- Учителю
- Ыдыстағы жеміс-жидектер. Жапсыру (аппликация)
Ыдыстағы жеміс-жидектер. Жапсыру (аппликация)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Сәби» тобы 19.10.2016 жыл
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Ыдыстағы жеміс-жидектер.
Мақсаты: жеміс-жидектер туралы түсініктерін нақтылау ыдысқа жеміс-жидектерді дұрыс орналастыра білуді үйрету ұқыпты жұмыс істеуге, жұмысты мұқият орындауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш.
Сөздік жұмысы: жеміс-жидектер.
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.
Ұйымдастыру-ізденістік
-Балалар , күздің бізге берер сыйы қандай?
Сөздік жұмыс; жеміс-жидектер.
-Күз мезгілі екенін біз қайдан білеміз?
Қандай жеміс-жидектерді білесіндер?
-Алманың түсі қандай болады?
- Пішіні қандай?
-Құлпынайдындың көлемі қандай?
-Бүгін аналарына жеміс-жидек сыйлағыларын келе ме?
-Сендердің аналарында әдемі жеміс-жидек салуға арналған тәрелкелер және жаңа ғана бақтан әкелінген жеміс-жидектер тұр.
-Ендеше, балалар ,біз сол жеміс-жидектерді тәрелкеге орналастырайық. Мұқият қарап алындар, тәрелкеге жеміс-жидектерді бірінен кейін бірін әдемілеп жапсырамыз.
Сергіту сәті.
Қолыма алдым бір алма.
Салдым оны аузыма.
Тағы алып құлпынай.
Жеп қоямын тосылмай.
Тәрбиеші іс-әрекет барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.
-Күз айы бізге өте мол сыйлық береді.
Қайталайды;жеміс-жидектер.
-Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі
.Жаңбыр жауады.
-Алма,алмұрт, банан, құлпынай, өрік, таңқурай.
-Қызыл ,сары жасыл болады .
-Дөңгелек.
Құлпынайдыңкөлемі кішкентай.
-Иә, сыйлағымыз келеді.
Балалар тәрелкеге, жеміс-жидектерге қарайды.
Тәрбиешінін айтқанын мұқият тыңдайды.Тапсырманы тәрбиешінін айтқаны бойынша орындайды.
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып, қимыл - козғалыстар жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар, оқу іс-әрекеті барысында нені жапсырдық?
-Тәрелкелерінде қандай жеміс-жидектер бар ?
-Бүгінгі жасаған жұмысымыз сендерге ұнады ма?
</<font face="Calibri, serif">Осы жасаған жемістерінді аналарына сыйласандар болады. Тәрбиеші балаларды мадақтау.
-Жеміс-жидектер жапсырдық.
-Алма, құлпынай,алмұрт, банан, өрік.
-Иә. Жеміс -жидектердіжапсыру ұнады.
Балалар қуанды.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жеміс - жидектерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;
түсінеді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, жеміс атауларын; жеміс-жидектердің бір-бірінен айырмашылығын;
қолданады: аппликация іс-әрекеті арқылы жеміс-жидектерді жапсыруды.