7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Желбіре, Жеңіс жалауы' 2014ж

Тәрбие сағаты 'Желбіре, Жеңіс жалауы' 2014ж

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы
Тәрбиеші: Бүгін жеңіс күні -адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері 67 бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.

Тоғжан: Алақай -ай! Әйгілі!
Тоғызыншы май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының

Адиль: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Айбек: Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді, алақай!
Тоя жейтін нан болып

Дәурен: Әлем бізді ұққан күн
Жауды ініне тыққан күн
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн

Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

Ән: «Солдат болам мен ертең»

Тақпақтар:
Аружан: Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай баламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын


Айару: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын -ер боламын!


Жансая: Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін!

Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
-Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, Н. Әбдіров т.б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер -азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Тәрбиеші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың біртуар ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал -мәтелдер қалдырған.

Шахназ: Отанда -опасызға орын жоқ
Ерназ: Ерлік -бірлікте емес жүректе
Райымбек: Ерлік -тәрбиеден туады
Диана: Үлкенді ізетте
Кішіні күзетте көр

Тәрбиеші: Балалар жер шары балаларының тілегі не?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар бір -бірімен тату, дос болсын!
- Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне би ұсынамыз.

Би: «Батырлар биі»

Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге - дей отырып келесі өлең жырларына берейін.


Ақерке: Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын

Жанали: Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс -құт!
Бекзат: Жер бетінде тыныштық
Баянды бақыт адамға
Орнатуға далаға
Сәбилік таза көңілмен
Ант етеміз!



Тәрбиеші: Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! -деп бгінгі сабағымызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындап сабағымызды аяқтаймыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»


«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ

«Балдәурен» шағын орталық тобы


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы»






Тәрбиешілері: Ибраева А.М.









2014-2015ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал