- Машиналар мен балалардың саны туралы не айтар едіңдер?

- Балаларға машина жету үшін, неше машинаның суретін салуымыз керек?

3-тапсырма.

Педагог балалардан үй мен жұлдызшаның арасында, қолшатырдың үстінде, жұлдыздың астында, саңырауқұлақтың үстінде не тұрғанын сұрайды.

Педагог суреттерді бояуды ұсынады: жоғарғы оң жақ бұрыштағы суретті сары түспен, төменгі сол жақ бұрыштағысын қызылмен, ал төменгі оң жақ бұрыштағысын көк түспен бояу керек.

Балалар тапсырманы орындайды және

сұрақтарға жауап береді.

Төрт.

Үш.

Жоқ.

Өйткені машинаға қарағанда балалар артық, ал машина балалардан кем.

Бір машинаның суретін саламыз.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды: жұлдызды сарымен, қолшатырды қызылмен, бас киімді көк түспен бояйды.



4-тапсырма.

Педагог балалардың суретін көрсетеді. Бір-біріне өте ұқсас болғанымен, олардың айырмашылығы да бар. Балалар қанша айырмашылық тапса, сонша дөңгелекті бояуы тиіс.

- Сендер мына суреттерден қандай айырмашылықтар таптыңдар?

Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, бес дөңгелек боялуы тиіс.

Балалар

айырмашылықтарын табады: суреттің бірінде күннің суреті бар, екіншісінде жоқ, сол жақтағы баланың жейдесінің қалтасы бар, ал оң жақтағыда жоқ, сол жақтағы баланың шұлығының жолағы бар, оң жақта жоқ, оң жақтағы баланың шалбарында жолақ бар және қасында машина тұр, ал оң жақта олай емес.

Рефлексиялық - түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

- Балалар, сендер бүгін қандай цифрлар туралы тақпақ айттыңдар?

- Суреттердің арасында неше айырмашылық бар екен? Педагог балаларды мадақтайды.

1, 2, 3, 4 цифрлары туралы.

Бес.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды. игереді: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;

меңгереді: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал