7


  • Учителю
  • Шуақты күн психологиялық тренинг

Шуақты күн психологиялық тренинг

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Педагогтарға арналған психологиялық

«Шуақты күн» тренингі

Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту, педагогтар арасында жағымды ахуал туғызу, сенімділікке, сабырлылыққа шақырып, ой-өрісін дамыту.



«Сәлемдесу» ойыны.

Қатысушылар әр түрлі ұлттың сәлем салуымен амандасады.



«Жалғастыр» жаттығуы

Нұсқау: Ақ қағазды алып, өзіңізге ұнаған түсті қарындашты таңдаңыз. Мен қалай белгі бергенде сурет салуды бастап, келесі белгі бергенде тоқтатып, қағазды сол жақ көршіңізге бересіз, ол жалғастырады. Осылай өз суретіңіз өзіңізге келгенше жалғастыра бересіз.

Қорытынды: Сізге шыққан сурет ұнады ма? Өз көңіл-күйіңізді, сезіміңізді бөлісіңіз. Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болды ма? Байқадыңызба біз әрқашан да бір-бірімізді толық түсіне бермейді екенбіз, осындай жағдайларда да жағымды көңіл-күйде қалуға болады екен.



«Идеалды ана мен бала» тапсырмасы

Қатысушылар алдарындағы қағазға идеалды ана мен баланың қандай болатынын жазып, оларды өздерімен салыстырады.





«Атомдар мен молекулалар» ойыны

Жүргізуші атомдар дегенде қатысушылар тез-тез жыбырлап тарап кетеді, ал молекулалар дегенде олар 2-3 адамнан бір-біріне қосылады.

«Армандар» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Барлығы көзін жұмып, өз тілегіне құлақ түре отырып, келешек өмірін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жандарын көз алдына елестетуге тырысады. 1-2 мин. Уақыт беріледі. Келешекте өзін көз алдына қалай елестететіні туралы айтып беру немесе қағаз бетіне түсіру.

«Жүрек жылуы» жаттығуы.

Қатысушылар осы тренингте алған әсерлерін ортаға салып, өз жылы лебіз, тілектерін жазып іледі







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал