- Учителю
- Статья на тему: Жолдастарына күлкінді сыйла
Статья на тему: Жолдастарына күлкінді сыйла
Әлібекова Гүлмира Сүлейменқызы
«МҚКК - № 3»
Тәрбиеші, 2 санат.
«Жолдастарына күлкінді сыйла»
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім -адамзаттың хас жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл-Фараби
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал баланың қасиеттерін, танымдық үрдістерін және қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік - балалардың қарым-қатынас саласы болып табылатыны әйгілі.
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.
С.И.Ожегов сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеумет-танулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Мысалы, Л.П.Буева іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, М.С.Каган қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрылым мен атрибутына тән деп қарастырады, М.В.Соковин дамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара сіңу және өзара әсер ретінде қарастырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық тренинг жаттығулар арқылы дамытып, қалыптастыруға болады. Әлеуметтік - психологиялық тренингтің өзара әрекеттесі және оқытушы мен оқушылар арасындағы үрдісінің нәтижесінде бірлескен пікірлестік танымдық іс - әрекет қалыптасатындығын С.М.Жақыпов көрсеткен. Ғалым мұндағы қарым - қатынас құрылымының аса иілгіштігі мен динамикалығын тұлғалар ерекшелігімен байланыстырады. Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігін бірлескен пікірлестік, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуымен анықталады.
Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнесін қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өзін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері балаларды әлеуметтік ортада басқалармен тіл табысып өмір сүру тәжірибесін қалыптастырудың ең тиімді жолы екені дәлелденген. Сондықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оқушылардың оң мінезін тәрбиелеуге ашық-жарқындығын қалыптастыруға, басқаларға ұнамды болу жолдарын үйретуге кеңінен тәрбиелеу.
Ойындардын картотекасы:
Тәрбиеші: менде бүгін сондай жақсы көніл күй, мен өз күлкімді
көршіме сыйлаймын (педагог жанында түрған балаға жымыяды сол бала
шенбер бойынша күлкіні әр қарай ,басқа балаға сыйлайды.)
«менім жолдасым»
- Армысын күннін көзі!
Армысын жер ана!
Армысын жақын досым!
Бір бірімізге өз күлкімізді сыйлаймыз!
«Гүл шоғы»
Он жаққа сол жаққа бұрыламыз, және әдемі гүл шоғына айналамыз, кімге осы гүл шоғын сыйлайсын?
«"Бұдан да тағы жылдамырақ бола ма?" 15 минут.
Жаттығудың мақсаты: аз уакыт ішінде топ есімдерін есте сақтау.
1. Топ мүшелері көздерін жұмып ақырындап жүре бастайды (бip-бipiнің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, итеріспей мұқият болуларын қадағалау). Топ жақсы араласқан соң "тоқта!" дейміз.
2. Бәpi көздерін жұмып тұрады. Ciз ойынды бастайсыз, бip ойыншының eciмін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, бipeyгe қолын тигізіп, оның eciмін атайды. Ойынға тартылмай және барлығының eciмi аталмай қалмауын қадағалаңыз. Eндi топқа уақытты белгілеп қойғаныңызды, белгіленген уақыттан да жылдам ойнауын сұраңыз. Ол үшін ойыншыларға мынадай кеңес беріңіз: Eciмi аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл - оның eciмi аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын барысында есімдер қайталана бермейді. 0йынның әр кезеңінен кейін қортынды жасаңыз. Осы кезеңге ойыншыларға қанша уақыт қажет болғанын айтыңыз, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырыңыз, рекордтық мерзімін айтыңыз. Нұсқау. Ойыншының бipeyi басқасының eciмін атаған соң, оның қолын алу керек. Әpi қарай олар үшінші, төртінші және т.с.с. ойыншылар қосылады. Мұның артықшылығы eciмi аталмағандар бipдeн көзге түседі. Ойыншылардың бәpi қол алысқаннан кейін ғана ойын бі
«Айгүл бүгін балабақшаға өзінің ең әдемі қуыршағын алып келген екен»
Тренинг жүргізуші алдын ала Айгүлдің өзіне ғана, кім сұраса да, қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырады. Ол үшін Айгүл балалрды әрқйсысының өтінішіне нақты, тура жауап беруі керек.
Ал балаларға жүргізуші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі түсінуге, тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, иландыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді