7


  • Учителю
  • Сәбилердің бірінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.

Сәбилердің бірінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сәбилердің бірінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.



Жалаушаны әкел ( таяқ арқылы аттап өту ).



Бір топ балаларды ( 4-6 адамды ) жинап алып тәрбиеші оларға жалауша ны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.

Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады. Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. ( Тәрбиеші ритымен қолын соғады немесе бір - елі деп дауыстап тұрады ).

Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.



Жел көбік.

Балалар бір - бірінің қолынан ұстап, жақын - жақын дөңгелекше тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады:

Көпіре гөр көбік - шар,

Көпіре бер кеңіп шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: « Жел көбік жарылды » деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен: « Тарс етті » - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.



Допты кәрзеңкеге түсір ( Дәл көзде ).



Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір - бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады. Егер бала межені дәл көздемесе, онда допты жерден көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады. Ойын қайтадан басталады. Ойында бір мезгілде 8-10 бала қатысады.



Доп шеңберде.



Балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір - біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді.

  1. баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.

Сәбилердің екінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.



Өз түсіңді тап.



Балалар үш - төрт жалаушалар алады. Біріншісі - жасыл, екіншісі - көк, үшіншісі - сары жалауша алады да 4-6 адамнан бөлменің бұрыштарында топталады. Әр бұрыштағы тұғырдың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалаушалар қояды.

Тәрбиешінің: « Қыдыруға барыңдар », деген сигналы бойынша балалар топтанып немесе жеке - жеке алаңды аралап кетеді. « Өз түсіңді тап » - деген жаңа сигнал бойынша балалар өздерінің лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.





Қараторғай ұялары.



Алаңда дөңгелек шеңбер сызылады: ойнаушылардың санынан біреуі кем болады. Бұл - торғай ұялары.

Барлық балалар - қаратоғай. Олар алаңда емін - еркін жүгіріп - ұшып жүреді. « Үйге қайтыңдар » деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.

Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде ( балалар әлі жүгіріп жүрген кезде ) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.





Допты домалат.



Балаларға әр түрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана шарлар беріледі де, оларды балалардан онша қашық емес жерге орналастырылған жалаушаларға дейін домалатып жеткізуді ұсынады. Тәрбиеші допты жақсы домалатып жеткізген балаларды атап өтеді, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан кейін тәрбиеші оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады.















Естияр тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.

Ормандағы аюда...



Алаңның бір шетімен сызық жүргізіледі. Бұл орманның шеті. Сызықтың арғы сыртынан екі - үш қадам жерде аюдың жататын жері сызылып белгіленеді. Алаңның қарсы жақ шетінде сызықпен балалардың үйі белгіленеді.

Тәрбиеші ойнаушы балалардың біреуін аю етіп тағайындайды. Қалған ойыншылар - балалар: олар үйлерінде отырады.

Тәрбиеші: « Серуендеп келіңдер » дейді. Балалар орманның шетіне барып, саңырауқұлақ басқа да жеміс - жидек теріп жүріп, істеп жрген тірлігіне ұқсас қимылдар жасайды, сөйтіп, мынадай өлең айтады:

Аю жүрген орманнан,

Жидек тердім сол маңнан.

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп.

Ойыншы балалар « гүрілдеп » деген кезде аю гүрілдеп тұрады да үйлеріне қарай қашады. Аю оларды ұстағысы келеді. Ұстағандарын аю өзіне алып кетеді. Балалар қайтадан саңырауқұлақ, жеміс - жидек тере бастайды.

Аю екі - үш баланы ұстағаннан кейін, қайтадан жаңа аю белгіленеді немесе жаңадан таңдалады.





Ұшақтар.



Балалар алаңның әр жерінде 3-4 жалаушалармен белгіленген колонамен тұрады. Ойнаушылар ұяшықтарды бейнелейді. Олар ұшуға әзірленеді.

Тәрбиешінің: « Ұшуға әзірленіңдер! » деген сигналы бойынша балалар қолдарымен қимыл жасап, маторды іске қоқан болады. Педагог: « Ұшыңдар » - дейді. Балалар қолдарын екі жаққа жазып, алаңды жан - жаққа бытырап, ұшып жүреді.

Тәрбиешінің: « отырыңдар » деген сигналы бойынша ұшақтар өз орындарын тауып, жерге қалады: балалар колонкаға тұрып, бір тізерлеп отырады. Тәрбиеші қай калонаның тез сапқа тұрғанын атап өтеді. Алғашқы кезде колоннаның бастаушысы етіп екпіндірек балаларды белгілеу керек.













Ересек тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.



Біз көңілді балалармыз.



Балалар алаңның немесе бөлме қабырғасының бір жағында тұрады. Олардың алдынан сызық сызылады. Балалардың жанынан шамамен екі сызық аралығында тәрбиеші белгіленген немесе балалар тағайындаған ұстаушы тұрады.

Біз көңілді балалар

Жүгіріп, ойнап барамыз

Қуып жетіп қараңыз

Бір, екі, үш - ал ұста !

Балалар « Ұста » деген сөзден кейін алаңның екінші жағына жүгіреді, ал ұстаушы оларды қуады. Ең алдымен ойнаушы сызықты аттағанша, ұстаушы оны ұстап алса, ол ұсталған болып есептерді де, ұстаушылардың қасында отырды.

Екі - үш жүгірістен кейін ұсталған баланың неше рет ұсталғанын есептеп шығарады да, жаңа ұстамас да, бәрі бір жаңа ұстаушы сайланады. Тәрбиеші баланың тексті мәнерлемей, оны анықтап айтуын қадағалайды.







Жіппен секіру.



Екі бала жуан жіпті, бауды немесе ұзын секіргішті арқанды ұстап тұрады: біреуі - бір шетін, екіншісі - екінші шетін ұстайды. Олар оны жайлап әрі бір қалыпты балалардың тұрған жағына қарай айналдыра бастайды, ал олар кезекпен жіппен оған тиіп кетпей, секіруге тырысады. Тиіп кеткені жіпті айналдырып тұрған баланың біреуін ауыстырады.

Ойында балаларға белгілі бір тапсырмалар беріледі.

Мысалы: « Кім 5-10 рет қатесіз жіптен секіреді ? » деген, беруге болады.





Жүгіріп өтуге үлгер.



Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын ұстап, оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады. Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде, жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет. Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады, ол әрбір жүргізушіге « Жүгір ! » деген сигнал береді.

Әрі қарай жіптің қимылын балалардың өздері бақылап, жіп жоғары көтерілгенде, жүгіріп өтуге тырысулары қажет.





Мектепке даярлық тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.



Ұстаушы лентаны ал.



Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады, ұстаушыны таңдап алады. Ұстаушыдан басқасы түсті материалдан немесе лентадан кесілген бір тілкемді аладыда, оны арқа сыртымен немесе жанымен айналдыра байлайды.

Ұстаушы шеңбердің ортасында тұрады. Тәрбиешінің « Жүгір !» деген сигналы бойынша балалар бет - бетімен алаңға кетеді. Ұстаушы ойнаушылардың соңынан жүгіріп, біреуінің лентасын суырып алуға тырысады. Лентасынан айырылғандары уақытша бір жаққа шығып тұрады.

Тәрбиешінің: « Бір, екі, үш тездете шеңберге жүгір! » деген сигналы бойынша балалар шеңбер құрып тұрады. Ұстаушы алынған ленталардың санын есептеп оны балаларға қайтып береді. Ойын жаңадан ұстаушы тағайындалатынымен қайталанады.







Күн мен түн.



Ойынға қатысушылар екі командаға: « Күн » және « Түн » болып бөлінеді. Ортадан тағы бір сызық жүргізіледі. Одан бір қадам қашықтықта екі жағынан да бір - біріне арқасын беріп командалар сапқа тұрды.

Тәрбиеші: « Дайындалыңдар! » - дейді де, содан кейін ұстауға тиісті командаға сигнал береді. Егер ол « Күн » десе онда « Түн » командасының балалары өздерінің үйлеріне қарай жүгіреді, ал « Түн » десе онда « Күн » командасының балалары бұрылады да, оларды ұстайды, бірақ тек үйдің шегіне дейін қашып жүргендерін ұстайды.

Ұстағандардың саны есептеліп шығарылады да, содан соң бәрі қайтадан қатарға тұрып, келесі сигналды күтеді. Ойын 4-6 рет қайталанады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал