- Учителю
- Мектепалды даярлық сыныбына дидактикалық матеиалдар
Мектепалды даярлық сыныбына дидактикалық матеиалдар
Дидактикалық ойын «Сөзді аяқта»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру.Сөздік қорларын молайту.Дыбыстарды дұрыс,анық айтуға үйрету.Сөйлемді толық айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Мазмұнды суреттер
Ойын шарты:
Бастаушы бір сөз айтады,балалар жалғасын тез ойлап табуы керек.
Мысалы: Далада .............(қар жауып тұр)
Балалар.............(шанамен ойнап жүр)
Адамдар ...........(жылы киінген).......
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Ретімен қой»
Мақсаты: Балалардың ақыл - ой қабілеттерін дамыту.Реттік санау және реттік санды атап «Қайсы?»,«Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.
Көрнекіліктер: Ойыншықтар (күшік,аю,қоян .......)
Ойын шарты:
Бастаушы ойыншықтарды ретімен қойып , балаларға сұрақ қою.
- Қоян нешінші тұр?
-Күшік нешінші тұр?
-Қайсы екінші тұр?
Ойыншықтарды ретімен қойып ,оларды санау.
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Қарлы сөздер»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Қыс мезгілі ерекшеліктерін айту.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің суреттері.
Ойын шарты:
Бастаушы сөйлемді өзі бастап береді:
-Қар қандай? (суық,ақ,жеңіл.....)
-Қар неге ұқсайды? (мақта,қант,балмұздақ......)
-Қарлы сөздерді ата? (аққала, жел, қырау, боран........)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Қай мезгілде киеміз?»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілетін дамыту. Киімдерді атау,жыл мезгіліне сәйкес қуыршақты киіндіру.
Көрнекіліктер: Қуыршақ және қуыршақ киімдері.
Ойын шарты:
Бастаушы балаларға сұрақ қою .
- Ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің ?
(Көйлек,шалбар,тон,құлақшын,жейде,бәтіңке,етік,пальто т.б)
- Киімдерді киген кезде қалай киюіміз керек? (ұқыпты,таза.....)
- Киімді қайдан аламыз ? (дүкеннен, анамыз тігеді ......)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Аққала»
Мақсаты: Балалардың ес,ой,қиялын дамыту.Дөңгелек пішіндерді құрастырып аққала жасауға үйрету.
Көрнекіліктер: Аққала.
Ойын шарты:
Балаларға дөңгелек пішіндерді тарату. Балалардан сұрау:
- Балалар аққаланы неден жасайды ? (қардан)
- Аққала қандай пішіндерден құралған ? (дөңгелектерден)
- Түсі қандай ? (ақ түсті)
- Мұрны неден жасалған ? (сәбізден,сәбіз үшбұрышқа ұқсайды)
- Қолында не бар ? (сыпырғыш)
- Басында бас киімі неден ? (шелек)
- Дөңгелектердің көлемі қандай ? (үлкен,ортаншы,кішкентай)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдерін атау,ажыратуға үйрету.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілінің суреттері.
Ойын шарты:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады ? (күн суытады,қар жауады......)
- Көктемде не болады ? (қар ериді,күн жылынады,құстар ұшып келеді.......)
- Жазда адамдар қалай киінеді ? (жазда адамдар жеңіл киінеді....)
- Күз мезгілі сендерге несімен ұнайды ? (көкөністер,жемістерді жинайды ......)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Бұл не?»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Аяқ киімдерді жыл мезгіліне сәйкес таңдау,атау.
Көрнекіліктер: Аяқ киім суреттері.
Ойын шарты:
Жыл мезгілдеріне сәйкес аяқ киімдер шығарылады.
- Балалар аяқ киім не үшін керек ?
- Аяқ киімді кім тігеді ?
- Бұл не? (Пиманы қыста киеді)
- Бұл не ? (Етікті күзде киеді)
- Бұл не ? (Бәтіңкені көктемде киеді)
- Бұл не ? (Сандалды жазда киеді) т.б
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Бұл кім? Бұл не?»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Балалардың зейіндерін дамыту.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, әртүрлі заттардың суреттері.
Ойын шарты:
Бастаушы суреттерді көрсете отырып ,сұрақ қою арқылы ,жауап беру.
- Бұл не ? (кесе, ойыншық, аю, үстел, орындық)
- Бұл кім? (ата, әже, ана, әке, іні)
- Онымен не істейді?
- Кім не істеп жатыр?
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Керісінше айт »
Мақсаты: Балалардың сөздерді тез ойлап, керісінше айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Суреттер.
Ойын шарты:
Балалар қазір мен суретті көрсетемін ,сендер оны керісінше айтасыңдар.
- Тарелка жайпақ, ал құмыраның мойны .........(тар)
- Ертегі басында түлкі мен тырна дос, ал соңында.........(қас)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Домалайды, домаламайды»
Мақсаты: Балалардың ақыл ой қабілеттерін дамыту. Заттардың пішінін анықтау.
Көрнекіліктер: Әртүрлі суреттер, ойыншықтар, заттар.
Ойын шарты:
Бастаушы ойынды түсіндіру: Егер аталған зат домаласа қол шапалақтайсыңдар ,егер домаламаса аяқтарыңды топылдатасыңдар.
- Доп (қол шапалақтау)
- Текше (аяқ топылдату)
- Кітап (аяқ топылдату)
- Қарбыз (қол шапалақтау)
- Қарындаш (аяқ топылдату)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Жолдан өте аламыз ба ?»
Мақсаты: Балалардың жол ережелерін сақтауды үйрету.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол белгілері, көліктер.
Ойын шарты:
Бастаушы суреттер көрсетіп балалардан сұрау. Көшелерден бағдаршамға қарап жолдан қалай өтулерін сұрақ арқылы сұрау.
- Көшедегі қимыл - қозғалысты реттеу не үшін қажет деп ойлайсыңдар ?
- Жолда жүру тәртібі не үшін қажет ?
- Қызыл шам жанса адамдар не істейді ? (тоқтайды)
- Жасыл шам жанса адамдар не істейді ? (жүреді)
- Сары шам жанса адамдар не істейді ? (дайындалады)
Көшеде жүргенде міндетті түрде жолда жүру ережесін сақтау қажет.
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Көліктің иелерін тап»
Мақсаты: Балаларға көлік түрлерін атау, көліктің иелерін атау және ажырату.
Көрнекіліктер: Көліктің суреттері және олардың иелері.
Ойын шарты:
- Адамға көлік не үшін қажет ? Қандай көлік түрлері бар ?
Балалар суреттерді қарап көліктің түрлерін атайды әуе ,жер,су көліктерін атау.
- Өрт сөндіргіш машинасын кім жүргізеді ? (Өрт сөндіруші)
- Полиция машинасы кім жүргізеді ? (полиция)
- Ұшақты кім жүргізеді ? (Ұшқыш)
- Поезды кім жүргізеді ? (теміржолшы)
- Кемені кім жүргізеді ? (матрос)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Сөзді аяқта»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Мамандық иелерінің еңбегі және мамандық түрлерін ажырату.
Көрнекіліктер: Мамандық иелерінің суреттері.
Ойын шарты:
Бастаушы ойынды түсіндіру: Мамандық иелерінің суреттерін қарап ,немен айналасатынын айту.
- Құрылысшы не істейді ? (үй салады)
- Дәрігер не істейді ? (адамдарды емдейді)
- Шаштаразшы не істейді ? (шашты сәндейді,қияды)
- Мұғалім не істейді ? (балаларды оқытады)
- Тігінші не істейді ? (киімдер тігеді)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Кімге не керек ?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, байланыстырып сөйлеуге төселдіру. Әр мамандық иесіне қажетті заттарды атау.
Көрнекіліктер: Заттар.
Ойын шарты:
Алдын ала әзірлеп қойылған заттарды ,суреттегі мамандық иелерінің қасына қоюы керек.Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып,көп нәрсені үйрену қажет. Білімді болу керек.Осындай мамандықтың жұмысын үлкен кісілер атқарып жатыр. Ол кісілердің еңбегін бағалап құрметтеуіміз керек.
- Дәрігерге......(дәрі,градусник,кеуде тыңдауыш......)
- Аспазшыға......(кастрөл,ожау,қасық....)
- Мұғалімге........(кітап,қалам,дәптер.....)
- Құрылысшыға......(қалақ,кірпіш.....)
- Тігіншіге......(ине,жіп,қайшы.......)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Гүлдер құрастыру»
Мақсаты: Балаларға гүлдің бөліктерін құрастыруға үйрету. Ойын арқылы зейін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Әртүрлі гүлдер суреттері.
Ойын шарты:
Бастаушы ойынды түсіндіру: Гүлді бөліктерін құрастыру.
- Гүлдің құрылысын ата ? (жапырағы,сабағы,гүлі,тұқымы)
- Қандай гүлді білесің ? (Раушан,қызғалдақ,түймедақ,қалампыр,қазтамақ.......)
- Гүлді қалай күтесің ?
- Гүлдер дала,бақша,бөлме гүлдері болып бөлінеді.
- Гүлдерді салыстыру. (гүлі,жапырағы)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Қай бөлмеде, қандай зат тұрады?»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын байыту. Сұраққа толық жауап беруге үйрету.
Көрнекіліктер: Топтағы заттар.
Ойын шарты:
Бастаушы ойынды түсіндіру: Бөлмедегі заттарды атау,не үшін қолданатынын әңгімелеу.
- Аю қайда тұр ? (топта, диванда)
- Текшелер қайда тұр ? (топта, сөреде)
- Керует қай бөлмеде ? (жататын бөлмеде)
- Орамалдар қайда тұр ? (жуынатын бөлмеде)
- Қабылдау бөлмесінде не бар ? (шкафтар, гүл, қуыршақ)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Ұшады, жүзеді, жүреді »
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Көлік түрлерін атау және қимыл қозғалыспен көрсету.
Көрнекіліктер: Көлік суреттері.
Ойын шарты:
Балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (ұшақ,автобус,жеңіл машина,кеме,мотоцикл т.б)
Балалар көлік түрлерін қимылмен көрсетіңдер.
Орнымыздан тұрамыз
Қанатымызды жаямыз.
Ұшақ болып ұшамыз
Суда жүйткіп жүземіз,
Кемелерді түземіз.
Жол тәртібін сақтап ,
Троллейбусқа мінеміз.(қимылмен көрсету)
- Ұшақ .........(ұшады)
- Машина.......(жүреді)
- Кеме.......(жүзеді)
- Зымыран......(ұшады)
- Поезд.......(жүреді)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Қапшықтан неше ойыншық алдың ?»
Мақсаты: Балалардың ақыл ой қабілеттерін дамыту. Ойыншықтарды санай білуге жаттықтыру.
Көрнекіліктер: Ойыншықтар.
Ойын шарты:
Тәрбиеші балаға қапшықтан ойыншық алуын ұсыну. Ойыншықты сипаттау түсі,пішінін атау.
- Доп дөңгелек,сары түсті.
- Текше пішіні шаршы,қызыл түсті.
- Аю қоңыр түсті,кішкентай.
- Қоян ақ түсті,көлемі орташа.
- Пирамида түрлі түсті,орташа.
Барлық ойыншықтарды санау.
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Ананың алақаны қандай?»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту.Тіл байлығын,ой - өрісін,сөйлеу қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Суреттер.
Ойын шарты:
Мен сөз айтамын,сендер сөздерге сөз қосып сөйлемді аяқтаңдар.
- Менің анамның алақаны.......(жылы)
- Менің анамның алақаны.......(мейірімді)
- Менің анамның алақаны.......(ыстық)
- Менің анамның алақаны.......(әдемі)
- Менің анамның алақаны.......(нәзік)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Көктемде»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту.Тіл байлығын,ой - өрісін,сөйлеу қабілетін дамыту.Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атау.
Көрнекіліктер: Суреттер.
Ойын шарты:
Мен сөз айтамын,сендер сөздерге сөз қосып сөйлемді аяқтаңдар.
- Көктемде далада...........(қар ериді,құстар ұшып келеді,гүлдер шығады...)
- Көктемгі..........(бақ,шуақ,күн)
- Көктемгі мерекелер.........(сегізінші наурыз,наурыз мерекесі,достық мерекесі,жеңіс мерекесі)
- Көктемде жануарлар.......(төлдейді,өріске шығады)
- Көктемде күн ұзарып........(түн қысқарады)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Жабайы аңдар »
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Тілбайлығын, ой - өрісін, сөйлеу қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері.
Ойын шарты:
- Балалар қандай жабайы аңдарды білесіңдер ?
- Жабайы аңдар қайда тұрады ?
Жабайы аңның суретін көрсетіп ,оларды сипаттау.
- Аю қандай,нені жақсы көреді ?(аю үлкен,қоңыр,балды жақсы көреді)
- Қоян қандай,нені жақсы көреді ?(қоян ақ,сәбізді жақсы көреді)
- Қасқыр қандай ? (қасқыр түсі сұр,аш)
- Түлкі қандай ? (түлкі сарғыш,түлкі қу)
- Арыстан қандай ? (арыстан үлкен,айбарлы,аңдар патшасы)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Доп лақтыру»
Мақсаты: Балаларға тәулік бөліктері туралы түсініктерін бекіту.(таңертең,күндіз,кеш,түн,бүгін,ертең,кеше)
Көрнекіліктер: Уақыт бөліктерінің суреттері,доп.
Ойын шарты:
Балаларға допты лақтырып, қағып алып сұрақ қою. Берілген сұрақтарға балалар жауап береді.
- Сен балабақшаға қай уақытта келдің ? (таңертең)
- Қашан серуенге шықтың ? (күндіз)
- Балабақшадан қай уақытта үйге қайттың ? (кешке)
- Бүгін не істедің ?
- Кеше не істедің ?
- Қашан ойнайсың ?
- Ертең қайда барасың ?
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Бұл қай кезде болады ? »
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдерін атау және ажырату. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атау.
Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреті.
Ойын шарты:
Балаларға жыл мезгілдерінің суретін көрсету және сұрақтар қою.
- Бұл қай кезде болады ? (жылы,шөп гүл)
- Жазда күн қандай ?
- Жеміс жидектерді қай уақытта жинайды ?
- Көктемде қандай өзгерістер болады ?
- Бұл қай кезде болады ? (қар, суық, аяз, қыс)
- Бұл қай кезде болады ? (жаңбыр, суық, күз)
- Бұл қай кезде болады ? (жаз,жапырақ, күн ыстық,өзен,көл)
Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Төлін тап»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту.Тіл байлығын, ой - өрісін, сөйлеу қабілетін дамыту. Үй жануарларының төлін табуға, атауға және ажыратуға үйрету.
Көрнекіліктер: Үй жануарлары,олардың төлдерінің суреті.
Ойын шарты:
- Балалар үй жануарларын атаңдар ?
- Үй жануарлары қайда тұрады ?
Үй жануарларының суретін көрсетіп ,оларды сипаттау.
- Сиырдың төлі - бұзау.
- Қойдың төлі - қозы.
- Жылқының төлі - құлын.
- Ешкінің төлі - лақ.
- Түйенің төлі - бота.
Ойын осылай жалғаса береді.